Майдангерге – марапат

 

«Менің атам – майдангер». Бұл сөз Жеңістің 65 жылдығына орай өткізілетін кезекті шараларда әлдебіреулердің әсерсіз айтатын сөздерінен мүлде бөлек. Бұл – тәп-тәтті немересінің соғысқа қатысқан атасының таудай ерлігіне мақтанып тұрып айтатын арқалы сөзі. Дәл осындай тақырыппен елордалық «Астана ақшамы» газеті редакциясының ұжымы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай қаладағы мектеп оқушылары арасында шығарма жазу жарысын ұйымдастырған болатын.

Кеше Есілдің сол жағалауына орналасқан №17 орта мектепте аталған бәйгенің қорытындысы жарияланды. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен салтанатты іс-шараға қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина, Сейілбек Усин бастаған Ұлы Отан және Ауған соғысының ардагерлері, оқытушы-оқушылар қатысты. Ауқымды бәйгенің нәтижесі бойынша 45 оқушыға алғысхат табыс етілді. Патриоттық шараға бастауыш сынып оқушылары да белсене қатысыпты. Бәрі де аталарының ерлігі мен өнегелі өмірін өз мүмкіндіктерінше өміршең бейнелеуге тырысқан. Конкурстың бас жүлдесін көрнекті ғалым Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің 11 «ә»-сынып оқушысы Нұрбек Бөрітегі иеленді. «Атына заты сай еді» деп аталатын шығармасы топ жарған Нұрбек газет ұжымының жүлдеге тіккен теледидарын иеленді. Қалған екі 2-орын, үш 3-орын иегерлеріне де ұялы телефон мен алғысхат жазылған мақтау қағаздары табысталды. Оқушылардың шығармасына қазылық жасаған комиссияның төрағасы, «Астана ақшамы» газеті редакторының бірінші орынбасары Талғат Батырхан бәйгеге келіп түскен шығармалардың көп болғанын, оқушылардың шын жүрегімен жазған балдырған шығармаларын сараптау оңай болмағанын айтады. Десе де, оқушылар мен белсенді қатысқан мектептердің еңбегі еленіп, тиісті марапаттар жасалды. Сондай-ақ «Астана ақшамы» газеті басылымға ұзақ уақыттан бері үзбей мақала жариялап жүрген ардагерлерге «Құрметті тілші» куәлігін де табыс етті. Бір ерекшелігі, жарысқа қатысқан барлық оқушылардың жүрекжарды туындылары «Менің атам – майдангер» деген атаумен шағын кітапшаға топтастырылып, жарық көріпті. Кітаптың баспа бетін көруіне Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының жанынан құрылған «Зерде» инновациялық орталығы демеушілік көрсеткен. Жиналған жұрт, әсіресе ардагерлер осындай игі шараның бұдан ары да жалғасын таба беруіне тілектестік білдірді.

Амантай ШӘРІП, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы:
– «Ата көрген оқ жонар» демекші, ерлік жасаған қарттардың ұрпақтары да өз аталарының ерлігін кеудеге сақтап өсуі тиіс. Бәйгенің басты ерекшелігі – жас буынға өз қолымен шығарма жаздыру арқылы тарихи ерлікті оларға шынайы сезіндіре білу. Біздің мақсатымыз – оқушыларды марапаттай отырып, патриоттық сезімге баулу, сол арқылы өзге де өскелең ұрпақтың көкірек көзін ашу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста