ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесуде екі ел арасындағы өнер және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени қарым-қатынастардың маңызы жөнінде атап өтті.
Өз кезегінде, Ольга Любимова өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты жоспарлары жайында айтты.
Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық бағыттағы екіжақты диалогты жалғастыра беруге уағдаласты.