Ядролық қауіпсіздік– ғаламдық қауіпсіздіктің кепілі

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессиясына және Яд­ролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары дең­гейдегі отырысқа қатысты. Сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаев қатысқан Фукусима мен Чернобыль АЭС апатының 25 жылды­ғы­нан кейінгі іс-шаралар ядролық қауіп­сіздік жөніндегі МАГАТЭ министрліктер конференциясы мен 2012 жылы Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке дайындық жөніндегі отырыста Фран­ция, Корея Республикасы, Жапония, Бразилия, Украина басшылары да бой көрсетті.
Мемлекет басшысы алдымен БҰҰ сессиясына қатысушылардың назарын мына төмендегі аспектіге аударды.
Біріншіден, бұл – жаһандық ядролық қауіпсіздік мәсе­лесі. Қазақстан жалпыға бірдей ядросыз әлем декларациясын әзірлей бастауды ұсы­нады. Барлық елдер­дің таратпау сала­сындағы міндеттемелеріне БҰҰ мен МАГАТЭ-нің құқықтық базасын кеңейтіп, халықаралық бақылауды арттыру қажет. Барлық ядролық мемлекеттердің, ең алдымен, ядролық қаруды қысқарту және біртіндеп оның арсеналын жою жө­ніндегі жауапкершілігін күшейту керек.
Сонымен бірге ядролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі отырыста сөйлеген сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік – бұл тұтас үшбірлік екенін атап өтті. Бірінші – проб­лемалардың әскери-саяси қырлары – бұл ядролық қарудан адамзатты қорғау. Екінші – ядролық лаңкестік әлеуетіне қарсы тұру. Үшінші – бұл атом энергетикасының қауіп­сіздігі. Президент өз сөзінде алғашқы мә­селе бойынша Қазақстанның ұстанымы өзгеріссіз қалатынын яғни ядролық қару­сыз әлемге деген қозғалыс тарихи мақсат екендігін тілге тиек етті. Таяу келешекте ядросыз мемлекеттерге қатысты ядролық қаруды қолданбау және қорқытпау жөнін­де ядролық державаларды міндеттейтін конвенция жасау қажет. Ядролық қарусыз әлем жолында ядролық қауіпсіздікке жаңа көзқарастар іздестіру маңызды міндет болып табылады. «Халықаралық-құқықтық нормаларды де-факто ядролық мем­ле­кеттердің бар екендігі шындығымен сәйкес келтіруді қағидатты маңызды деп санаймын», – деді Елбасы.
Осыған байланысты Қазақстан бейбіт атомды қауіпсіз игерудің үш әмбебап қағидатын ұсынды. Біріншіден, атом энергетикасын дамыту саласындағы үдерістерді басқарудың жалпы ғаламшарлық тетіктерді жетілдіру. Екіншіден, атомдық төтенше жағдайларға дер кезінде қайырыла алатын нақты, жалпыға ортақ қағидаттар мен тетіктер қажет. Үшіншіден, әлемдік қоғам­дас­тықты ядролық нысандардағы кез келген, тіпті ең елеусіз оқиғалар туралы тез арада және толық ақпараттандыруды қам­та­масыз ету керек. Президент өз сөзінде «Бас хатшының Жоғары деңгейдегі осы кездесуді шақыру жөніндегі идеясын құп­таймыз және бүгін айтылған ұсыныстар яд­ролық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін ны­ғайтуға мүмкіндіктер туғызады деп сенеміз», – деді.
Жер бетінде ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту арқылы жалпы әлемді ядросыздыққа шақыруға жігері жететін бір мемлекет болса, ол – Қазақстан. Шын мә­ні­сінде, халықаралық қауымдастық алдында ғаламның күн тәртібінде тұрған осы бір өзекті мәселеге байланысты Қазақ елі­нің ойы – өткір, жүзі – жарқын. Еліміз қа­ру­сыздануға байланысты белсенді ойыншы екені баршаға мәлім. Сондықтан атал­ған проблема аясында Қазақстан ірі дер­жа­валармен, халықаралық ұйымдар­мен ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. Елбасы былтырғы жылы АҚШ-та өткен саммитте «Ядролық сынақтардың сорақы сұмдығын барынша көріп білген, Семей ядролық полигонын жапқан және әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартқан Қазақстан МАГАТЭ-мен ты­ғыз ынтымақтастықта ядролық қатерді тарат­пау және азайтудың жаһандық үдері­сінің табанды жақтаушысы» деп мәлімдеген еді. Өткен жылы Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткенде де Қазақстан жағынан осы қауіп­сіздік проблемасы ашық көтерілді. Был­тыр­ғы ядролық қауіпсіздік саммитінде Қа­зақстан жағы маңызды төрт ұсыныс та жа­саған еді. Атап айтар болсақ, біріншіден, уранның ірі өндірушісі ретінде әрі жоғары байытылған уранды төмен байытылған формасына қайта өңдеу мүмкіндігіне ие Қазақстан өз аумағында Халықаралық ядролық отын банкін орналастыруға әзір екендігі аталды. Екінші ұсыныс – ядролық қарусыз аймақтар үшін халықаралық-құ­қықтық нормалар қабылдау қажеттігі. Жаңа ядролық қарусыз аймақтар қалып­тастыруды жақтайтынын айтқан Мемлекет басшысы Таяу Шығыста қалыптастыруды жеткізген-ді. «Орталық Азия аймағы аясында Қазақстан ядролық қауіпсіздікті нығайту, ядролық материалдардың таралуына жол бермеу және ядролық лаң­кес­тікпен күрес жөнінде өңірлік іс-қимыл жос­парын әзірлеуге бастамашы болды. Осы тәжірибені әлемнің басқа өңірлеріне де тарату орынды болар еді», – деген Елбасы. Үшінші, біз Әскери мақсатта бөл­шек­тенетін материалдарды өндіруге ты­йым салу туралы шартты жедел қабыл­дау қажеттігіне сенімділік.
Төртіншіден, Ядролық сынақтарға баршаны қамтитын тыйым салу туралы шарт­тың іс-әрекетке кірісуі тәуелді болатын барлық мемлекеттерді оны ратифика­ция­лауға шақырған. Елбасы ұсыныстарын ай­та келе: «МАГАТЭ-нің барлық талаптарын сақтау негізінде ЯҚТШ-тың мүшесі болып табылатын әрбір мемлекеттің бейбіт ядро­лық энергетиканы дамытуға және пайда­лануға деген заңды да ажырағысыз құқы­ғына қолдау білдіреміз. Мұнда монопо­лиялық көзқарастар мен қосалқы стандарттар болмауы тиіс», – деп кесіп айтқан болатын.
Қазір әлемде ірі державалар бас болып, ядролық қарусыздануға қадам жасай бастағанын да айта кетуіміз керек. АҚШ Президенті Барак Обама мен Ресей басшысы Дмитрий Медведев ядролық қару­лардың санын шектеу туралы стратегиялық құжатты рәсімдеп, БҰҰ өз шарттарын ор­ындамаған мемлекеттерге санкция қол­дануын жалғастырып келеді. Осы ретте Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бар­лық ядролық державалардың ядролық арсеналдарды қысқартуы жөніндегі бұл жұмыс жер бетіндегі бейбітшілік үшін ол­арды толық жойғанға дейін тоқталмауы тиіс» деген жалынды сөзі жүзеге асырылып жатқанын байқауға болады.
Жаһандық реттеу туралы Пакті идеясы өзекті
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ай­мақаралық қақтығыстарды реттеу, мем­лекеттердің қарым-қатынасын құқыққа негіздеу, жаппай қырып-жоятын қаруды шектеу, жаһандық басқару жүйесін реформалау секілді тақырыптар қызу талқыға түскен БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессия­сында бүгінгі өзекті жаһандық түйткілдерге әлем жұртшылығының назарын аударды. Қазақстан алқалы жиында жаһандық эн­ергиялық-экологиялық стратегия мен «Жа­сыл көпір» ауқымды экологиялық бастама­ны қабылдауды ұсынды.
Қазақстан Президенті БҰҰ-ның бас мінберінен ұйымның экономикалық процестерге қатысты қызметін белсенді ету қажеттігін баса айтты. «Экономикалық үде­рістердің жаһанданудағы деңгейінің өсуі БҰҰ қызметінің экономикалық құрам­дасындағы парадигмалардың ауысуы қа­жеттігін талап етеді. Әлемдік құрылым­дардың валюталық және сауда-эконо­ми­калық реттеу саласындағы жұмысының бас­ты мазмұны әлемдік дағдарыстарды болжау және оның себептерін жою болуы тиіс. Барлық құрылымдар мен қатысушы­лардың нақты құқықтары мен жауапкершілік нормалары көрсетілген, тиімді әлем­дік резервтік валютасы бар, алыпсатарлық капиталға қатаң бақылау орнатылған жа­һандық экономикалық басқарудың тиімді механизмін құру маңызды. Бұл контексте жаһандық реттеу туралы Пакті әзірлеу идея­сы өзекті», – деді Елбасы БҰҰ Бас ас­сам­блеясының 66-сессиясында сөйлеген сө­зінде. Сонымен бірге әлемдегі аштық пен ауызсу тапшылығының алдын алу әлем жұртшылығы алдындағы өткір мә­селе болып отырғаны айтылды. Қазақ Президенті Ұйымға мүше мемлекеттерді жа­һандық ақпараттық кеңістіктің халық­аралық құқықтық базаларын тездетіп құ­руға шақырды. «Ақпараттық кеңістік – бұл жер байлығы, әуе және су әлемі, ғарыш се­кілді адамзаттың болашағы үшін ма­ңызды сала болып табылады. Бүгінде ақ­параттық үдерістерді реттейтін бірде-бір халықаралық конвенция, бірде-бір көп­тарапты шарт жоқ. Сондықтан да банктерге, мемлекеттік мекемелерге, тіпті ядролық нысандарға «шабуыл» жасаған хакерлер­дің көпшілігі жазаланбайды», – деді Елбасы Н.Назарбаев. Қазақстан Президенті­нің пі­кі­рінше, осындайда жаһандық ақпа­раттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базасын құру ерекше маңызды болып отыр. Оның негізі ретінде БҰҰ Бас ассам­блея­сының 2002 жылы қабылдаған ға­ламдық мәдени киберқауіпсіздіктің 9 элементі қарарын алуға болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Таяу шығыста бейбітшілік орнату үшін Палестина мемлекеттігін тану қажеттігіне тоқталды. Аймақтағы барлық мемлекеттермен дос­тық қарым-қатынастағы Қазақстан палес­ти­налық проблеманы әділ әрі ұзақ мерзімді, оның ішінде тікелей палестиналық-из­раилдік келіссөздер арқылы дер кезінде шешілуін құптайды. «Бұл күндері Палес­ти­наның қиын проблемалары белсенді тал­қы­лануда. Қазақстан Палестина мемлекетін құруды қолдайды. Тарих таразысында – қиын мәселе. Бұл туралы АҚШ Прези­денті Барак Обама айтты. Палестинаның тә­уелсіздігінсіз Таяу Шығыста орнықты бей­бітшілікке қол жеткізу мүмкін емес», – деп мәлімдеді Н.Назарбаев БҰҰ Бас ас­сам­блеясының 66-сессиясында сөйлеген сө­зі барысында.Сондай-ақ Елбасы Оңтүстік Судан елін тәуелсіздік алып, БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі болуымен құт­тықтады.
Осыдан бақандай 66 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы оның барлық мүше­лерінің егемендік теңдігі қағидатында құ­рылған болатын. Алайда территориялық тұтастық ұлттық егемендік құқық эрозияға жиі душар болып жатады. Айналып келгенде, бұл ұлттар арасындағы сенімге селкеу түсіруі кәдік. Президент бұның алдын алу үшін БҰҰ-ның аймақтық қауіпсіздік ұйымдарымен, атап айтқанда, Шанхай Ын­ты­мақтастық Ұйымы, Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары ұйымы секілді құрылымдармен тығыз қатынас орнатуы қажеттігін атап өтті.

Алан Палмер, ядролық сынақтар мұражайының директоры:
– Қазақстан Президентінің ядролық қарусыз әлем әлдеқайда қауіпсіз болатыны жөнінде пікірімен толық қосыламын. Ондай қару қазір тек Ресей мен АҚШ-тың қолында ғана тұрған жоқ. Ядролық қаруланудан бәсеке басталып кеткелі қашан, енді біз құмырадан шығып кеткен жынды бақылауда ұстауымыз керек. Әскери қару болып табылатын ядролық қару қазір геосаясаттың құралына айналды. Сондықтан мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу жөніндегі бастамасын өте батыл қадам деп есептеймін. Бұл шешім — қазақстандықтардың ядролық қарулану бәсекесінен бас тартқанының айқын көрінісі. Бұл — өзге елдерге де үлгі. Күндердің күнінде барлығы да осындай шешімге келеді деп сенемін. Барлық елдердің билік өкілдері Қазақстандағыдай қарапайым халықтың пікіріне назар аударатын болады деп ойлаймын.
Дженнифер Терри,
халықаралық қатынастар мәселесі бойынша сарапшы:
— Қазақстан мен АҚШ барлық салада, оның ішінде ядролық қауіпсіздік бойынша ты­ғыз әріптестікте. Тәуелсіздіктің 20 жылы барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәсе­леге жіті көңіл бөліп отырды. Ол ядролық полигонды жауып, қуатты ядролық арсе­нал­дан бас тартты. АҚШ-та сіздердің Президенттеріңіз танымал адам және оны құрмет­тейді.
Мелиса Холмс,
қазіргі саяси ахуалдар және басқару саласындағы сарапшысы:
— 1991 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабуын тағы бір еске алатын болсақ, бұл шешімнің адамзат тарихы үшін қаншалықты зор маңызы болға­нын енді ғана түсінуге болатын сияқты. Н.Назарбаев осы шешімі арқылы тек өз елінің ғана тұрақты дамуына негіз салып берген жоқ, ол сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейдегі қауіпсіздікке ықпал етті. Өткен жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы болды, бұл Қазақстан Президентінің еңбегінің арқасында болды деп ойлаймын.
Дженнифер Чи,
мәдениеттанушы:
— Қазақстанның экономикалық даму көрсеткіштері өте жоғары. Өте тұрақты экономика қалыптастырып үлгерді деп ойлаймын. Қазақстанның модернизациясы анық сезіліп тұрады, әсіресе Астананың. Қазақстан ХХІ ғасырдың рухына сай келетін, ашық әрі заманауи мемлекет.
Ник Аквилана,
Невададағы ядролық сынақтар полигонының энергетикалық бөлімінің экс-менеджері:
— Мен 1962 жылы невадалық полигонда жұмыс істеп бастадым, 1987-1994 жылдар арасында энергетика департаментінің менеджері болдым. Біз сол сынақтарды жүзеге асырушылар едік. Ол кезде ядролық саясат тек тұрақтылықты сақтап қалушы құрал ретінде ғана қызмет атқарды. АҚШ ядролық арсеналын жетілдіре отырып, бұрынғы Кеңес Одағын тежесе, өз кезегінде Мәскеу Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан балансты Вашингтонның бұзбауын қамтамасыз етті. Қазір енді басқа кезек. Енді Қазақстан Президентінің ұсынып отырған ядролық қарусыз әлем концепциясы маңызды. Ал жалпы өзім, адамзат баласы ядролық қаруды мүлде ойлап таппағанын қалар едім. Дегенмен мұндай қару жасалып қойған соң, онымен күресудің жолдарын іздеу керек. Дегенмен ядролық қарусыздану саясаты, оның ішіндегі Қазақстан көтерген бастамалар жүзеге асып, түбінде әлем ядролық қарулардан азат болады деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста