БАҚ–тың фестиваль көрмесі ашылды

БАҚ–тың фестиваль көрмесі ашылды

Астанадағы «ҚазМедиа» орталығында кеше Мәдениет және ақпа­рат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қолдауымен рес­пуб­ли­калық БАҚ-тардың Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған фес­тиваль-көрмесі өтіп, оған қатысқан өңірлік, республикалық га­зет-журналдар мен телеарналар өз өнімдері мен бағдарламаларын жұрт­шы­лық­қа кеңінен таныстыратын жарнамалық ақпараттарын назарға тартты.
Бас редакторлар клубы ұйым­дас­тырған осы фестиваль аясында өз ісінің үз­д­ігі ретінде танылған  журналистердің бір шо­ғыры марапатталды. Атап айтсақ, «Әділет БАҚ МЕДИА» басылымының бас ре­дак­торы Қуанышбек Ботабеков – Қа­зақ­стан­ның үздік редакторы, ал Жетінші ар­наның тіл­шісі Мирас Мұқашев пен «Қа­зақстан» ұлт­тық арнасының тілшісі Берік Кө­шербаев Қ­азақстанның ең үздік жур­налисі деп та­ныл­ды.
Сондай-ақ «Жихан» агенттігінің өкілі Йыл­дыз Доған мен «Рейтер» агенттігінің қыз­­меткері Дмитрий Соловьев  «Еура­зияның алтын қаламы» аталымы бойынша марапатқа ие болды.
Болат Қалиянбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы:
– Бұл фестивальға шамамен 30-ға тарта БАҚ қатысуда. Бұл үлкен жұ­мыс­тардың бастамасы деп ойлай­мын. Өйт­кені еліміздің аймақтарында көптеген газет-журнал ашылып жатыр. Бірақ олардың өздерін, жеткен жетістіктері мен діттеген мақсаттарын барша жұртқа таныстыратын ортақ алаңдары жоқ. Сол себепті оларды оқырмандарға  таныстыру үшін БАҚ-тардың осындай көрме-фестивалін ұйымдастырдық. Бүгін біздің медиа-нарығымызда 2700-ден астам бұқаралық ақпарат құ­ралы бар. Демек, біздің медиа-нарық қалыптасты, әрі қарай дамып келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста