Біз бүгін біртұтас ұлтқа айнала алмай отырмыз

Біз бүгін біртұтас ұлтқа айнала алмай отырмыз

Тектілік бас еркі өзінде болған халықта ғана болады. Біздің тектілігімізден айрылуымыздың басты себебі – отаршылдық. Текті халық ешқашан да біреуге құл, бодан болмайды. Сондықтан да отаршылдықтың зардабы ұлтқа өте ауыр. Ол сол халықты толық басыбайлы ету үшін тектілігінен айыруға бар күшін салады. Ол үшін, ең алдымен, елдің жақсыларын сүттің қаймағын алғандай қырып алды.
«Жақсы» сөзін біз қазір тек қана сын есім деңгейінде түсініп қалдық. «Жақсы» деген қазақта – элита дегенді білдіреді. «Жамансыз жақсы болмайды» деген мақал бар. Сол жақсы, яғни элита – қоғамның тектілігінің барометрі. Орыс отаршылдығы қазақты тексіз ету үшін оның игі жақсыларын қырып салды. Мысалы, Абайдың тұқымынан ешкім қалған жоқ. Шәкәрімнің тұқымын тұздай құртты. Алаш қайраткерлерін репрессиялады. Өзге де тектілеріміздің ұрпағын саналы түрде қырып-жою дәйекті түрде жүзеге асырылды. Өз жақсыларынан айрылғаннан кейін, халық жасып, жуасып, «әйт» десе үре жөнелетін, «шәйт» десе жата қалатын қалың тобырға айналды. Бұл – өте ауыр жағдай. Бұл халден шығу үшін біз отарсыздандыру (деколонизация) процесін жүзеге асыруымыз керек. Қазақта «Қарным ашқанына жыламаймын, қадірімнің қашқанына жылаймын» дейтін жақсы мақал бар. Сол қадірі қашу деген – тектіліктен айрылудың белгісі. Ал қарын тоқтық деген құлдардың мәселесі. Бізде қазір сол баяғы қарны тоқ болған кездерін аңсайтындар да бар. Кеңес үкіметі тұсында 1975 жылдардан бастап халықтың жағдайы түзеліп, баршылық заман туғаны рас. Бірақ бас еркіндігі болған жоқ. Халықтың тектілігін қайтару үшін, оның тарихи санасын, тарихи жадысын оятып, ең алдымен, отарсыздандыру процесін жүргізуіміз керек. Абай өзінің отыз тоғызыншы сөзінде: «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуірді біржолата жоғалтып алдық. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен... «Бас-басыңа би болса, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен... Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. Біз бұдан да айрылып қалдық», – дейді. Яғни бұрын қазақта мемлекет болмады, барлығы бір адамға бағынбады дегеннің бәрі бос сөз. Егер қазақ бір адамға бағынбаса, осыншама ұлан-ғайыр жерді қалай сақтап қалар еді? Немістің ұлы ойшылы Ф.Ницще: «Көтеріліс – құлдардың ісі» дейді. 
Б.Момышұлы бабамыз: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» дейді. Жалпы, басшыға бағына білу де тектіліктің белгісі. Осы қасиеттерді жоғалтуымыз біздің ел болудан, жұрт болудан кете бастауымыздың басты белгісі дейді Абай. Қазіргі кезде біздегі тектіліктің ең бастысы – бір адамға бағына білу мәселесі. Өзінің басшысын, ханын сыйлайтын текті халықтар бар. Хан – мемлекеттің біртұтастығының символы. Мысалы, қалмақтар қалай жойылып кетті дегенде, Бұқар жырау айтады: «Кіші қара қалмақ бүлерде, бозылардың билігі бұлт бұрқан болысты, уағдадан жылысты, буыршындай тіздесті, жамандықты іздесті, бірін-бірі күндесті, жаулаған ханын қара оңбас, хан қисайса, бәрі оңбас, Ханын қалмақ жаулаған, сүйткен халық оңбаған. Сол қалмақтың жұрты еді-ау, Үш Қарқара, Көктөбе ит те ұлып қалмаған» дейді. Қазір өздерінің хандарын жаулаған елдердің қандай күй кешіп жатқанын бәріміз білеміз. «Бас басына би болған өңкей сиқым, мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын» дейді Абай. Бас басына би болған халық – тексіз халық. Мұсылман қауымы қандай болуы керек дегенде Мәшһүр Жүсіп ағамыз: «Бас өз орнында, қол өз орнында, аяқ өз орнында болуы керек»,– дейді. Яғни кез келген мұсылманның билікке бағынып, басшыны сыйлай білуі тектіліктің белгісі. 
Бізде бүгін олқы соғып тұрған мәселенің бірі, ол – Абай айтып отырған ұлт ретінде ұйысу мәселесі. «Өкпеге қиса да, өлімге қимайтын» қазақтың ауызбіршілігінен айрылуы өте ойланатын нәрсе. Бас ақынның «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп халықты қайтадан тектілікке, бірлікке шақыруы да сондықтан. Яғни біз бүгін, ең алдымен, ұлт ретінде бір-бірімізді жақсы көруіміз керек. Екінші бір мәселе – мемлекет ресми түрде орыстың бодауында болғанымызды мойындап, отарсыздану процесін қолға алуы тиіс. «Ханның басын хан алар шауып тұрып, қардың басын қар алар жауып тұрып» дейді ғой, орыста «сына сынаны қағып шығарады» деген тәмсіл бар. Яғни бізді қалай дәйекті түрде отарласа, біз енді дәйекті түрде отарсыздануымыз керек. Сонда ғана халықтың тектілігі қайтып оралады. Бұқар жыраудың:
Күн батыстан бір дұшпан,
Ақырда шығар сол тұстан,
Өзі сары, көзі көк,
Бастығының аты Поп,
Күн– шығысқа қарайды,
Шашын қырмай тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ,
Осы сынды бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар ұртыңа,
Жемірлерге жем беріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына,
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды, − дегені келді.
Қан деген адамның ұлттық рухы. Сол қанымызды бауыздамай ішіп, жанымызды суырып алып, орнына орыстың жанын салып берді. Тексіздіктің ең басты белгісі – ұлттың өзін-өзі сыйламауы. Біздің қазір өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміз, жастарымыз орысша сөйлейді. Сырттан келген өзге ұлттар бізді күлкі етеді. Өйткені, өзін-өзі сыйламаған елді өзге ешкім де сыйламайды. Өзінің ана тілін сыйламау – тексіздіктің басты мәселесі. Сондықтан ел боламыз десек, ең алдымен, халыққа өзін-өзі сыйлауды үйретуіміз керек. Бұқар жырау бірлік жайында:

Бұл-бұл үйрек, бұл үйрек,
Бұл үйректей болыңыз.
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін...
Бәріңіз бір енеден туғандай
болыңыз, – дейді.
Осы ұлттық бірлік мәселесіне біз қазір бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Өзіңнің бойыңдағы иттігіңді халыққа жабуға болмайды. «Ит» деген сөз қазақта нәпсі деген мағынаны білдіреді. Нәпсісі күшті болса, ол өз бойын игере алмайды. Және сонысын өзінен көрмей, халыққа жабады. Қазақ олардың бойындағы иттікпен өлшенбейді. Қазақ Абаймен, Шәкәріммен, Төле би, Қазыбек, Әйтекелермен өлшенеді. Ұлттың өлшемі осы заңғар биік тұлғалары. «Халықтың аты керек қой, я мақтауға, боқтауға» деп Абай айтқандай, адам өз бойындағы кемшілікті халыққа жақпағаны абзал. «Жақсы ісінен көреді, жаман кісіден көреді» дейді қазақ. Біз бүгін сол жақсыларды тәрбиелеуіміз керек. Халықтың бойында бекзадалық мінезді қалыптастыруымыз керек.

Бүгін қазақ ұлтқа айнала алмай отыр. Ұлт деген тас-түйін, бірлігі бар, мықты мемлекет. Мысалы, ұлт деген сөзді біз әлі этникалық тұрғыдан түсініп жүрміз ғой. Ал әлемде ол азаматтық деңгейде түсіндіріледі. Сонда ұлт болу дегеніміз не? Ол осы жерде өмір сүріп жатқан орыс та, ұйғыр да, шүршіт те бәрі өздерін қазақпыз деп санауы. Өйткені, олар Қазақстан азаматы. Сонда ғана біз ұлт боламыз. Ұлт – мемлекет, мемлекет – азаматтық. Ұлттық, мемлекеттік, азаматтық деген тең ұғымдар. Біз осы деңгейге жетуіміз керек.

skifnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста