EXPO – 2017: Қазақстан таңдаған тақырып маңызды

«EXPO – 2017» көрмесін  2017 жылы қай ел өткізетіндігі Халықаралық көрмелер бюросының алдағы қарашада Парижде өтетін 152-ші Бас ассамблеясында дауыс беру арқылы анықталады. Ал осынау ең ірі халықаралық көрмені өткізуге Қазақстан да өтініш беріп, сол бағытта түрлі ақпараттық-насихаттық шаралар жарысына Астана қаласының кірісіп кеткені мәлім.
Осы мақсаттағы аса маңызды шара­ның бірі кеше, маусымның 28-і күні Ас­та­надағы Тәуелсіздік сарайында «Бо­ла­шақ энер­гиясы. Ғаламшардың тұрақты да­муы» деген атпен ашылған халық­ара­лық сим­позиум болды. Оған Халық­ара­лық көрме бю­росының бас хатшысы Ви­сен­те Лос­сер­талес, ҚР Үкімет бас­­­шысының орын­басары Қайрат Келім­бе­тов және басқа да қазақ­стандық лауа­зым­ды тұлға­лар қатысты. Естеріңізде бол­са, біздің ел аталған халықаралық көр­менің басты тақырыбына экология мә­селесін арқау етіп,  «Болашақ энер­гиясы» деген атауды ұсынған еді. Бұл сим­позиумның басты мақсаты да әлемдік қауымдастықтың назарын осы тақырыпқа аудару болды. Соған орай, симпозиумға келген 100-ден аса делегат климаттың өз­геруі, бола­шақтағы энергия мен эко­ло­гия қауіпсіздігі, балама энергия көз­дерін дамыту мәсе­лелерін талқыға салды.
Висенте ЛОССЕРТАЛЕС, Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы:
– Астананың 2017 жылға ұсынған тақырыбы үлкен қызығушылық туды­ратыны анық. Бүгін осы жерде ҚР Үкіметі мен әлемнің энергетика саласының жетекші мамандарының жиналуы ЕХРО-ның маңыздылығын айшықтай түседі. ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығына үміткер Қазақ елі үшін бұл симпозиумның маңызы зор. Оның басты мақсаты – ғаламшардың назарын Қа­зақстанның ЕХРО-2017 көрмесіне таңдаған «Болашақ энергиясы» тақы­ры­бына аудару. Астана 2017 жылы өткізуге ниет танытып отырған көрме түрлі идея­лардың тоғысқан ортасына айналатындығына сенімім мол. РИО+20-дан ке­йін, яғни бес жылдан соң өтетін көрме үшін Астана тамаша кезеңге айналуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста