Ақиқатын айтайық: жастардың 10 пайызы – нашақор

Ел ішінде нашақорлардың саны бойынша Астана қаласы төртінші орынға табан тіреп тұр. Ресми деректер солай сөйлейді. Мә­се­лен, Қазақстанда есірткі тұтынатын 5 мың­ға жуық жасөспірім тіркелсе, соның 200-ге жуығы астаналық өскіндер қата­рынан. Мұнымен қоймай, жаман кеселге үйір­сек­теген жандардың 60 пайыздан астамы жасы 30-ға дейінгі жастар мен әйелдер екені тағы анықталып отыр. Айтса адам сенгісіз деректерді естігенде, қазақтың та­мырын балталап жатқан кеселдің зоры осы нашақорлық па деп қаласыз. Қазақы тәр­биенің қай тұста әлсіздік танытқаны бір Құ­­дайға ғана аян. Бізге мәлімі, есірткіге еліт­кен­дердің дені жыл сайын «жасарып» барады.
Қазақтың танымында бұрын-соңды болма­ған есірт­­кіге қатысты деректер күн санап «есіріп» ке­­ле­­ді. Аузымызды құр шөппен сүртуден аулақ­пыз, рес­ми деректер жыл сайын 300-ден астам қазақстандық есірткінің ке­сі­рі­нен өмірімен қош айты­са­­тынын көр­сетіп отыр. Бұл – тек ресми дерек көз­­дері та­рат­қан мә­лімет қана. Ал тір­кел­ме­ген­де­рінің қа­тары қан­ша­ма?! Тағы бір де­рек­тер 2000 жы­лы Қа­зақ­стан­да 34 мың наша­қор ар­­найы ба­қылауда бол­ға­нын мә­лім­десе, аузы дуа­лы БҰҰ-ның Есірткі сау­да­сына және қыл­­мыс­қа қарсы кү­рес бас­қар­масы бұл жыл­дары Қа­­зақ­станда 50 мың­ға жуық есірткіге тә­уелді адам өмір сүргенін ай­тып отыр. Қазір бұл көр­­сет­кіш 54 мыңға жеткен. Со­ның ішінде 5 мыңы  жас­өс­пі­рім­дерге тиесілі бол­са, 4 мың­ға жуығын нә­зік жан­дар құ­райды. Алай­да нар­колог ма­ман­дар елі­міз­дегі есірт­кіге тә­уелді на­ша­қор­лардың нақ­ты саны 54 мың де­ген­ге сен­бейді. Олардың па­йым­да­уынша, рес­ми көр­сет­кіш­тер­ді ең ке­мін­де үш-төрт есеге кө­бейт­кенде ғана шы­найы де­рек­терге бір табан жа­қын­­дайды екен­біз. «Жақ­сы­лығын асырып, жаман­дығын жа­сы­руды» әдет­ке ай­налдырған қа­зақ­пыз ғой, кейде жа­ғымсыз жайт­тарды жар сал­май жа­та­мыз. Бірақ шын­дықты қанша бүркемелеге­ні­міз­бен, ке­сел дерт­тің «то­зақ отына» күйіп жатқан­дар­дың де­ні – жас­­тар. Сөзімізге дәлел болу үшін ай­та­йық, елі­міз­дегі әр­бір оныншы жастың көңіл кө­теріп, уа­қыт өт­кізу ер­мегі үшін есірткі пайда­ла­на­тынын құ­қық қор­­ғау ор­ган­дары мәлім етті. Оған түрт­кі бол­ған ай­ғақ – соңғы жар­ты жыл ішінде Ас­тана қа­ла­­сын­­да 35 келі есірткі заттары тәркіленген. Оның же­­ті келісі – героин. Астана қалалық ішкі істер де­­­­п­ар­­­­та­менті өкілдерінің мәліметінше, қазір жас­тар­­дың есірткіге еліктеуі қатаң бақылауда тұрған кө­рі­не­ді.
Әрбір алтыншы емделуші – әйел
Республикамызда қатерлі індеттің алдын ала­тын тоғыз орталық жұмыс істейді. Соның бірі – Ас­тана қаласының медициналық-әлеуметтік са­уық­тыру орталығы. Аталмыш орталықтың бас дә­рігерінің орын­басары Гауһар Бектаеваның ай­туынша, Ме­ди­ци­налық-әлеуметтік сауықтыру ор­та­лығы – есірткі мен ішімдікке тәуелді нау­қастарды емдейтін Астана қаласындағы жалғыз ор­талық. Онда жылына 3 мың­нан астам науқас ме­дициналық көмекке жүгінеді. Таратып айт­қанда, емделушілердің 2 мыңға жуығы өз ер­кімен келетін болса, қалғандары сот шешімімен мәж­бүрлі түрде емделеді. Орталықтың ба­қы­лауында ұзын-саны 17 мыңға жуық адам есепте тұр, олардың 3,5 мыңнан астамы – есірткіге тә­уел­ді жандар.
Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, 20-25 жас аралығындағы «шикіөкпелер». «Бір қызым бір қызымнан өткен сорақы» деп қазақ күйініп айтқандай, Гауһар Бек­таева соңғы уақытта орталыққа бас сұ­ға­тын­дардың арасында ішімдікке салын­ған орта жастағы әйелдердің жиілеп кет­кенін айтады. Сондай-ақ бесіктен белі шық­­пай жа­тып алкогольдық сусындарды кө­ңіл кө­те­ру ермегіне айналдырған жас өскін­дер­дің соңында маскүнемге айналып шыға келу фактілері азаймай отырған көрінеді. Мамандардың пікірінше, қатерлі кеселге тап болудың басты себепші фактор­ла­ры­ның  бірі – әлеуметтік жағдай. Тағы бір қа­сі­ретті дәйек, Астана қаласының нар­ко­логиялық диспансерінде емделіп жатқан әр­бір алтыншы науқас маскүнемдікке, есірт­кіге салынған қыз-келіншектер екен. Жал­пы, орталықтың бақылауындағы әйел­дер­дің саны 2 мыңнан асып жығылған.
Гауһар БЕКТАЕВА, Астана қаласының медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығы бас дәрігерінің емдеу жұмысы бойынша орынбасары:
– Жастардың көбі героин және синтетикалық есірткіні көп пайдаланады. Бұның соңы олардың ерте жастан мүге­дек болып қалуына апарады. Нәти­же­сінде, оларға ерте жастан-ақ ауру­ха­наның кереуетіне таңылып, ұзақ уақыт ем алуына тура келеді. Мұның бәрі – батыстан соққан желмен біздің қоғамға ен­ген індеттер, яғни тобырлық мәде­ниет­­тің жемісі. Мені сол мәдениеттің құр­­сауында қалып, өз өмірлерін өксітіп жүр­ген жастардың жайы қатты толған­ды­рады. Жасыратын несі бар, наша­қор­лардың басым көбі – қалалықтар. Мұндай жолға тап болатындардың бір­не­­ше топтарын атап өтуге болады, бар­ды қа­нағат көрмейтін бай-манап­тар­дың еркетотай ұл-қыздары, екіншісі – ойын-сауықтан басталатын тәуел­ді­лік­ке ұшырайтын орташа әлеуметтік топ­тағы жастар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста