Электрондық әкімдікті қалай құрамыз?

Елімізде электронды үкімет туралы арнайы заң қабылдау, мемлекеттік электронды қызмет көрсету үлгілерін әзірлеу және электронды әкімдіктің облыс, қала, аудан үлгісіндегі үш деңгейлі бірүлгілік сызбасын дайындау – Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» деген мақаласындағы 17-нші маңызды тапсырманың бірі. Шынында, электрондық әкімдік құруды е-үкіметпен қатарласа жүргізген жөн сияқты.
Қазақстанда бұған дейін 2005-2007 жылдарға, одан соң 2008-2010 жылдарға арналған электрондық үкіметті дамыту бағдарламасы табысты жүзеге асырылды. Біздіңше, осы бағдарламаны заңға ұлас­ты­рып, яғни электрондық үкімет туралы заңды уақыт оздырмай қабылдау қажет. АҚШ-та осындай заң 2001 жылы қабыл­данған екен. Онсыз е-әкімдікті жасақтау қиын. Осы ретте АҚШ-тың тәжірибесін де ес­кермеу мүмкін емес. Мәселен, АҚШ-тық FirstGov электрондық жобасының арнайы бағыты «Географиялық электрондық үкі­мет жасау» – штаттар мен округтердің жер­гілікті мемлекеттік басқару органдарын біртұтас географиялық ақпараттық жүйеге интеграциялау бағдарламасына айналған. Соның арқасында әр штаттағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың өзара байланысы әлде­қайда жақсарған. Саясаттану­шы Серік Өтеулиевтің жазуынша, бізде де осы сияқ­ты «Қазақстан өңірлері» деп аталатын ай­мақтарды интеграциялайтын біре­гей эл­ектрондық үкімет жобасын әзір­леп, жүзеге асырған тиімді. Электрон­дық әкім­діктің тиімділігі сол, жергілікті атқа­рушы органдарда күту уақыты үнемде­ле­ді, әкімдік­тердегі кезектер санын азайтады, азаматтар жұмыс орыннан алыстамай, тиісті құжаттарды рәсімдей алады, шенеу­ніктердің дискреционды өкілеттіктері айтарлықтай кемиді. Ақпараттық-комму­ни­кациялық технологиялар өзінің параметрлеріне байланысты әкімшілік процедураларды автоматты және нақты алгоритм­дер­ге негіздей отырып жүргізетіндіктен, сая­си ерік-жігерден тәуелсіз. Өкінішке қарай, әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр­ғандай, бұл үрдіс электрондық жемқор­лық­қа жол ашуы мүмкін. Себебі ақпарат­т­ық технологияларды шебер меңгерген кейбір ашкөз шенеуніктер өз құлқынын күйт­теп, э-коррупцияның (e-corruptіon) арамшөптей қаулап кетуіне жағдай жасайды. Сондықтан осындай залалдық құ­бы­лыстың алдын алған жөн.
Жалпы, электрондық әкімдік Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Пав­лодар облыстары әкімдіктерінің облыс орталықтары деңгейінде 2010 жылдағы желтоқсанда іске қосылған. 2014 жылға қарай электрондық үкіметтің өңірлік шлю­зіне 14 облыстық әкімдіктің, республи­ка­лық маңызы бар қалалардың екі әкімдігінің ақпараттық жүйелерін қосу және жергілікті атқарушы органдардың кемінде 20 әлеу­меттік маңызы бар мемлекеттік қыз­меттерін электрондық түрде іске асыру жос­парланып отыр. Көрші Ресей 2015 жылға қарай барлық мемлекеттік қызмет­терді электрондық үлгіге көшіреміз деп отыр. Ал еліміз жыл аяғына дейін әлеу­меттік маңызы бар қызметтердің 60 пайызын электрондық режимде қолжетімді етпек. Саясаттанушы С.Мұсатаев е-әкімдік жүйесі халықтың әкімшіліктің қызметін қадағалауына мүмкіндік беруі, шенеу­нік­тердің жауаптылығын көтеруі керек деп есептейді. Мәселен, мемлекеттік қызмет­кер азаматтардың өтініштерін, құжаттарын қабылдаған кезде нақты датасын белгілеп, оның жүзеге асуына басымен жауап беретіндей, оның барысын азамат қадағалай алатындай механизмі жасалуы тиіс. 

Бір пікір
Сейілбек Мұсатаев, саяси ғылымдар докторы:
– ХХІ ғасыр – ақпараттың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дәуірі. Елімізде электрондық үкіметті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, электрондық сан алуан қызмет түрлері, электрондық қашықтықтан оқыту, Елбасының халықпен тікелей телекөпір өткізуі дәстүрге айналған. Президентіміз өз мақаласында е-әкімдікті құру мәселесін дер кезінде көтеріп отыр. Жер көлемі ұлан-ғайыр Қазақстан үшін е-әкімдіктің маңызы өте зор. Біріншіден, бұл вертикалды тұрғыдан орталық пен жергілікті билік арасында ақпарат алмасуды, өзара байла­ныс­ты тездетеді әрі жеңілдетеді, бюрократиялық қағазбасты­лыққа жол бермейді. Екіншіден, горизонталды тұрғыдан келсек, жергілікті әкім­дік пен халықтың байланысы нығаяды, жергілікті билікке халықтық бақылау орнайды, сыбайлас жемқор­лықты ауыздықтауға септігін тигізеді. Электронды әкім­дікті дамытуда әкімдік ішінен ғана портал ашып қоймай, ақпараттық-коммуникациялық инфра­құры­лымды дамыту керек. Мысалы, интернет желілерін кеңейтіп, ауыл-аймақты интернетпен қамта­масыз ету қажет. Қазақстан бойынша интернет бағасы өте қымбат және жылдам­дығы тым төмен. Сондықтан алдымен осы мәселелерді шешу керек. Әкімдер халық­пен онлайн кездесуді шоуға, науқанға айналдырмай, күнделікті жұмысы ретінде қара­са дұрыс болар еді. Әкімге дейін департамент шеше алатын тұрғындар өті­ніш­терін іріктеумен бір орталық ыждағатпен айналысса... себебі департамент шеше алатын мәселелер әкімге қарай жолданып жатады. Е-әкімдік жүйесі жергілікті би­ліктің аймақтағы мәселелерге деген сезімталдығын күшейтеді, өйткені сол арқылы дер кезінде әртүрлі әлеуметтік түйткілдің, дау-жанжалдың алдын алуға мүмкіндік береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста