Батыс пен шығысты қасаң стереотиптер бөлмеуі тиіс

Кеше Алматыда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның бірқатар саясаттанушылары бас қосты. Орталық Азиялық демократияны дамыту қоры мен литвалық геосаяси зерттеу орталығының ұйытқы болуымен өткен дөңгелек үстелде Еуропа мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынас мәселесі талқыға салынды.

Жиында сөз алған Орталық Азия мем­ле­кеттерінің сарапшылары алыс Еу­ро­па­мен ынтымақтастықтан бұрын, аймақтағы се­нім­ділікті нығайту керектігін алға тартты. Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­станның өңірдегі интеграция мәселесіне аса мүдделі екенін әрдайым еске салып ке­леді. Алайда айналдырған бес мем­ле­кеттің ортақ мәмілеге келе алмай жат­қа­нына 20 жылға жуықтапты. Сая­сат­та­нушы ғалымдар Еуропа елдері мен Ор­та­лық Азия арасындағы қарым-қа­ты­нас­тың жаңа деңгейге көтеріле алмағанын ай­тады. Өзбек ғалымы Фарход Толипов Ор­талық Азияны жеке бір аймақ ретінде қа­растыруға құлықсыз халықаралық қа­ты­настар ғылымының көне көз­қа­рас­та­рына түбегейлі өзгерістер қажеттігін айтып сал­ды. Еуроцентристік көзқарастармен жа­зылған халықаралық қатынастар ғы­лы­мының кейбір парақтарын қайта қарауға мүд­делі орта табылса құба-құп. Аркадий Дуб­нов: «Еуропа мен Орталық Азияның мем­лекеттері бірнеше ұйымға мүше бол­ға­нымен, батыс пен шығыс арасындағы сте­реотиптің қалыптасқаны жасырын емес», – деді. Саяси шолушы бір айдан кейін Астанада өтетін Еуропадағы қауіп­сіз­дік пен ынтымақтастық ұйымының ке­зек­ті саммитінде осы мәселе күн тәртібіне шығарылады деген үмітін білдірді. «Батыс пен шығыс арасындағы тоңды жібіту үшін қандай қадамдар жасау керек?» деген мә­селені тақырып еткен басқосуға өзіндік ұсы­ныс-пікірлерімен келген шетелдік са­рап­­шы­лар­дың пікірін білген едік.
Грета Тучкуте, Литва геосаяси зерт­теулер орталығының директоры:
– Бүгінгі көтеріліп отырған батыс пен шығыс арасындағы қарым-қа­ты­нас­­ты жоғары деңгейде көтеру мә­се­ле­сін алғаш рет Қазақстанға ЕҚЫҰ эс­та­­фетасы тапсырылар сәтте Президент Нұр­сұлтан Назарбаев көтерген бо­ла­тын­. Бейнежолдауда бір ұйымға мүше бо­ла тұра, қарама-қайшы ұстанымда­ры бар, мүдделері әртүрлі мемлекет­тердің арасын жақындатуды Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде қолға алатыны туралы айтылды. Меніңше, сіздің ел төр­­ағалық етудегі алғашқы 10 айды сәт­­ті өткізді. Ұйым территориясындағы жан­жалды ай­мақтардағы проблема­лар­­ды ба­рын­ша реттеуге тырысты. Еу­ро­­­падағы қа­уіп­сіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымы сияқ­ты іргелі құрылымды шы­ғыстық ел­дің де басқара алатынын дәлелдеді. Бір жылдық жұмыстың қо­ры­тындысы тура бір айдан кейін Астана қа­ласында өт­кізілетін саммит ба­ры­сын­да шыға­ры­лады деп ой­лай­мын. Қы­рықтан ас­там елдің басшылары ке­летін сол жиын­да Қазақстанның жұ­мы­сына ла­йық­ты баға берілуі тиіс. Әри­­не, бір жыл – дипломатиялық жұ­мыс­­тар үшін өте қысқа мерзім. Десе де, көз­ге кө­рі­нетін іс тындырған сіздің ел ке­лесі жы­лы төрағалық эстафетасын қо­лына ала­тын менің еліме үлгі болуы ке­рек деп ойлаймын. Литва биылғы төр­­аға­ның тәжірибесіне сүйеніп, Қаз­ақ­­стан­ның бастамаларын әрі қарай жал­ғас­ты­рары сөзсіз. Сабақтастық үзіл­месе, ұйымның да беделі арта бе­реді.

Рашид Абдулло, тәуелсіз саясаттанушы (Тәжікстан):
– ЕҚЫҰ еуроцентристік көзқараспен құ­рылған ұйым екенін жалпақ әлем жақсы біледі. Ұйымның атқаруы тиіс жұмыс­та­рының аясы тарылып кеткен еді. Қазақстан бір жылдың ішінде ұйым­ның бойына қан жүгірткендей болды. Сонымен қатар Қазақстан шы­ғыстық мемлекеттің, мұ­сыл­ман ел­дің халықаралық беделді ұйымды бас­­қара алатынына көпшіліктің көзін жет­­кізді. Шыны керек, еуропалық дер­жавалар Ор­талық Азияны өз мүдделеріне ғана пай­да­ланғысы келеді. Халықаралық мас­­ш­таб­тағы мәселелерге келгенде біз­ді көзге іл­мей, жеке мүдделеріне кел­генде ғана кө­ңілімізді тауып жү­ретін. Бәлкім, жас мемлекеттердің қо­лынан ештеңе келмейді деп ойлайтын бо­луы керек. Бірақ Қа­зақ­стан осындай қасаң стереотиптерге нүкте қой­ғандай болды. Мұны мен ғана емес, барлық сарапшылар жақсы түсінеді. Тіпті Ыс­тамбұл саммитінен кейін бас қоса ал­маған мемлекет басшылары Астанада бас қосуды құп көріп отыр. Осыған қа­рап-ақ, Қазақстанның Орталық Азияда ға­на емес, халықаралық қауымдастық алдында да қандай беделге ие бол­ға­нын бағамдай беру керек шығар.

Түйін
Батыс шығысқа қанша қырын қарағанымен, дүние алма-кезек. Мұсылман ренессансынан кейін ғана Еуропаның қайта өрлеуі орын алған. Яғни өркениеттер ауысып отырады. Осыдан барып халықаралық саясатта өркениеттің ауысуы деген ұғым қалыптасты. Қазіргі кезеңдегі демографиялық жарылыс болып жатқан шығыс пен демографиялық дағдарыста қалған батыстың ертеңгі қарым-қатынасында адам капиталы да үлкен әсер етпек. Сондықтан қалыптасқан қасаң стереотиптерді жою бүгіннен басталуы керек шығар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста