Біздің саясаткерлер тек саясатпен айналыспайды, кино да түсіреді...

Саясатты жүргізу оңай шаруа емес: ол үлкен жауапкершілікпен қатар бойдағы барлық күш-қуатты сарқуды талап етеді. Міне, осындай ауыр жүгі бар қызметіне қарамастан кейбір отандық саясаткерлер кино саласына үлес қосуға уақыт тауып жүр. Мәселен, бұл ретте Әділбек Жақсыбеков, Болат Өтемұратов, Бекболат Тілеухан, Болат Әбілов сынды саясаткерлердің атын кездестіруге болады...
Таяуда Қазақфильм Фейсбуктегі жеке парақшасы арқылы cценариін мансабы өте жоғары отандық саясаткер жазған фильм 20 қарашада көрермендерге ұсынылатындығы туралы ақпарат таратты. Фантастикалық шытырман оқиға желісіне құрылған «Оберондағы қастық» деп аталатын бұл фильм сценариін Астананың бұрынғы және бүгінгі әкімі Әділбек Жақсыбеков жазған екен. Алдында ғана «оборонды» басқарып, «оберон» туралы фильм сценариін жазған саясаткердің кино саласына жалпы бұрыннан жақындығы бар екен. Ол КСРО кезіндегі Бүкілодақтық киномотографисттер институтының (ВГИК) түлегі көрінеді. Біздің білуімізде, Әділбек Жақсыбековтің сценариі бойынша дүниеге келіп отырған бұл - екінші көркем фильм. Алдында ол белгілі режиссер Елдар Оразбаев түсірген, 2009 жылы детектив фильмдерге арналған Detective FEST он екінші халықаралық фестивалінің жүлдесіне ие болған "Прыжок афалины" көркем фильмі сценариін жазыпты. Ал бұл жолғы фильм Уранның жер серігі – ғарыштағы Оберон жайлы. Сирек кездесетін бұл металдың жер бетіндегі бір данасы Қазақстан территориясында ғана боп шығады. Жемқор шенеуніктер халықаралық қылмыс әлемімен сыбайласып, оберонды сату үшін шетелге алып шықпақшы болады. Осы арадан бастап шым-шытырман оқиғалар басталып кетеді...
Сол секілді бүгіндері метроға кірсең де, үйде теледидар алдында отырсаң да жарнамасы жылт-жылт етіп беріліп жатқан «Қазақша тонау» фильмі еріксіз көптің көңілін өзіне аударуда. Жұртшылықтың көбіне оның атауы қызық екені даусыз. Өйткені «Сонда қазақша тонау қалай болады» деген сауал жадыда бірден туындары хақ. Бұл – тиімді маркетингтік амал, әйтпесе тонаудың бір-бірінен кереметтей айырмасы жоқ екені бәсенеден белгілі. Өз кезегімізде біз бұл арада фильм продюсеріне көңіл аудартқымыз келеді. Ол еліміздің ең бай адамы, өткенінде ірі қызметтерде болған тіс қаққан саясаткер Болат Өтемұратовтың (меншіктегі жеке капиталы - 3,4 миллиард доллар) баласы Әлидар Өтемұратов боп табылады. 2 миллион долларға түсірілген бұл кино қытай баскесерлерінен 10 миллион евро ұрлап алған төрт достың хикаясын суреттейді. Фильмді түсіру барысында Әлидар бас директоры боп табылатын Green apple инвестициялық компаниясындағы қызметін уақытша ысыра тұруға мәжбүр болған көрінеді.
Саясатта жүрген өнер адамының бірі, депутат кезінде Парламентте ұлт мәселесін көбірек қаузауға тырысқан Бекболат Тілеухан кино жағынан алғанда көпшілікке сыншы ретінде жақсы танымал. Әсіресе, кинодағы қазақ қызы мен ұлы образының масқара деңгейін үлкен мінберден мәселе етіп көтерген кезінде Бекболат мырзаға риза болмаған қазақ кем де кем шығар. Тақырыптың орайы кеп тұрғанда Мәжіліс қабырғасында айтылған ағамыздың сол бір сөзін тағы бір еске сала кетсек дейміз: «Францияда Қазақстанмен қатар бірнеше мемлекет қатысқан «Намыс дода» телешоуы өтті. Ол кезде ақтөбелік бір жігіт америкалықты сабап тастаған. Өйткені америкалық қазақ қызына доллардың шетін көрсетіп, төсекке жүр деп меңзеген. Қыз бұған қатты қорланып, жылап қалған. Бұл істі халықаралық жанжалға жеткізбедік, барлығы өзара ымырамен басылды. Бірақ сотта әлгі америкалық «Қазақстан – Бораттың отаны. Қазақ қыздары көнгіш, тез берілгіш деп ойлағам» деп мәймөңкелеген. Міне, шетелдің қазақ қыздары туралы ой-пайымы осындай. Енді ше?.. «Ирония любви» деген көркем фильмде қазақ қызы қазақ жігітіне қарамай, еуропалықтың артынан сүмеңдеп жүр. Неге бұлай?.. Неге басқа ұлттың қызы қазақ жігітінің артынан жүгірмейді. «Келін» бізге әбүйір әперді ме?.. Қазақ үшін кек алудың шыңы – қызын қорлау. Міне, осындай басыну, осындай бассыздық біздің киноларда өріп жүр... «Қайрат чемпион, №1 пәк жігіт» деген фильмді желтоқсан мейрамында көрермендерге ұсындық. Бұл масқара ғой. Қайрат қазақ үшін қасиетті тұлға. Қайрат Рысқұлбеков, Қайрат Байбосынов. Қайрат Келімбетов пен Қайрат Нүрпейісовті айтып отырғаным жоқ. Ендеше неге ұлтқа қастерлі атты бұлайша масқаралаймыз?..»
Бірер жыл бұрын КТК арнасынан көрерменге жол тартқан, елдігіміздің символы - Алтын адам туралы фильмінің сценариін Еркін Рақышев осы Бекболат Тілеухан ағамызбен бірлесіп жазған екен. Сондай-ақ киногерлер көп мойындай бермейтін, бірақ халыққа туындысы өтімді режиссер Еркін Рақышев «Менің бауырым Борат» деп аталатын комедия да түсіріп үлгерген екен. Өкінішке қарай, Қазақстанды мазақ еткен ағылшын сайқымазағы Боратқа жауап ретіндегі бұл фильм көрсетіліміне үлкен деңгейде тыйым салыныпты. Себебі сапасында мін көп көрінеді...
Белгілі оппозиция өкілі, кәсіпкер Болат Әбілов бүгінгі таңда өзінің көптен аңсаған арманын жүзеге асырып, кітап жазуға кірісіпті. Бұл туралы ол жуырдағы «interview.voxpopuli.kz» басылымына берген сұхбатында жайып салыпты. «1994 жылы Алматыға келіп, өзінің таза еңбегімен, ешқандай тамыр-таныссыз кәсіпкерге айналған қарағандылық қарапайым шахтер жігіт туралы кітап жазуға кіріскем. Бірақ қолымдағы деректер үлкен кітапқа жарамады, сондықтан өз кәсібіммен ары қарай айналыса бердім. Кейін, 2001 жылы осы кітапты тәмамдап, ондағы оқиға желісі бойынша кино түсірсем деп шештім. Сөйтіп Мәскеуде Тимур Бекмамбетов және Бақыт Қилыбаевпен кездесіп, 90-жылдары болған нақты оқиғаларды баяндап, өз ойыммен бөлістім. Ол кезде олар киномен емес, тек жарнамамен айналысатын. Сөйтіп олармен мен кітап, одан кейін фильм сценариін жазуға отыратын боп келісіп кеткем. Бірақ ДВК құрылды да, мен бизнестен саясатқа жол тарттым. Біраз уақыттан соң Ресейде бас рөлде Владимир Машков ойнаған «Олигарх» деген фильм жарық көрді. Ондағы оқиға желісі менің айтып бергендеріме қатты ұқсайды. Қазір мен шығармашылық жоспарларымды ыждаһаттылықпен жүзеге асыруға бел шеше кірісіп кеттім. Кітап жазсам, деректі және көркем фильмдер түсірсем деймін».
Әрине, бұл тізімді ары қарай үздіксіз жалғастыра беруге болады. Олардың ішінде, әсіресе Әбіш Кекілбаев пен Ғаділбек Шалахметов ағаларымыздың еңбектері ерен екені сөзсіз.
Бір пікір
Кеңес Сманов, саясаттанушы:
– Өз басым, саясаттағы адамдардың киноға сценарий жазуын жақсы үрдіс деп бағалаймын. Өйткені олар қалай дегенмен де мемлекетіміздің саяси өмірінің қайнап жатқан ортасында жүрген адамдар. Қарапайым адамдарға қарағанда олардың көріп-білгендері, түйген ойлары көп деп ойлаймын. Өмірде болғанды, әсіресе саяси оқиғаларды киноға әкеліп жатса, бұл біздегі көркем фильмдердің өресін, сапасын арттыруға үлкен үлес қосар еді.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста