Күй атасы Құрманғазының ескерткіші ашылды

Мансұр ХАМИТ (фото)

Спортшыларға ақ батасын бергеннен кейін Елбасы күй атасы Құрманғазыға арналған ескерткішті ашты. Ұлы композитор, дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші елордадағы Тұран даңғылының бойында «Думан» қонақүй кешенінің аумағында орнатылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі 10 метрді құрайды. Тұғыры – 5,5 м, биіктігі – 4,5 м. Авторы – мүсінші Асан Молдабаев.
«Қазақ халқы барда Құрманғазының аты да мәңгі өшпейді. Біз бүгінгі күні тағы да бір маңызды оқиғаның куәгері болып отырмыз, ол – халық композиторы Құр­ман­ғазы ескерткішінің ашылуы. Компо­зи­тор­дың «Сарыарқа» күйі біз бүгін Астананы салған, сол арқылы бүкіл әлемге танылған далаға арналады. Құрманғазы Сағыр­байұлы – ХІХ ғасырдағы қазақ тарихын, мәдениетін және бүкіл халықты күйге қосып жырлаған ерекше тұлға. Сондықтан да халқымыз Құрманғазының күйін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жадында мәңгі сақтап келеді», – деді салтанатты шара барысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші өзі жерленген Ресейдің Астрахань облысында орнатылғанын, сол ескерткіш қайта жаңғыртылып, онда арнайы мұражай ашылғанын атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста