Еуроодақ көшбасшылары әлем үкіметін құрғысы келеді

Әлем үкіметін басқаруға үміткерлер өздеріне бағынышты мемлекеттер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болып көрмеген күйреуге ұшырағанын айтып отыр

 Бірнеше күн бұрын жарияланған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон, ДДҰ бас директоры және Еуропаның басқа да мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі назар аударуға тұрарлық.

Олар ұлттық үкімет пандемия салдарымен күресте қауқарсыздық көрсетті деп мәлімдеп, адамзат баласын мейлінше тездетіп әлем үкіметінің қол астына кіруге шақырды.

Ресми түрде мұнда мәселе жай ғана "пандемияға қарсы іс-қимыл туралы дүниежүзілік шарт" туралы болғанмен, ілеспе ұжымдық хат авторлардың нені көздеп отырғанын айқын көрсетіп тұр, деп жазды РИА Новости.

Олар коронавирус пандемиясын "1940 жылдардан бергі әлем қауымдастығының алдындағы үлкен сын-қатер" деп атады. Ал шартты 1945 жылғы Ялта шартымен теңестірді. 

"Адамгершілік жағынан олардың бастамасына түсіністік танытуға болады. Германия канцлері желтоқсан айында саяси "тұңғиыққа" аттанады. Алдағы президент сайлауында Макронның да жағдайы мәз болмайтын сияқты.  Ағылшындардың басым бөлігі Джонсонның премьер-министр қызметінен кеткенін қалайды. Ал бұлардың билік тізгінін тапсыруға құлқы жоқ. Бірақ бұлар әлемге тағы не ұсына алады? Басқару тәжірибесін бе? Алайда олар басшылықта болған кезде адамзат баласы алдынан шыққан қиындықтарға төтеп бере алмады емес пе? Таусылмайтын локдаундар көптеген шағын және орта бизнесті банкротқа ұшыратып, туристік саланы құрдымға құлатқан жоқ па?", - деп атап өтті басылым.

Вакцинаға қатысты оқиғалардың соңы дауға ұласып жатты. Шектеуден мезі болған жұрт көшеге шығып, наразылық білдіруде. Ал үкімет өз халқын одан бетер ашуландырып, айыппұлды арттырып, ковид төлқұжаты секілді жаңашылдықтар енгізуде және орыс вакцинасынан бас тартуды жалғастырып келеді. Ал төмендетіп "дамушы" деп атаған мемлекеттер коронавирусқа қарсы тиімді күрес жүргізіп, вакцинаны іске қосып жатыр және еуропалық серіктестерінің құлдырағанын пайдаланып, өз экономикасын күшейтуде.

"Өткен жыл Еуропа көшбасшылары үшін сәтсіздік пен масқараға толы болды. Алайда олар кешірім сұрап, зейнетке кетудің орнына әлем үкіметіне басшылық етуден үміттеніп отыр", - деп жазды РИА Новости.

Әлем үкіметін басқаруға үміткерлер өздеріне бағынышты мемлекеттер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болып көрмеген күйреуге ұшырағанын айтып отыр. Алайда бұл күйреуді өздері ұйымдастырғанын мойындамай отыр. Әйтпесе бір ғана коронавирустың шамасы жетпес еді. Салдарынан халық жұмыссыз қалып, үкіметтен қандай да бір әлеуметтік көмек болады деп күтті.

Жалпы бұл басшылар өткен жылы барлық халыққа қарсы соғысқа тең әскери қарсылық әрекеттерге бастамашы болды. Миллиондаған адам кедейлікке тап болды. Ал еуропалық көшбасшылар "жаңа Ялтаға" үміттеніп отыр. Яғни жасанды соғыс жүргізіп алып, енді әлемді жік-жікке бөліп алуға ниетті. Ал БҰҰ-ның қандай да бір өзекті проблеманы шешуге қауқарсыз екеніне көз жетті.

Құрылуы ықтимал әлем үкіметінің басты ерекшелігі – ешкім ешкімді тағайындамайды. Ағылшын және америкалық медиа мұның қалай орындалатынын хабарлаған болатын. The Week әлем басшылығына бір ғана адамды қойып, оны "император" деп атау туралы ұсынысты жариялады. Қайткенде де бұл мәселеде орыстардың пікірімен санасайын деп жатқан ешкім жоқ. Жай ғана беделді азаматтар бас қосып, тиісті тұлғаларды тағайындайды. Бұл ауылда демократия мен сайлаудың қарасы да көрінбейді. 

Сегіз миллиардқа жуық адамды әлем үкіметіне көшіру қалай болатыны түсініксіз. Жалпы осынша адамды қалай бір ғана үкімет басқара алады? Оған кім көмектеседі? НАТО ма? Германия мен Францияның бірлескен әскері ме? Ең қызығы ол үкіметтің қатарында АҚШ та, Қытай да, Ресей де, Үндістан да, Бразилия да, Мексика да, Канада да, Жапония да, жалпы БҰҰ-ға мүше жүз жетпіске жуық ел жоқ. Алайда құжатқа ДДҰ бас директоры, доктор Тедрос Аданом Гебреисус қол қойған. ДДҰ негізін қалаушы Брок Чисхольм әлем үкіметі идеясының фанатигі болған. Жүз жыл өтпей-ақ оның идеясы іске асырылмақшы. Сондықтан Гебреисус басқарып отырған ұйым бұл миссияға о баста негізделген.

Әлем үкіметінің болашақ мүшелерінің арасында Фиджи, Албания, Тринидад, тіпті тізім соңында Украина да бар. Жалпы әлем үкіметі идеясы осы Украина үшін жүзеге асырылатын секілді.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста