Менің кеш үйленуімнің себебі серіліктен емес, жұмысқа көңіл бөлуімнен болды

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Нұртай мырза, бәрін бизнестен бас­тадыңыз ғой, сатып кеткен дос­та­рыңыз болды ма?
– Бизнесте де, өмірде де достарым, жа­­қын­дарым ешқашан да сатқан жоқ. Әри­не, түсінбеушілік болды, кемшіліктер кетті. Бірақ оның бәріне уақыт төреші бол­ды. Дегенмен де өмір болғаннан ке­йін маған қатысты шындыққа сай кел­мей­тін мәліметтер таратып, қадір-қа­сие­тіме нұқсан келтіргендер де кез­дес­ті. Ол адамдар да артынан өз қа­те­лік­те­рін мойындап, кешірім сұраған.
– Егер сізге ауыр сын айтылып жатса қабылдайсыз ба?
– Қазақта «сын түзелмей, мін тү­зел­мейді» дейді ғой. Сондықтан орын­ды сын-пікірді дұрыс қабылдай­мын. Сын-пі­кір адамды тәртіпке, шын­шыл­дыққа, қо­ғам алдындағы жауапкер­ші­лікке ша­қы­рады. Одан қорытынды жа­сауға ты­ры­самын. «Дос жылатып ай­тады, дұш­пан күлдіріп айтады» деген ата­лы сөзді де ұмыт­пауымыз керек.  
– Алғашқы жалақыңызға не са­тып алған едіңіз?
– Жалпы, менің еңбек еткеніме биыл 30 жыл болады. Алғашқы еңбек жо­л­ым­­ды 17 жасымда комсомол-жастар бри­­­­га­­­дас­ында бастадым, сондағы ал­ғаш­қы жа­ла­қым­ды әке-шешеме апарып бер­­генім есімде. Ал қолыма диплом алып, ма­ман­ды­ғым бойынша еңбек ету­­­ді 1988 жыл­дың қазан айында Ал­ма­­­ты элек­­тро­тех­ни­ка за­уы­тын­да эко­­но­мист ретінде баста­ған­да ал­ғаш­қы жа­ла­қым­­­ды өзім­нің қа­же­­ті­­ме жа­­рат­­тым. Ең қы­­зығы, ол кезде ең­бек­а­қым­нан бой­дақ са­­лы­­ғы ұсталатын.
– Сол бойдақ салығынан құтылуға асықпапсыз. Сымбатты жігіт бола тұра неге кеш үйлендіңіз ?     
– Мен 31 жасымда үйлендім, біреуге кеш, бі­реуге уақтылы шығар. Әркімнің өз жолы, маңдайына жазылғаны бар ғой. Әскерге барып, жоғары оқу орнын бі­тіргенде 26 жаста едім. Баспанам болмады. Үйсіз жүріп үйленгім келмеді. Тоғыз жылдай жатақханада тұрдым, 30 жасымда жұмыстан несие алып, екі бөл­мелі пәтер сатып алдым. Содан өмірлік се­рігім Нұрсәулені жолықтырып, отбасы құр­дық. Екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр­мыз.
– Дегенмен серілік құрып, көп уақытыңызды бойдақтықпен өткізіп алдыңыз ғой.     
– Серілік құрғаным жоқ, жұмыс іс­тедім, ағайын-туыстарға көмектестім, өкі­нетіндей де жағдай жоқ. Қазір бәрі дұ­рыс қой.
– Туған-туыстар жиі келіп тұра ма, оған жұбайыңыздың көзқарасы қа­лай?
– Қазақ болғаннан кейін қонақжайлы болу қанымызға сіңген ғой. Туған-туыс­тар жиі келіп тұрады, өзіміз де қонаққа ба­рып тұрамыз. Өмір болғаннан кейін туыс­пен де, доспен де, әріптестеріммен де араласып тұру адамдық қарым-қа­ты­нас деп есептеймін. Әсіресе, қара­па­йым­дылықты ұстануымыз керек. Ер-аза­маттың қонақтарға деген көзқарасы кө­біне жұбайына байланысты болады емес пе?! Бұл орайда жұбайымның қо­нақ­тарға қабақ шытқаны болған емес.
– Хоббиіңіз не, онымен тұрақты түрде айналысып тұрасыз ба?
– Хобби дегенде сүйікті ісіңді айтуға болады немесе шұғылданатын спорт түрін келтіруге болады. Мен қыс ай­ла­рында Шымбұлаққа барып шаңғы теп­кен­ді ұна­тамын. Бірақ қазір уақыт бол­май жүр. Ал жаз айларында Алакөлдің суына шомылып, бойымды сергіткенді жөн көремін. Тарихи деректерге қызы­ға­тыным бар. Бұрын бухгалтер, аудитор бо­лып жұмыс істегеннен кейін газеттерде жарияланып тұратын қаржы ұйым­да­рының, банктердің бухгалтерлік  ба­ланс­тарын да оқып, танысып отырамын. Олар­ға өзімше талдау жасаймын. Мен үшін бұл да бір қызық іс. Ал спорт түрінен ең қы­зы­ғатыным – бокс.       
– Теледидар арқылы сіздің ән айтқаныңызды байқап қалған едік. Басқа қандай қасиеттеріңіз бар?  
– Таза өнер жолында болмасам да, кейде ән айтып, аздап домбыра тарта­тыным бар. «Нағыз қазақ қазақ емес, на­ғыз қазақ – домбыра» дейді ғой. Бұл – ұлттық дәстүріміздің жалғасы. Бала­ла­ры­­мызды да домбырада күй шертуге тәр­­биелеп келеміз. Қазақтың қара дом­бы­расында ойнайтын бала ертең өз елін, ұлттық болмысын ешқашан ұмыт­пай­тын патриот болып өсетініне кәміл се­­немін. Адамның ең бір асыл қасиеті адам­­гершілік қой, осыны қоғамда әрбір адам жоғалтпау керек.   
– Сіз туралы біраз кітап шыққан еді. Бұл бір кездегі сайлауалды нау­қан­дағы саяси технология ма, әлде сіз­дің тұлға ретінде қалыптасуыңыз ба?      
– Иә, мен туралы «Намыс найзағайы» (1996 ж.), «Нұртай» (2001 ж.), «Ша­па­ғат» (2004 ж.), «Парыз» (2008 ж.) «Ел аманаты» (2008 ж.)  атты кітаптар жа­зы­лып, жарық көрген. Алғашқы «Намыс най­­за­ға­йы» кі­та­бы Жел­то­қ­сан оқи­ға­сы­на ар­налса, «Нұртай» мен «Шапағат» ат­ты кітаптарға баспасөз беттерінде жа­рық көрген сұхбаттар мен мақалалар жи­нақ­­талған. Ал «Парыз» бен «Ел ама­на­ты» атты кітаптар менің депутаттық қыз­­ме­­тім­ді, сол кездегі ой-пікір сұх­бат­та­рымды қам­тиды. Мен бухгалтер бол­ған­нан ке­йін бе, өзіме қатысты жазба дү­ниелердің, ай­тылған сөздерім мен пі­кір­лерімнің жинақы болғанын қа­лай­мын. Оның үстіне, ертеңгі күні өзіңнің өмір жолыңды ба­ға­лауға, қандай шар­уа­­лар атқар­ғаныңды саралауға көмегі бо­лар деген ой­мен жарық көрген кі­тап­тар.  
– Әң­гімеңізге рақмет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста