Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Әлжан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ибрагимұлы Әлжан Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды" - делінген хабарламада.
Ерлан Әлжан 2008 жылы құқықтану мамандығы бойынша "Болашақ" Қарағанды өзекті білім беру институтын, 2014 жылы қаржы мамандығы бойынша "Болашақ" Қарағанды университетін бітірген.
2018 жылы заң ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды қаласы бойынша Әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, басшысы болған.