Ақорда төрінде алапат жылдар ақиқаты айтылды

Ақорда төрінде алапат жылдар ақиқаты айтылды

Қуғын-сүргін құрбандары деген қасіретті атаумен тарих парағына жазылған жандар тағдыры – қазақ ұлтының жүрегіндегі мәңгі жазылмас жара екені белгілі. Кеңестік биліктің кесапаты қазақпен қатар неше ондаған ұлт халқының, жай халық емес, сүт бетіне шығар қаймағын қасап қырғынға салды. Тәуелсіз қазақ елі осы бір зұлмат кезең құрбандарын мәңгі есте сақтау үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асыруда. Кеше Ақордада жазықсыз атылған тұлғалардың ұрпақтарымен кездесу өткізген Елбасы қаралы жылдар кезеңі жайында олармен кеңінен әңгіме өрбітті.

Саят Ілиясұлы Жансүгіров, Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова бастаған Алаш арыстарының ұл-қыздары және кездесуге өзге елден келген Розетта Айтматова, Азарий Плисецский, Майя Кляшторная т.б. «қызыл террор» құрбандарының ұрпақтары — жантүршігерлік жаныштауды жан-жүрегіне мәңгі ұялатып қалған жандар. Себебі, олар — біз бен сізге аңыз сынды қанды қырғында ата-аналарынан тірідей айырылған шерменде адамдар. Елбасының бұл адамдармен бетпе-бет жүздесуінің өзі де – нәубет заманның тірі куәгерлерімен сыр шертісіп, олардың қазіргі күні құрбандарды қастерлеу төңірегінде халық болып атқарып жатқан игі істерге деген көзқарасын білу.

 «Естеріңізде болса, КОКП-ның XX-съезі болардың алдында мынадай санды деректер жарияланған еді. Яғни 1921-1954 жылдары жалпы сотталғандардың саны 3 млн 777 мың адамға жеткен. Оларың ішінде 642 мың адам ату жазасына кесілген. Аталған уақыт аралығында Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінге 100 мың адам ұшырап, олардың 25 мыңы атылған. Ал осы мәліметтерге қарайтын болсақ, Карлаг пен Алжирде 2 миллиондай тұтқын болған», — деді Президент осы кездесуде.

Елбасы келтірген деректерге сүйенсек, 1938 жылы 25 ақпаннан 13 наурыз аралығында әскери алқа Қазақстанның басшылығында отырған барлық 650 адамды ату жазасына кесіпті. «Яғни, ұлт бүтіндей басқару билігінен айырылды», – деді Н.Назарбаев.
Жалпы, XX ғасырдың орта тұсында, яғни 1920-1950 жылдар көлемінде КСРО-да 40 млн адам қуғын-сүргінге ұшырап, мөлшермен 25 млн адам бай –қулак ретінде тоналып, дүние-мүлкі ұжымдастырудың талан-таражына ұшыраған. Осы зобалаңда Қазақстанға әртүрлі ұлт өкілдерінен 1,5 млн адам жер аударылған. Қазақстанда 1993 жылы арнайы заң қабылданып, қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастағаны мәлім. Ал 31 — мамыр «Қуғын-сүргін құрбандары күні» деп белгіленген болатын. «Аталған зұлматтан аман қалған қазақ шаңырағы аз шығар, малы ұжымдастырылу қазанына түскен шаруалар аштан қырылды. Одан бері Кеңестік жүйе «халық жауы», «шетелдің тыңшысы» деп қаншама боздақтарымызды жазықсыз оққа байлады», – деді Елбасы. Десе де, президент Нұрсұлтан Назарбаев халық, бүгінгі ұрпақ өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргінге әлдебіреулерді кінәлағанның орнына, қайта тарихтың осы бір толқымалы кезеңіне қатысты шынайы баға беру керек деген ой білдірді.

«Біз бүгін елімізде болған сол бір зұлматты еске алу үшін бас қосып отырмыз. Біздің міндетіміз – жау іздеу емес, ол оқиғалардан ұрпақ хабардар болуы үшін шынайы тарих жазу... Қазір осы оқиғаларды еске алып, жадыға түю үшін, сол арқылы осындай апатты қайталамау үшін «Келешекте есте сақтау үшін» деп аталатын халықаралық жоба жасалуда. Ол біреуді айыптау үшін емес, шындықты білу үшін жасалып жатыр», – деді Н.Назарбаев. Айта кетерлігі, қазіргі таңда елімізде 350 мың адам ақталғандар қатарына кіріп үлгерді. Жазықсыз жандарды ақтау жұмыстары әлі де жалғасын табуда.

Кездесуге жиналған қонақтар Ақорда төрінде Елбасымен емен-жарқын сұхбаттасып, өздерінің өткен өмірлерінен естелік айтты. Шетелден келген қонақтар болса, Қазақ даласына әке-шешесі жер аударылған кездегі қазақ ұлтының көрсеткен қамқорлықтарын да тамсана әңгімеледі. Сондай-ақ бүгінгі қазақ мемлекетінің жазықсыз қырғынға ұшыраған құрбандарын еске алу жолында істеп жатқан түрлі бағыттағы істеріне тәнті екендерін жеткізді.

Саят Ілиясұлы Жансүгіров:
– Қазақстан күн сайын өркендеп келеді. Бұл да болса, өткеннен сабақ алған елдің жаңа болашаққа жүйелі бағытпен ұмтылыс жасауы деп білеміз. Қуғын-сүргін құрбандары жөнінде де мемлекет көлемінде, халықаралық деңгейдегі игі бастамалар қолға алынған. Бұл – солақай саясаттың қырғынына ұшыраған боздақтардың ұрпақтары үшін жүрегіне сенім ұялатып, еліміз үшін мақтаныш тудыратын істер. Астана іргесіндегі «Алжир» тұтқындар лагері орнынан ашылған мұражайдың өзі неге тұрады!? Алыс-жақыннан келген жандардың бәрі бір соқпай кетпейді десем, артық емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста