Имамды депутаттар тағайындағаны дұрыс па?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Имамдарды депутаттар тағайындауы тиіс. Кеше ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов осындай мәселенің шетін шығарды. Камал Бұрхановтың бұл пікірі қаншалықты негізді? Депутаттардың еліміздегі 2 мыңнан астам мешіттің имамдарын түгелге дерлік тағайындауға мүмкіндігі жеткілікті ме? Зайырлылық заңдылығына сүйеніп, «дін саясаттан бөлінген» деп жатамыз. Бұл қадам саясаттың діни мәселелерге тұмсық тыға бастағанының көрінісі емес пе? Санада дөңбекшіген сансыз сұраққа «Алаш айнасы» жауап іздейді.
Депутат бұл бастаманы әлемнің бірқатар елдерінде тәжірибеден өткен Конкордат жүйесіне сүйене отырып көтерген болатын. Оның пікірінше, біз Конкордат жүйесін қабылдасақ, діни мәселеге қатысты бірқатар күрмеулі мәселелерді шеше алады екенбіз. Мәселен, мемлекет имамдарды өздері тағайындап отырса, жалпыға ортақ біркелкі бағдарлама, біркелкі тұжырымдама, біркелкі стратегия, біркелкі тактика енгізуге болады-мыс.  
Бұл жүйе Еуропа елдерінде енгізілген кезде ешкім де қарсы болмаған. Мысалы, Франция мен Италия осы жүйе арқылы діни мәселелерді шешіп отыр. Мәжілісмендердің айтуына қарағанда, қазірдің өзінде Франция мен Италияға қарата ешкім «демократиялық құндылықтар аяқ асты еттіңдер» деп жатқан жоқ.
Депутаттардың бұлай шырылдауының да негізі бар. Себебі, қазір еліміздегі 2 мыңнан астам мешіт облыс орталықтарынан шалғай елдімекендерде, ауылдарда орналасқан. Олардың материалдық қажеттілігін өтеп беру, сақтап қалу ісі оңай болып тұрған жоқ. Мұндай істерге мемлекеттің көмегі қажет. Тек бұл жолы сол көмек мәселесі мен имамдар тағайындау жайы да қатар айтылып қалып отыр.  
Досай, Кенжетай, дінтанушы:
– Біз зайырлы мемлекетпіз. Имам дегеніміз – діни лидер. Ал, Парламенттегі депутаттар бұқарамыз сайлаған – халықтың өкілдері. Десек те, бұл мәселе зайырлылығымызға нұқсан келтірмейді ме? Конституциямыздағы құндылықтарға көлеңкесін түсірмей ме? Алдымен, осы сұрақтарға нақты жауап беріп алуымыз керек. Біріншіден, Парламентте отырған депутаттардың діни имамдарды тағайындау арқылы діни мәселелерді қолына алуы аса құптай қоярлық жаңалық емес. Екіншіден, діни жағын алалық. Дін тарихына қарасаңыз ешуақытта имамдарды депутаттар немесе билер тағайындағаны туралы дерек табылмайды. Керісінше, ол тарихта діни басқаруды мемлекет тарапынан жүйелейтін түрлі механизмдер бар. Үшіншіден, «Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы» – қоғамдық ұйым. Сол ҮЕҰ-ның құзырындағы мәселенің тізгінін мемлекеттің қолына не себепті беруге тиіспіз? Егер де осы сұрақтарға нақты жауап беріліп, зайырлылық және демократиялық құндылыққа нұқсан келмейтіндей болса ғана бұл мәселені қозғауға болады деп ойлаймын.
Дінтанушы Досай Кенжетай егер де депутаттар тарапы имамдарды тағайындайтын болса, нендей өзгеріс болатынына да тоқталды. Ол өз сөзінде: «Қазақтың бір қызық мінезі бар. Мүфти Әбсаттар Дербесәлі болып тұрғанда «имамдардың дені оңтүстіктікі» деп жататын-ды. Ал қазір бұқара өзара «имамдардың көбі шығыс өңірлердің азаматтары болып барады» деп жатыр. Егер имамдарды депутаттар таңдаса, осы жершілдік індетіне қатысты алып-қашпа әңгімелер тиылып, имамдыққа жергілікті жердің азаматтары тағайындалар еді» деді.   
Ахмет Алияз, «Қазақстан Zaman» газетінің директоры:
– Дін мәселесін тек осы саланың мамандары шешуі қажет. Біріншіден, біздің Парламентте дін жайын терең білетін мамандар отырған жоқ. Екіншіден, тікелей имамды  депутаттар тағайындаса, бұл мемлекеттің дінмен айналыса бастағанының көрнісі. Мәселен, Түркияда діни істермен шұғылданатын Дін істері басқармасы бар. Имамдарды осы басқарма тағайындайды, Неге? Біріншіден, ол басқарма мемлекеттік орган болып саналады. Екіншіден, елде имамдарға мемлекеттік қызметкер статусы берілген. Яғни, халықтың дінге деген сұранысын қанағаттандыру ісі имамдарға жүктелген. Мемлекет сол имамдарға жалақы береді. Егер де біз кейбір имамдардың астыртын идеологиясынан қауіптенетін болсақ, осы үлгіні жүзеге асыруға болады. Бұл мәселені Парламент емес, Дін істері жөніндегі агенттік пен Діни басқарма бірлесе отырып шешкені дұрыс.
«Алаш айнасының» сұрақтарына Ахмет Аляз Түркияны мысалға келтіре отырып жауап берді. Тіпті, біраз жайттың шешілу жолдарын көрсетіп, имамдар мемлекеттік қызметкер болған жағдайда елдік саясатты жүргізуге мүдделі болатынын да баса айтты. Сондай-ақ ол: «Парламент мемлекеттің діни саясатын жүргізе алмайды. Онда отырғандардың бәрі діннің маманы емес» деп сөзін қорытты.
Камал Бұрханов, ҚР Парламентінің депутаты:
– Жалпы, Сіздер «имамдарды депутаттар тағайындау қажет» деген бір ғана мәселе төңірегінде айтып жатырсыздар. Мен бұл мәселені көтерген кезде тек осы жайтпен ғана шектеліп қалмаған болатынмын. Біздің елге Конкордат жүйесін енгізуіміз қажет. Бұл жүйені Франция, Италия секілді еуропаның алдыңғы қатарлы елдері пайдаланып отыр. Конкордат жүздеген жылдар тәжірибеден өткен, дұрыс нәтижесег қол жеткізген жүйе. Осы жүйені енгізсек, мешіттердегі қаржы-қаражат жүйесін бірізділікке түсіре алар едік. Мысалы, қаншама мешіттеріміз өз-өзін асырай алмай отыр. Егер де біз бұл жүйені қабылдасақ, имамдарға жалақы тағайындауға, сол мешіттерге мемлекет тарапынан көмектесуге жол ашар едік. Бұл іс қоғамдық ұйым мен мемлекет арасындағы келісім арқылы ғана жүзеге асады. Сол келісімде имамдарды тағайындау мәселесі де қаралып, ақылдаса отырып шешіледі.
Депутат айтып отырған Конкордат жүйесін енгізген Францияда католик шіркеуінің басшысын президент, протестант шіркеуінің басшысын премьер-министр, ал мұсылман қоғамының жетекшісін Парламент спикері тағайындайды екен. Бәлкім, бізге бұл тәжірибені сөзбе-сөз көшіріп алудың немесе  тікелей қабылдай салудың қажеті жоқ шығар...
«Алаш айнасының» түйіні     
Бір кездері мешіт ашу «модаға» айналды. Бірақ, сол «Алланың ақ үйінің» болашағы қалай болатынына көп толғанбадық. Мұның соңы бірқанша рухани орталықтың қабырғасын қақыратып кетті. Қақырағаны емей немене, бүгінде не жылу, не суы жоқ ол мешіттерді сақтап қалудың өзі мемлекеттік мәселеге айналып отыр. Осындай кезеңде Конкордат жүйесіне қатысты біржақты пікір айтудан аулақпыз. Бірақ та, көкейімізде «неліктен имамдарды депутаттар сайлауы керек?» деген ғана сұрақ тұр. Бәлкім, бұл сұраққа Сіз жауап берерсіз?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста