Еуроодақ Түркияны неге өгейсітеді?

Еуроодақ қандай ұйым деген сауал туындай қалса, кәрі құрлыққа кәдімгідей кәрін төгіп тұрған іргелі ұйым деп жауап беруден тайынбауыңыз бек мүмкін. Ал шын мәнісінде солай ма? Иә, Еуроодақ дәл қазір, анау айтқандай, абыройдан жұрдай болмаса да, күз келе жапырақтары жерге төгілетін қара талдай «жалаңаштанып» қалды. Талай-талай адуынды басшылар, дүлей диктаторлар, епті экономистер, «сыпайы» саясаткерлер, жұлқынған «жындылардың» мини-мінберіне айналып үлгерген Еуроодақтың трибунасы кәдімгідей көнерді. Неге? Жалпы, Еуроодақтың түпкі мақсаты не?

Түркияны мойындау һәм мойындамау
Еуроодақ деген заты ғана емес, дардай аты бар іргелі ұйым үшін Түркия деген Азия­дағы алақандай мемлекет не тұрады тәйірі деуі­ңіз ықтимал. Жоқ, кешіріңіз, Түр­кияның сая­си элитасын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырғандар Еуропаң­ның да, басқаңның да алдында аузындағы сөзінен жаңылысып, күмілжіп, «потеря» болатындардың қатарынан емес. Кері­сінше, түкірігі жерге түспей тұрған түбі бір түр­кі бауырлар «көз сайыста» да, сөз са­йыс­та да тауы шағылып, мүләйімси қа­ла­тын мемлекеттердің санатына кірмейді. Бірақ стратегиялық жоспарын жатпай-тұр­май түзген Еуроодақ ептілерінің есебі бір жүріп, екі жеу екенін бағамдасақ, Түр­кия мемлекеті оларға стратегиялық объект ретін­де керек-ақ. Әрине, бір кездегі бедел­ді ұйымның құлдырап бара жатқан «авто­ри­тетін» әлемдегі өзге «ойыншы­лар­мен» бір деңгейге жеткізу үшін. Сондай-ақ ис­лам дінінің Еуропаны «жаулап» алу екпінін есе­летпей, Еуропада бір қалыпқа келтіру үшін де Түркия – таптырмайтын сая­си құ­рал. Тек тетігін тауып, нүктесін дөп ба­са біл­­с­ең болды... Мұны КСРО-ның экс-пре­зи­денті, «қайта құрғыш» (бәлкім, «қай­та құ­рығыш») Михаил Горбачевтің төра­ға­лық етуі­мен Болгария астанасы Софияда өт­кен ұйым конференциясында базбір ел­дер­дің мы­сын басып отырғандар да, қар­нын тыр-тыр қасып отырғандар да еріксіз мо­йын­дады.

Түркияның Еуроодақсыз да таңы атады 
«Сырғанақ уақыт сырғыған сайын Түр­кия Еуроодақтың емес, Еуроодақ Түркия мем­лекетінің көмегіне жүгінген үстіне жүгі­не беретін болады». Бұл сөзді Түркияның экс-премьер-министрі Мезут Йилмаз ай­тып салды. Оның ойынша, ресми Брюссель Түр­кияға қатысты барлық көзірін жоғалтып алған­ға ұқсайды. Мұнымен қоса, Еуроодақ Түр­кияның экономикасын түпкілікті модер­низациялайтын алапат күшке де ие емес қазір. Оның үстіне, түрік бауырлар бүгінгі таң­да ел экономикасының еңсесін түпкілікті тү­зей білді, тіпті қазір аты аталған мемлекет бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді. Мұның бәрі ішкі рыноктың, Ресей­мен, Қытаймен, Сауд Арабиясымен кеңей­тілген сауда-саттық қатынастарының бір жүйеге түскендігінен де болар. Байқадыңыз ба, аты аталған мемлекеттердің ішінде бір­де-бір ел түпкілікті Еуроодақтың «жеке­мен­­шігіне» жатпайды. Ана жаққа бір, мы­на жаққа бір билігін жүргізгісі келетін Ре­сей­ді мысалға келтірмесеңіз, басқалары – Еуро­паны жатырқап жүрген елдер. Демек, Еуропадан тартылған инвестиция көлемінің күрт азайғаны Түркия экономикасы үшін қол болмаса, «нөл» бола қойған жоқ.
Иә, Түркияда жан-жақты білімді, білікті азаматтардан құралған элиталы билік бар. Оның үстіне, бұл мемлекет араб әлемінде де зор беделге ие болып үлгерді. Қалай дейсіз ғой, ол былай: Түркия билігі табанды тегеу­рін­­ділік танытып, кезінде өзінің террито­рия­сын АҚШ әскеріне «сыйлық» ретінде ұсыну­дан бас тартты, ресми Пен­тагонның өзін «ренжітіп», бетін қайтарып таста­ды. Егер тап сол жолы АҚШ-қа өз тер­риториясын ұсына салғанында онда ресми Пен­тагон билігі Түркия мемлекетін Иракқа ша­буыл жасайтын дәліз ретінде пайда­ланушы еді.
Әгәрәки, егер сіз бұл аз дей қалсаңыз, «түбі бір түркі бауырларымыз араға бес жыл салып, 2015 жылға қарай қаржылық яки экономикалық әлеуеті жағынан Еуро­пада екінші орынға көтерілуі де ғажап емес» дейді халықаралық деңгейдегі са­рап­шылар.
Француз саясаткері Жорж Фреш Түркия мемлекетін Еуропадағы Ислам әлемінің жар дегенде жалғыз көшбасшысы санай­ты­нын, осынау елдің тегеурінділігінің арқа­сын­да ғана атышулы «Әл-Каида» ұйымы­ның еселенген екпінін басуға болатынын қадап айтты. Бұдан бөлек, ЮНЕСКО-ның экс- басшыларының бірі Фредерико Майор Сарагоса да шұғыл түрде Түркияны Еуро­одақ­тың құрамына қабылдау керек­тігін еске салды. Мұның бәрі неден хабар бе­реді дейсіз ғой...
Түркияның Ресей үшін де экономикалық тұрғыдан өте жақсы серіктес бола алатынын іші сезетін Михаил Горбачев та өз сөзінде түктен хабары жоқ адамның кейпіне еніп: «Ресейдің алдында аяқтарыңыз қалтырап, бұрынғыдай қорқа жөнелуді түпкілікті доғарыңыздар. Ескі стереотиптен арылып, жаңа әлемді жаңаша құрайық!» деп қалды. Мұның астарында не жатыр? Бір кездері әсірепатриот болған «гордый» Горбачевтің шынымен мысы басылған ба, әлде...

P.S. 
Үндемегеннен үйдей бәле шығатынын жақсы түйсінетін, білетін, іші сезетін Еуропаның тісқаққан еркелері мен «серьезный» сөйлейтін серкелері Еуроодаққа Түркияны қалайда «тарту» керектігін алға тартады. Сонда олар Түркияның тек Еуропаның мүддесі үшін жұмыс істейтініне шы­нында да сене ме екен? Әлбетте, шеңбердегі ойында әлдекімнің тауы ша­ғылып, «быт-шыты» шықса, базбір мемлекеттің ұпайы түгенделе түсет­і­ні тағы да мәлім. Ендеше, Еуроодаққа енген Түркия күні ертең кәрі құ­рлықтың қай мемлекетімен кәдімгідей «ауыз» жаласып, қай мем­ле­кеті­нің мүддесі үшін жұмыс істейтінін ешкім де дөп басып айта алмауы мүмкін.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста