"Денсаулығым күн сайын нашарлап бара жатыр". Мұхамедиұлы соттан үйқамаққа ауыстыруды сұрады
Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы соттан бұлтартпау шарасын өзгертуді және оны үй қамаққа жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Сотта Мұхамедиұлы негізгі сот талқылауы алдын ала тыңдаусыз басталғанын атап өтті.
"Конституцияны бұзбау үшін біз алдымен алдын ала тыңдауды бастағанымыз жөн, содан кейін негізгі сот талқылауына көшкеніміз жөн. Біз бірнеше күн бұрын екінші рет ота жасатқаныма байланысты үй қамағына алу үшін бірнеше өтініш жасадық, денсаулығым күн сайын нашарлап бара жатыр", - деді Мұхамедиұлы.
Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы соттан бұл істі қарауды тоқтатуды сұрады, себебі ол өз кінәсін мойындамаған.
Еске салайық, Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр.
Сот отырысы Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысып жатыр.