Ашаршылықтың 80 жылдығын атап өту арқылы жалпыұлттық көзқарас қалыптастыруымыз қажет

Қаймана қазақты қынадай қырып өткен ашаршылық туралы қазақ баспасөзінде ғана жиі көтеріледі. Нәубетті жылдардың ақиқатын жалпыұлттық деңгейге көтеруге мүдделілік танытып, тұрақты түрде қаузап жүргендердің бірі – біздің басылым. Біз бұдан бұрынырақ ашаршылық құрбандарына тағзым да жетіспей жатқанын, ескерткіш мәселесін көтеріп жүрген қоғамдық ұйым­дар шырылдағанмен, оған құлақ асар ешкім болмай тұрға­нын ашық жазған едік. Шыны керек, тұтас қоғам кілең халық­тың қалаулыларынан тұратын Парламенттен үміт күткен. Ұлт­тың көкейінде жүрген ашаршылыққа жалпыұлттық көзқарас қалып­тастыру мәселесін жақында Елбасының өзі бірінші болып көтерді.
Назарбаев университетінде жастармен кездесуінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Еліміз биыл қазақтардың 40%-ының өмірін қиған ашаршылықтың 80 жылдығын атап өтеді», – деп мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Биыл мен елімізде ашаршылықтың 80 жылдығын атап өтуге тапсырма бердім. 1929-1930 жылдары қазақтардың 40% қырылды. Біздің аталарымыз, менің әкелерім бұл қалай болғанын айтатын», – деді. Елбасы халқымыз талай қиындықты көргенін, бұдан біз сабақ алып, алға жылжуымыз керектігін атап айтты.
Президент мемлекетқұраушы ұлттың талабына дөп келетін шешім айтты. Ашар­шылықтың ақиқатын айтып, мемлекеттік деңгейде ортақ көзқарас қалыптастыратын уақыт пісіп-жетілді. Қазірдің өзінде хал­қының саны 45 миллионнан асатын украиндер ашаршылықты геноцид деп таниды. «3-3,5 млн украинды жалмап өткен зұл­мат­ты ұлтты жаппай қырды» деп айыптап, арнайы заң қабылдап үлгерді. Қазір украин тарихындағы ашаршылықты әлемнің 30-ға жуық елі геноцид деп қабылдады. Ол­ар­дың қатарында Батыс және Шығыс Еу­ропа, Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Австралия құрлығындағы өркениетті, дамыған мемлекеттер бар.
Тарихшы қауым 1919—1922 жылдар аралығында 1 млн, ал 1931-1933 жылдары 2,4 млн қазақ аштан қырылғанын айтады. Украинамен салыстырғанда нәубетті кезеңде аштықтан қырылғандардың жалпы саны бірдей болғанмен, жалпы халық­тың санына шаққанда қазақтың қарасы айтарлықтай сиреп қалды. Сонымен, ашар­шылықтың 80 жылдығына орай қандай шаралар жасалуы қажет?
Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Бізде ашаршылыққа, саяси реп­рес­сияға қатысты материалдар толық ашылған жоқ. Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің мұрағат қорларында жатқан рес­­публикалық, облыстық ашаршы­лық­қа қатысты материалдар көтерілуі тиіс. Себебі тарихшылар мен зерттеуші­лерге сол материалдарды бермей ұстап отыр. Бұл – әділетсіздік. Нақты айтар бол­сақ, Кеңес өкіметінің қылмы­сын жа­сы­ру деген сөз. Қазақстан өзін Кең­ес­­тер Одағының заңды мұрагері деп жа­риялаған жоқ қой. Онда неге қылмыс қасқана жасырылуы тиіс? Сондықтан ғалымдардың объективті зерттеуіне мүм­кіндік беру керек. Сонда ғана шын­дық ашылады. Посткеңестік елдердің ішін­де Украинада бұл мәселе жақсы зерт­телді. Тарихшыларымыздың зерт­теуіне мүмкіндік берілмеуінен бізде әлі күнге дейін ашаршылыққа қатыс­ты көптомдықтар, монография­лық ең­бек­тер шыққан жоқ. Бұл нені білдіреді? Бізде әлі күнге дейін отандық тарихшы­лардың ашаршылыққа қатыс­ты дербес тұжырымдамасы жоқ дегенді білдіреді. Осы арқылы біз украин­дер­дің ғылыми еңбектеріне тәуелді боламыз. Солардың аштыққа байланысты көзқарастарын қабылдаудан бас­қа амал қалмайды.

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:
– Біріншіден, әрбір облыс ашаршы­лық­тан қырылғандарды еске алып, үл­кен-үлкен ас берулері керек. Екіншіден, бұл тек 80 жылдықпен шектелмеуі тиіс. Қазақ үшін қаралы күн ретінде белгіленуі қажет. Қазақ ұлты басынан небір нәубетті өткізді ғой. Бірақ халықтың тең жартысы қырылған зұлмат болған емес! Біз 90-жылдары азалы күн өткіз­етінбіз. Үшіншіден, біз қазір саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын еске алу күні­мен араластырып атап өткен боламыз. Міне, осы екі басқа мәселенің аражігін ажы­ратып алу қажет. Төртіншіден, ашар­­шылыққа жалпыұлттық көзқарас қалып­тастыру үшін облыс орталық­та­рында ашаршылық құрбандарына арнап ескерткіш қою керек.

Бізден ұсыныс
Ашаршылықты зерттейтін қауымға кеңінен ақпараттық қолдау қажет. Мысалы, бізге үлгі боларлық аштық туралы шынайы деректер, фотосуреттерге біздің тарихшы ғалымдар қол жеткізе алмай жүрсе, Украинада әрбір ынталы азамат біледі. Өйткені тек ашаршылыққа қатысты танымдық сайттар жұмыс істейді. «Анти-Голодомор-Геноцид» атты фанклубы белсенді. Тіпті Сталин бастаған КСРО көсемдеріне жергілікті сот шешім шығарып айыптағаны да бар. Бізде жағдай басқаша. Әзірге қазақ баспасөзі мен қазақтілді тарихшылардың ғана проблемасы сияқты көрінеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ашаршылықтың 80 жылдығын атап өту жөніндегі тапсырмасын лайықты деңгейде жүзеге асыру құзырлы орындарға жүктелсе, жұмысты қадағалап, талап қою қашанда халықтың еншісінде. Осы ретте электронды Үкіметті дамытуды қолға алып жатқан елімізде ресми органдар бұқараның ұсыныс білдіруіне жағдай жасаса деген тілек бар. Шенеуніктер Президенттің тапсырмасын жоғары деңгейде атап өтеді деген сенім де жоқ емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста