Н.Назарбаев: "Халық үшін баспана барынша қолжетімді болады"

Н.Назарбаев: "Халық үшін баспана барынша қолжетімді болады"

Елбасы тұрғын-үй жүйесін жеңілдетуді тапсырды. Бұл – «Нұрлы жол - жаңа экономикалық саясат» атты жаңа Жолдаудың бесінші тармағы.
Президент алдымен жалдамалы тұрғын-үй құрылысына қатысты талаптарды қайта қарап шығуды тапсырды. «Қазір бізде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, ипотека және жалдамалы баспана бар. Бізге бұл мәселеге басқаша қарау қажет. Енді, мемлекет әлеуметтік санаттағы жалдамалы тұрғын үйді салады да, оны халыққа ұзақ мерзімге береді. Жалға алған пәтерді артынан сатып алуға мүмкіндік бар. Бүгінгі жүйе қыруар қаражатты қажет етеді. Бастапқы сомманы жинау қажет. Оған қоса, банктер 20 пайызға дейін тым жоғары мөлшерлеме белгілейді. Халық оның барлығын төлей алмай жатады. Бұрынғы бағдарламалар қалады. Ал жаңа бағдарламаны біз жас отбасылар және баспанаға зәру азаматтар үшін жасап отырмыз. Оның аясында пәтерлер делдалсыз әрі төмен пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Бәлкім, қызмет көрсеткені үшін 1-2 пайыз қоямыз. Оны да көреміз. Жалпы, алғашқы жарнаның болмауы және төмен пайыздар халық үшін баспананы барынша қолжетімді етеді», - дейді Президент.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста