Арақ ішуден алдыңғы орынды бермей тұрмыз

Мансұр ХАМИТ (фото)

Алматы маңындағы ауыр апат Мәжіліс депутаттарының да қабырғасын қайыстырды. Сондықтан да палатаның жал­пы отырысы кеше ұшақ апа­тынан қаза болғандардың туыс­тарының қайғысына ор­тақтасып, үнсіздік жа­рия­лау­мен басталды. Ал күн тәр­тібіндегі жеті бірдей заң жо­басын өндіріске алған мә­жілісмендер басқосуды бас-аяғы 15-ақ минутта аяқ­тады.

Кеден одағындағы ең арзан арақ – Қазақстанда
Бір топ депутаттың алаңдаушылық біл­діріп, атқарушы билікке хат жолдауына Қа­­зақстанда ішімдік ішудің күрт өсіп ба­ра жат­қаны себеп болыпты. Әріптес­те­рінің аты­нан сауалды жариялаған депутат Ерген До­шаев әңгіме төркінін сипатымызды та­ны­татын сандық көрсеткіштен бастады. Ай­туынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­­мы бүкіл Жер шарында спирт ішім­дік­те­рін тұтыну деңгейін айқындау үшін 188 елде арнайы мониторинг жүргізіпті. Сол ұйым­ның 2011 жылғы рейтингінде Қа­зақ­стан 34-орында тұр. Бұл еліміздің әрбір азаматы жылына 11 литрге жуық таза этил спиртін немесе 50 бөтелке арақ тұтынады дегенді білдіреді екен. «Нәтижесінде Қазақстан Орталық Азияда нағыз ішімдікке құмар ел болып отыр. Мысал үшін айтатын бол­сақ, жоғарыда аталған рейтингіде  Қыр­­­­ғызстан – 106, Түрікменстан – 114, Өз­­бекстан – 131, ал Тәжікстан 134-орын­да тұр. Тіпті көршілес 1,5 миллиард халқы бар Қытайдың өзі 95-орында тұр», – деп қын­жылады Ерген Николайұлы.
Тоқтала кететін жайт, Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы халықтың жан ба­сы­на шаққанда тұтынылатын ішімдіктің ше­кті дең­гейін де есептеп, оның 8 литрден ас­пауы тиістігін алға тартыпты. Ал Қазақстан мұн­дай «қызыл сызықтан» баяғыда-ақ асып кеткен. Ал алкогольды артық тұтыну ұлт­тың азып-тозуына, сосын одан әрі құ­руына әкеліп соқтырады. Азып-тозу де­мек­ші, Ерген Дошаев мырза әлгі кесірлі құ­былыстың салдарынан болатын келеңсіз жайт­тарды да шолып шықты. Мәселен, де­пу­таттың сөзіне қарағанда, соңғы бес жыл­да елімізде мас күйде жасаған қылмыс саны екі еседен астам өсіп, 13 мыңнан ас­там фактіні құрады. Осы уақыт ішінде ішім­дік­пен елірген қылмыскердің қолынан 3172 қазақстандық қаза тапқан. Көлікті мас күйінде басқарған жүргізушілер саны бес жылда 330 мыңнан асып жығылыпты. Әл­­гіндей  маскүнемдер 1814 жол-көлік оқи­­­ғасын жасап, соның салдарынан 494 адам қаза тапса, 2,5 мың адам түрлі жа­ра­­­қат алған. Келеңсіз факторлар мұнымен де шектелмейді. Ішімдік тұрмыстық жан­жал­­дан бастап, елдегі демографиялық жағ­дайға және жалпы экономиканың да­муы мен әлеуметтік өмірге де өз кесірін ти­гізеді. «Егер статистикаға жүгінсек, жыл са­йын дүниежүзінде алкоголь ішімдігін ша­мадан тыс тұтыну салдарынан 2,5 мил­лион адам көз жұмады. Әлемдегі мас­кү­нем­дердің 11 пайызы апта сайын ұзақ мер­­зімдік ішкілікке салынады. Ал олардың 30 пайыздан астамын әйелдер құрайды.  Әлемді қойыңыз, өзіміздің жағдайымыз мәз емес. Соңғы бес жылда ішімдікке са­лы­нудан немесе соның кесірінен 12 мыңға жуық қазақстандық қайтыс болған. 210 мың­ға жуық адам наркологиялық дис­­пансерде есепте тұр», – дей келе де­путат Ерген Николайұлы әлемдік тәжірибені қа­перге салды. Мысалы, әлемнің 80 елін­де маскүнемдіктің алдын алуға арналған мемлекеттік саясат жүргізіледі. Діні күшті Араб елдерінде ішімдікке тікелей тыйым салынғанын да білеміз. Ал Қазақстанда «атадан қалған ас емес» деп қанша қақса­ға­­нымызбен, жағдайымыз әлгіндей болып­ты. Сондықтан да депутаттар асқы­нып бара жатқан кеселді ауыздықтауды айтып алаңдаушылық білдірген. Сол үшін халық қалаулылары күрестің ең тиімді түрі ретінде экономикалық шараларға баруды ұсынады. «Ең алдымен, спирттік ішімдікке акцизді арттыру арқылы халықтың, әсіресе жастардың оған қолы жетпейтіндей жағ­дай жасау қажет. Бұл біз үшін аса маңызды. Өйт­кені Қазақстандағы арақ  Ке­ден ода­ғын­да ең арзан арақ болып табылады. Оның себебі де қарапайым – акциз став­ка­лары төмен. Егер елімізде 2012 жылы бір литр этил спиртін дайындау кезінде акциз түрінде 60 теңге өндіріп алынатын болса, Ре­сейде бұл 163 теңгеге жуық, ал Бе­ла­русьте 380-432 теңге аралығында. Елімізде жарты литрлік араққа акциз 100 теңгені құрайды. Ал Ресей мен Беларусьте бұл көрсеткіш одан 2,5 есе жоғары», – дейді Ерген Ни­ко­лай­ұлы. Құптарлық жайт.
Өз тарапымыздан айтарымыз – темекі мен араққа акцизді арттыру Мәжіліс дең­гейінде бүгін ғана көтерілген мәселе емес. Әйт­се де бұл – әр кездері әртүрлі се­беп­термен нақты шешім таппай келген күрмеуі қиын шаруа. Сондықтан да кей жағдайда депутаттардың өздері де «лоббизмнің» иісін сезіп тұрушы еді. Басқасын қойыңыз, был­тыр ғана дәл осы депутат Дошаев кө­терген мәселеге кереғар пікірді министр До­саев айтып, салық заңнамасында «ал­ко­гольдық өнім мен этил спиртінің өн­ді­рі­сінде қолданылатын шарап мате­риал­дарына акциз ставкасын литріне 20-дан 0 теңгеге дейін төмендету болжанады» деп шо­шытқан. Ол жолы әңгіменің аяғы сиыр­құ­йымшақтанып кеткен еді. Ал бұл жолы 18 депутат қолын қойғандықтан, Үкіметке жол­даған үшбу хаттың түтіні түзу шығуға тиіс. Өйткені әңгіме Қазақстанның ғана емес, Кеден одағының аясында болып отыр ғой. Ендеше, көршілердің «Қазақстан да арағына бағаны көтерсін» демегенін де ешкім кесіп айта алмайды.  
Тестілеудің жаңалығы мәжілісмендерге тағы да жақпай қалды
«Тестілеудің естілеу әдісі» туралы қоғам ара­сындағы айтыс-тартыс жақын аралықта тыншымайтын түрі бар. Күні кеше білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұ­лов мырза жә­не бір жаңалықты жариялап, екі кезеңді тес­­тілеу әдісін ұсынған болатын. Сай­лау­шы­­лардың «сәлемімен» сөйлейтін Мә­жі­лістің бір топ қалаулылары мұндай жа­­ңа­лық­қа тағы да  қарсылық танытты. Жа­­­­­­қын­да ғана жұртшылықпен жүздесіп қайт­­­­қанда халықтың көңіл күйі де ми­нистр­­­дің мұнысын құптамаған сыңайлы. Со­ған орай, бір топ депутат атынан Үкімет­ке са­уал жолдаған Гүлмира Исімбаева Ұлт­тық бір­ыңғай тестілеудегі екі басты пробле­ма­ны шешу мәселесін көтерді. Оның бірі –тес­­тілеудегі «бесінші пән» мәр­тебесіне қа­тыс­ты. Депутаттың ай­туын­ша, «Білім ту­­­ра­лы» заңға сәйкес, мемлекеттік және орыс тілдері 2008 жылдан бері ҰБТ бағ­дар­ламасына енгізілген міндетті пән­дер болып табылады. Алайда «бесінші пән» нәтижелері, яғни орыстілді мектептер үшін қа­зақ тілі, ал қазақтілді мектептер үшін орыс тілі пәнінен алынған балл білім грант­­тарын иелену конкурсында есепке алын­­байды. «Бұл теңгерімсіздік тудырып, тү­­лектердің мүмкіндігін шектейді, пәндер арасында кемсітушілікке әкеліп соғады. Солай бола тұра, «5» деген баға алу үшін аталған екі пәннен бір балл ғана жетіспей тұрса, соның өзі оқушыны «Алтын белгі» алу мүмкіндігінен айырады. Осылайша «бе­сінші пәннің» нәтижелері тек теріс жағ­дай­лар бойынша ғана есепке алынып отыр», – дейді депутат Гүлмира Истай­бек­қы­зы.  Оның сөзіне қарағанда, бұл про­бле­­­маға 2008 жылдың өзінде депутаттар на­­зар аударып, сауал жолдаған болатын. Алай­да алынған жауап қанағат­тан­ды­рыл­майды әрі осы жылдар ішінде нақты ша­ра­лар қабылданбаған. «Бұдан бөлек, сай­лау­шылармен жүздесу барысында ҰБТ-ға енгізілу мүмкіндігі қарастырылып жатқан тес­тілеудің екі кезеңіне қатысты жұрт­шы­лық тарапынан алаңдаушылық айтылды.  Әлгі енгізілуі мүмкін екі кезеңнің бірі орта білімді аттестаттау  болса, екіншісі – кәсіби жоғары оқу орнына түсуге арналған ке­шен­­ді тестілеу. Бұл жаңалық, біздің ойы­мыз­­ша, дәлелсіз, дәйексіз. Өйткені жоғары оқу орнына түсу абитуриенттерді кешенді тес­тілеуден өткізу арқылы реттеледі. Со­ны­мен қатар екі кезең енгізу қолда­ныс­та­­ғы білім заңнамасына қайшы болып та­бы­­лады. Мәселен, заңымызда: «ҰБТ жал­пы орта білім ұйымдарында оқитын оқу­­­­­­шы­лардың қорытынды аттестаттау фор­­­­масының бірі болып табылады және ор­та және жоғары оқу орнынан кейінгі бі­лім беретін ұйымдарға түсу емтиханымен қа­­тар қарастырылатын болады» деп жа­зыл­­­ған», – дейді Гүлмира ханым Исім­баева.
Мұндайда еске салатын жайт, білім және ғылым ми­нистрі тестілеудің екі кезе­ңі­не қатысты өз­ге­рісті 2015 жылға қарай ен­гізбекпін де­генді білдіріп еді. Ал де­пу­таттар екі кезеңді енгізуге заңның қайшы екенін алға тартты. Ендеше, министр мырза айтқанынан қайтпаймын десе, заңға өзгеріс енгізуі тиіс. Уақыт көрсетеді, уақыт бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста