Өзге ұлттар қазақтарға алғыс айтуы тиіс - Назарбаев
Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясыннда Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын ризашылық күнін атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.
Мемлекет басшысының ойынша, ол күнді Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күні - 1 наурызда атап өтуге болады. "Басқа күнге де белгілеу керек. Оны жыл сайын ризашылық күні, өзге этностардың бір-біріне, қазақтарға алғыс білдіретін мереке ретінде атап өтуге болады. Кезінде қазақтар ол адамдарға қайырымдылық жасап, туған туысқандай қабылдаған жоқ па? Кеңес одағы тұсында күштеп көшірілген ұлттарға қазақтар пана болып, қолдау берді, көмек көрсетті. Осының арқасында қиын қыстау заманға қарамастан, жер ауып келген азаматтар аман қалды. Сөз жоқ, сол кезде республикада тұрған басқа ұлт өкілдері де өз көмегін аямады. Сол себепті ризашылық күнін енгізсек, ол қазақстандықтардың арасындағы ізгілік, достық пен махаббаттың жарқын мейрамы болатын еді", - дейді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, соңғы халық санағына сәйкес, Қазақстанда 125 ұлт пен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде ең көп: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндықтар, ұйғырлар, татарлар мен немістер.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу