«Өрлеу» ұлттық педагогтердің біліктілігін арттыру орталығы құрылды

Кеше Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өз жұмысын бастаған жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы барысында білім және ғылым   министрі Б.Жұмағұлов «елімізде   педагогтердің біліктілігін жетілдірудің  қолданыстағы  жүйесі  жаңғыртылуда» деп мәлім етті.
Елордадағы Назарбаев зияткерлік мек­те­бінің жанындағы педагогикалық ше­берлік орталығында педагогтердің білік­тілігін жетілдіру курсы ашылды. Бі­рінші кешен педагогикалық шеберлік орта­лығы мен осы орталықтың Назарбаев зият­­керлік мектеп­терінің базаларында ашы­лып отырған фи­лиалдары болып та­бы­лады. «Келешекте ол жерлерде отан­дық және шетелдік тәжірибе­лерді еліміздің бар­лық мектептеріне таратуға қабілетті бі­лікті де білімді педагогтердің үлкен әле­уеті шоғырланатын болады», – деді бі­лім және ғылым министрі өз сөзінде. Екін­ші кешен – жаңадан құрылып отырған пе­дагогтердің біліктілігін жетілдірудің «Өр­­леу» ұлттық орталығы. Бұл орталық Бі­­лім беру жүйесінің басшы және ғылыми-пе­да­гогикалық кадрларының біліктілігін же­тіл­діруші республикалық институт пен об­лыс­тар мен Астана және Алматы қа­ла­ла­­­рында педа­гог­тердің біліктіліктерін жетіл­дірумен ай­налы­сатын 16 институттың басын қосады. Бұл кешендер корпоратив­тік басқарудың, әлемдік тәжірибе мен На­зарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибелерін, әдістемелерін таратудың жаңа бірыңғай базасы негізінде жұмыс істейтін болады деп жоспарлануда. «Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұлт мүм­кіндігі. Сондықтан да біздің балала­ры­мыз­дың сапалы білім алуы маңызды. Ақылды эко­номиканы ақылды адамдар жасауы ке­рек, ал олардың тәрбиесінде педагогтердің алатын алатын орны ерекше», – деп атап өткен министрдің сөзіне қа­рағанда, курс ба­­рысында мұғалімдер дү­ниежүзілік тә­жірибе ескерілген жаңа тех­нология мен әді­с­темені танып-біледі. «Бі­ліктілік арттыру курстарын табысты аяқ­таған әрі сәйкестік деңгейі сертификатына ие бол­ған ұстаз­дар­дың жалақысын көтеру мә­селесі де көз­деледі. Үшінші деңгей серти­фикатына ие бол­ған мұғалім өзінің жала­қысына 30 па­йыз үстемеақы алатын болады. Екінші дең­гей сертификатының иегері – 70, ал бірінші дең­гей сертификатын алған мұғалім 100 па­йыз жалақысына үстемақы алады», – де­ді Б.Жұмағұлов. Оның айтуын­ша, педа­гог­тердің біліктілігін арттыру жүйесін жаң­ғыртып, қайта іске қосуға арналған бесжылдық жоба еліміздің 120 мыңнан астам педагогін оқумен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл оқытушылар корпусының шамамен жар­тысына тең. Айта кетейік, Астанамен бірге біліктілік арттыру курстарын тікелей транс­ляция арқылы Семей, Көкшетау, Өс­ке­мен, Талдықорған, Павлодар, Тараз, Шым­­­кент, Ақтөбе қалалары да бастады. Іс-шараға мыңнан астам мұғалім қа­тыс­ты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста