Иран – АҚШ соғысы Орталық Азияға не береді?

Иран – АҚШ соғысы Орталық Азияға не береді?

Соңғы кездері АҚШ – Иран соғысының сценарийі жөнінде көп айтыла бастады. Сарапшылар қауымы қарсыласушы тараптардың бұл мәселені қарудың күшіне сүйеніп шешпек болып жатқанын жиі қайталайды. Бұл жағдай тек Иран үшін емес, Таяу Шығыс елдерінің қай-қайсысына болса да оңай тиейін деп тұрған жоқ. Таяу Шығыс аймағын былай қойғанда, әлемдік экономиканы есеңгіретіп жіберуінің ықтималдығы жоғары. Яғни ядролық қару дауынан басталған жанжалдың бір ұшы Орталық Азияға да келіп жетуі мүмкін.
Кез келген соғыстың өзге елдерге ті­ке­лей және жанама әсері бола алады. Иран – АҚШ, Израиль соғысының Қазақстанға тікелей әсері болмайды. Себебі құрлық шекарасында көрші болып отырған ел емеспіз. Қашқындар мен босқындар «шар­бақ­тың» сыртынан сығалап, мазамызды ала қоймас. Бұған дейін Ресей әкімшілігі «Иран – АҚШ соғысы орын алған жағдайда Қырғызстандағы «Манас» әуебазасы сол мақсатта іске қосылады деп алаңдаушылық танытқан болатын. Алайда артынша АҚШ әкімшілігі «Манастың» мақсаты – тек Ауған­стан» екенін мәлімдеді. Алайда бұл соғыстың жанама әсері де еліміз үшін оңай болмайын деп тұр.
Бұл соғыс әлемдік экономиканы есеңгіретеді
Қазір «АҚШ-тың Иранға басып кіруі біз үшін қай жағынан болса да тиімді» деп сенетін қазақстандық сарапшылар бар. Олар­дың ойынша, «Израиль мен АҚШ Иранды нысанаға алса, бұл әлемдік мұнай бағасының шарықтауына әкеледі, сәйке­сін­ше қазақстандық шикізатқа сұраныс ар­тады». Алайда бұл пікірді толықтай те­ріске шығаратын мамандар да жетерлік. ҚЗСИ сарапшысы Болат Әуелбайдың ай­туын­ша, Иран – АҚШ соғысының сценарийі әлемнің барлық елдеріне, олардың эконо­ми­калық сипатына әсер етеді. Шикізат экс­порт­тайтын елдер де, импорттайтын елдер де, тіпті өзімен-өзі болып, шалғайда жат­қан елдер де бұл соғыстың ауырт­па­шы­лы­ғын сезінеді. Себебі қазіргі әлемнің эко­но­микасы бір-біріне барынша тәуелді желіге айналып кеткен. 2008 жылы АҚШ-та басталып, әлемді қамтыған қаржы дағ­да­рысы да соның бір дәлелі бола алады.
Ал Иран соғысы әлемдік экономиканың қа­лыпты жүйесіне тікелей әсер ететін бір­неше фактор бар. Біріншіден, Иран елі гео­графиялық тұрғыдан өте маңызды жерде орналасқан. Бұған дейін Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад: «АҚШ немесе Из­раиль Иранға қатысты санкцияларын жал­ғас­тыра беретін болса, біз Ормуз бұғазын жауып тастаймыз», – деп мәлімдеген бо­ла­тын. Ал АҚШ-тың әскери теңіз күштері мұ­­ны әскери жолмен шеше аламыз деп сен­­дірді. Қысқасы, әлдебір әскери қақ­ты­ғыс пайда бола қалған жағдайда, ең алды­мен осы Ормуз бұғазынан басталайын деп тұр.
Ормуз бұғазы Оман шығанағы мен Пар­сы шығанағын байланыстырып жатқан Иран, Араб әмірлігі, Оман анклавы ел­де­ріне тиесілі. Соңғы деректерге сүйенсек, әлемдегі теңізбен тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдерінің 40 пайызы, ал жал­пы мұнай тасымалының бестен бір бөлігі осы Ормуз бұғазынан өтеді.
Соғыстың салдары әлемді аштыққа ұрындыруы мүмкін
Демек, Иран маңындағы қандай да бір әскери қақтығыс әлемге энергетикалық дағ­дарыс алып келеді. Бұл соғыстың сал­да­рын ойша ғана елестетіп көретін болсақ, Ор­муздан Парсы шығанағына өтетін мұ­найдың барлығы болмаса да, 20 пайызы ғана жолынан адасатын болса, кәрі құрлық энергетикалық дағдарыс кешеді. Энер­ге­ти­калық қуат көздері бағаларының шарық­тауы есебінен әлемдік әуе қатынасы қиын­дап, мүмкін тоқтап та қалады. Асыра айт­қандық емес. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрынғы мұнай баррелінің бағасы алғаш рет 110 долларға жеткенде әлемнің көптеген ірі компаниясы тасымал ба­ғасын шарықтатып жатса, кейбір ұсақ ком­паниялар жұмысын мүлде тоқтатқан бо­латын. Әуе қатынасын былай қойғанда, Еу­ро­падағы қарапайым қоғамдық көлік­тер­дің де бағасы қарапайым халықтың қал­тасын қағатындай көрсеткішке жеткен болатын. Немесе 70-жылдары орын алған бес күндік Араб – Израиль соғысын алайық. Сауд Арабиясының мұнай экс­портын, 5 пайызын ғана қысқартуының се­бебінен бүкіл Еуропада энергетикалық дағдарыс басталып кеткен болатын. Ал енді Иран-АҚШ соғысы орын алған жағ­дай­да мұнай бағасы барреліне 200 дол­лар­дан жоғары болып кететіні – сөзсіз құ­былыс. Яғни әлемде бұрын-соңды болған энер­гетикалық дағдарыс басталады. Қа­зіргі әлемді тіршілікке жан бітіруші энер­ге­тикалық қуат көздерінсіз елестету қиын. Еуропа, АҚШ, көрші Қытай елінің энер­ге­ти­калық қуатқа тәуелділігі ерекше көр­сет­кішке жеткен. Қытайдағы энергетикалық дағ­дарыс жұмыссыздықты тудырады, жұмыс­сыздық аштықты тудырады. Сон­дық­тан Қытай билігі мұндайға жол бере ал­майды. Әскери жолмен болса да Иран­ның экономикалық мүддесін қорғауға мәж­бүр.
Иран талқандалса, қазақстандық шикізатқа сұраныс пайда бола ма?
Екіншіден, отандық сарапшылардың «мұнай тапшылығы пайда болса, қазақ­стан­дық мұнайға деген сұраныс артады, екін­шіден, мұнайымыздың бағасы қым­баттап, қазынамызға артық ақша түседі» де­ген пікірі де орынсыз екені анық. Өйткені мұнай саудасы қажетіңді алып кете беретін базар немесе кәдімгі дүкен сияқты емес. Алдымен сол тасымалды жүзеге асыратын жолдар жөнге келтірілуі керек. Теңіз жол, көлік қатынасы, құбырлардың арнасы ке­ңеюі керек. Дәл қазіргі жағдайда Қазақ­станның бұл саладағы өткізгіштік қабілеті төмен. Тіпті Еуропа елдері «мұнайыңды қан­дай бағамен болса да аламыз, қанша болса да, әкеле ғой» деген күннің өзінде шикізат өндірісінің көлемін арттыру, оны та­сымалдайтын құбырлар мен көлік қаты­на­сын реттеу мәселесі бір-екі күнде жол­ға қойылатын іс емес, жылдарға созы­лады. Ал оған дейін энергетикалық дағ­дарыс кешіп отырған Еуропаның «ауруы асқынып, әлем­ге тарап кететіні» – айдан анық құбылыс. Жалпы, АҚШ пен кәрі құр­лық елдерінің кез келгенінде осындай сын сағаттарға арнал­ған энергетикалық қор бо­латыны белгілі: кәдімгі үлкен цистер­на­лар­ға құйылған мұ­най. Алайда сол энер­гетикалық қорларды түбіне дейін сарқып құй­сақ та, бір-екі ай­дан артық уақытқа жет­пейді. Ал Иран мен АҚШ соғысы – сал­дары сан жылға созы­ла­тын нәрсе. Тіпті негізгі әскери опера­ция­ның өзі бір айға созылды деген күннің өзін­де салдары одан әлдеқайда ұзаққа ке­те­ді.
Тіпті қазақстандық мұнай өндірісін да­мы­тып жіберіп, оны шетелге, кәрі құрлыққа тасы­малдаудың жолдарын жандандырып жі­бер­­ген күннің өзінде одан түскен деваль­ва­цияланған қыруар ақшаға әлеуметтік жағ­дайымызды оңалта қоймаспыз. Яғни Иран – АҚШ соғысының сценарийі қай ел­ге болса да, оның ішінде Орталық Азия ел­де­ріне де оңай тимес еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста