Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды - Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясының отырысында ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз - Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз - бүгінгі өмірі және болашағы - бір бауырлас азаматтармыз.

Ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі барлық арандатушылық мемлекет тарапынан заң аясында қатаң түрде жазаланады. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, заң аясында әрекет ететін болады.

Бұл ретте еліміздің әрбір азаматы өз сөзі мен ісіне жауапкершілікті сезінуі қажет. Эмоцияға ерік беріп, араздық пен өшпенділік жетегінде кете беруге болмайды. Бізге шетелдік ақпараттық соғыс пен идеологиялық дау қажет емес", - дейді Мемлекет басшысы. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста