Әуелхан Тұрғымбеков Түлкібас ауданының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Түлкібас аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Түлкібас ауданының әкімі лауазымына Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков тағайындалды.
Ә.Тұрғымбеков 1959 жылы 29 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ химия-технологиялық институтын тәмамдаған.
1981-1983 жылдары - Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инжинер технологы. 1983-1984 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Ленгір аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1984 жылы - Қазақстан ЛЖКО Леңгір аудандық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1984-1985 жылдары - Қазақстан ЛЖКО Ленгір аудандық комитетінің хатшысы. 1985-1988 жылдары - Қазақстан ЛЖКО Шымкент облыстық комитетінің лекторлық тобының меңгерушісі. 1988 жылы - Қазақстан ЛЖКО Шымкент облыстық комитетінің сектор меңгерушісі. 1988 -1991 жылдары - Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы. 1991 жылы - Облыстық халық депутаттары кеңесі ұйымдастыру-кеңес жұмыстары және тұрақты комиссия бөлімінің бас референті. 1991 жылы - Шымкент облыстық халық депуттары кеңесі ұйымдастыру-кеңес жұмыстары және тұрақты комиссия бөлімінің бас маманы. 1992 -1993 жылдары - Шымкент облысы әкімшілігі ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы. 1993 жылы - ОҚО, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары. 1993-1994 жылдары - Төлеби ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - ОҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі. 1995-1998 жылдары - ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары. 1998-1999 жылдары - ОҚО әкімі аппараты басшысының бірінші орынбасары - ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің меңгерушісі. 1999-2000 жылдары - ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары - ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі. 2000-2002 жылдары - ОҚО әкімі аппаратының басшысының ұйымдастыру - инспекторлық мәселелер бойынша орынбасары. 2002 жылы - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі. 2002-2006 жылдары - ОҚО әкімі аппаратының басшысы. 2006 жылы - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының әкімі. 2007-2009 жылдары - «Нұр Отан» ХДП ОҚО бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2009 жылы - ОҚО әкімінің кеңесшісі. 2009 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі қызметін атқарып келді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста