Есжановқа ел риза

Есжановқа ел риза

«Сен де бір кірпіш дүние­ге, кетігін тап та, бар қалан» деп Абай атамыз айтпақшы, тәуелсіз еліміздің мерейін үстем ету жолында аянбай еңбек етіп, ел алдындағы перзенттік парызын адал атқарып, үлкен мен кіші­нің қадірлісі болып, көпшілік­тің алғысына бөленіп жүр­ген азаматтарымыз көптеп саналады.

Осындай жанның бірі, біздің жерле­сі­міз Сәуірбай Көлібайұлы Есжановтың есі­мін ерекше бөліп айтуға болады. Ол Мәжі­ліс депутаттығына «Нұр Отан» партиясы­ның белсенді мүшесі ретінде қатарынан екі мәрте сайланды. Қолына мандат алып, халықтың сеніміне енгеннен кейін, халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының барлық мәселелеріне тікелей ара­ласуымен болды. Менің бір байқаға­ным, С.Есжанов орта кәсіпкерліктің ілгері қадам басуына, ауыл спортының дамуына, барлық әлеуметтік саланың халыққа мей­лін­ше жақын болуына, сондай-ақ өмір тала­бына сай жаңашылдыққа, жасампаз­ды­лыққа ұмтылуына көп күш жұмсады.
Ол үнемі жастармен кездескенде, са­ла­уатты өмірді кеңінен насихаттап қана қоймай, әр жастың білімді әрі өз құқығын толық қорғай білуге міндетті екендіктерін, «жас мемлекет маған не береді деп емес, мен Отанымның дамуына қандай үлес қоса аламын» деп ойлану керектігін айтып, қарапайым мысалдармен жас ұрпақтарға түсіндіре білді. Өзім қатысқан бір жиында Сәуірбай Көлібайұлы: «Астана қаласын салуымыздың өзі үлкен тарихи оқиға. Елі­міздің енді Тәуелсіздігін алған жылдары ас­та­наны Алматыдан Сарыарқа төсіне көшіру туралы бастама көтерілгенде көп адамның бұл жаққа қоныс аударуға сенімі болған жоқ. 1994 жылдың 6 шілдесінде Елбасының Астананы көшіру туралы баян­да­масын қызу талқылай келіп, ел аста­на­сын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсы­нысымен депутаттар келісті. Сол кез­дер­де мемлекеттік қызметте жүргендердің біразы ел астанасы ауыстырылған кезде бұл жаққа келу күмәні болғаннан кейін, қатаң табиғатынан қорқып, Алматы қала­сында қалып қойды. Бірақ бүгінгі таңда астананың Ақмола жеріне көшірілуі дұрыс екендігіне барлығымыздың көзіміз жетіп отыр. Сарыарқа төсінен әлем тамсанатын халге жеттік. Былайша айтқанда, тарихтың жаңа беті ашылды. Халықаралық өлшем­дер­ге сай келетін Астана қазір еліміздің айбыны да мақтанышы. Кез келген мемле­кет өз астаналарын бір қаладан екінші қа­лаға ауыстыра бермейді, өйткені оған қо­мақ­ты қаражат қажет етіледі. Әрі елдің эко­номикалық және саяси жағдайы соған сай болуы тиіс. Міне, осының барлығын үй­лестіріп, астанасын тиімді етіп ауыстыр­ған шешімтал елдер аз. Соның бірегейі – Қазақстан. Мен айтар едім, бұның барлы­ғы да Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев­тың өз халқына деген адал еңбегі, сүйіс­пеншілігі. Халқының жағдайын күн демей, түн демей ойлап, озық елдердің қатарына қоссам деген арманының нәтижесі» деген болатын. Әрине, мәнді, мағыналы осын­дай сөздерді үлкендер де, жастар да ұйып тыңдады. Осындай мысалды көптеп кел­ті­руге болар еді...
Сәуірбай Көлібайұлы шетелден келген қандас бауырларымыздың жағдайына да көптеген қолғабысын жасады. Ел мен жер­дің береке-бірлігі мен байлығын сақ­тау жолында ел арасында келелі әңгіме­лер­ді де қозғап, жақсы істердің ұйытқысы бола білді. Амал қанша, бұл шағын мақа­лада Сәуірбай Есжановтың екі шақыры­лым­да болған Мәжілісте атқарған жұмыс­тарын тізбектеп айтып шығу мүмкін емес. Алайда «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оның халық алдын­да­ғы жасаған еңбегін елдің бәрі жақсы біледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста