Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары елге айналу керек

Кеше ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төраға­лы­ғы­мен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия­сының отырысы өтті.
Біздің Елбасымыз өзінің «Қазақ­стан – 2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Қазақстан халқына Жол­дауында қазіргі әлемде жай ғана жап­пай сауаттылық жеткіліксіз болып қал­ған­дығына баса назар аударды. Бәсекеге қа­білетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауат­тылығы жоғары елге айналуымыз керек. Ерекше сенімді Елбасымыз жастар­ға: «Мен сіздерге, жаңа буын қазақстан­дық­тарға, сенім артамын. Сіздер жаңа ба­ғыт­тың қозғаушы күшіне айналуға тиіс­сіз­дер. Мемлекет басшысы ретінде мен әр­дайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өну­леріңіз үшін барлық жағдайды жасауға ты­рыстым. Әлемдік деңгейдегі универси­тет, зияткерлік мектептер аштым, «Бола­шақ» бағдарла­масын құрдым», – деп айтқан­дығын Мем­ле­кеттік хатшы өз сөзінде атап өтті.
«Болашақ» президенттік стипендиясы­ның тағайындалған күнінен бері маңызды міндет – халықаралық деңгейдегі маман­дар­дың бірінші толқынын даярлау табысты орындалды. Қазіргі уақытта Елбасының отандық білім беру деңгейі мен сапасын арт­тыру бойынша саралы саясатының ар­қа­сы­нда, әсіресе Назарбаев университеті­нің ашылуымен, «Болашақ» бағдарлам­а­сы магистрлер мен PhD докторларды ең үздік шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында мақсатты даяр­лауға бағытталып отыр. Бізге отандық білім және ғылым жүйесінде өткізілетін рефор­маларды уақыт талабымен, әсіресе «Қа­зақ­стан – 2050» стратегиясынан туындай­тын міндеттермен үйлестіру қажет. Және алға қойылған, жалпы, ұлттық мақсатқа – жоғары білімді ұлт болуға еш тоқтаусыз қол жеткізу қажет.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұма­ғұлов «Болашақ» халықаралық бағ­дар­ламасын іске асыру бойынша 2012 жылғы жұмыс қорытындылары жөнінде мәлім етті. Ол Үдемелі индустриялық-инно­ва­­ция­лық даму мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы шеңберінде маңызды жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ білім, денсау­лық сақтау және басқа да салаларға қа­жет мемлекеттік қызметшілер, ғылы­мипеда­гогикалық, инженерлік және ме­­ди­ци­налық кадрларды мақсатты даяр­лау жоспарының бірінші кезеңінің орын­далу барысына талдау жасады.
Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында 704 үміткерге «Болашақ» стипендиясын таға­йындау туралы шешім қабылданды. Оның ішінде 316 адам – магистратураға, үшеуі – док­торантураға және 385 адам тағылым­дамаға жіберілді.
Олардың көпшілігі Ұлыбританияда оқу­ға құжаттарын тапсырған – 159 адам, одан кейін АҚШ – 91 адам, Ресей – 34 адам, Германия – 19 адам. Қалғандары Франция, Италия, Австралия, Қытай, Нидерланды, Норвегия, Чехия, Канада, Словакия, Австрия, Швейцария сияқты елдерді таңдаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста