Ана тілі – ардың ісі

Ана тілі – ардың ісі

Қазақтың тілі – сіз бен біздің ардақты ана тіліміз  қашан біз күткен биіктен көрінеді?  Қайтсек ол біртұтас қазақ мемлекетінің басынан бақайшағына дейінгі сан-салалы тамырын қуалай соғатын қуатты  күшке айналады? Мемлекеттік жиындар мен еларалық келіссөздерден бастап, дүкендегі сауда-саттыққа дейін тек қазақ тілі жүретін күнге жетеміз бе?  Жауап қарапайым: әр қазақ, барша қазақ, сіз бен біз, қаным қазақ деген әрқайсымыз сол үшін қылдай болса да қарекет қылғанда ғана сондай арайлы күн туады! Сонда ғана толқыннан толқын туып, бір игі іс екінші бір ізгі қадамға түрткі болары анық.
Аллаға шүкір, біздің бүгінгі қо­ғам­­да осы­­ны түсініп, бі­рінші ке­зекте қызметтес­те­­ріне, айналасына өнегелі үлгі болып жүр­ген азаматтар бар­шы­лық.  Олар қазақ ті­­­лінің мәрте­бесін өсі­руге  күнделікті қыз­ме­тімен, қа­жыр­­лы еңбегімен, одан қала бер­ді, қар­жылық-мате­риал­­дық қолда­уы­мен өз үлестерін қосып келеді. Бірақ олар­дың ешқайсысы бұл қызметін бұл­даған емес. Олар мұ­ны азаматтық пары­зым деп түсінеді. Абай айтқан  «Сү­­йер ұлың болса, сен сүй»  дейтін аза­маттар, мі­не, осы­лар.  Өт­кен дүй­сенбі күні «Тіл» жур­налы мен «Тіл жа­на­шыры»  қоғамдық бір­лестігі Ас­та­надағы Бейбітшілік жә­не ке­лісім са­ра­йында сән-салтанаты келіскен жиын өт­кі­зіп, қазақ тілінің өрісін әр са­ла­да кеңітуге ат­салысып жүрген осындай ат­пал аза­мат­та­рымыздың бір шоғырын   «Тіл жа­на­шы­ры» құр­мет белгісімен ма­ра­паттады.
«Тіл жанашыры» – тілшілер
Айтпақшы, биылғы тіл жа­на­шыр­лары, не­гізінен, осы тілдің жайын  үне­мі көтеріп,  би­лік пен қо­ғам наза­ры­на жалықпай тар­тып келе жатқан бұ­қаралық ақпарат құ­рал­­дарының өкіл­дері арасынан таң­да­лыпты.  Олар­­дың қатарында еліміз Тә­уел­сіздігін алғанда алғаш мо­йын­дап қоймай, «ата­жұрттағы бауырым» деп жеткен Түр­кия Президенті Тұрғыт  Өзалмен бірге қа­зақ жеріне аяқ басқан түрік азаматтарының бі­рі, бүгінде «Қазақ­стан-ZAMAN» газе­ті­нің бас директоры Ахмет Аляз бар екен.
Сахнаға шығып, қазақ тілінің жа­нашыры белгісін төсіне қадаған ол тебіренісін жасыра алмай: «Қа­зақ тілімен өстім, қазақ тілімен осы күн­ге жетіп отырмын, қа­зақ хал­қына, Аллаға ризамын», – деп те­бірене, тө­гілте сөйлегенде біздің 30-40 жыл бойы Қазақстанда тұ­рып, әлі қазақша сөйлей алмайтын ше­неуніктеріміз, шір­кін, бір ші­мір­кенді ме екен?!
Қазақ тілін нарық тіліне айналдыруға күш салсақ...
«Тіл жанашыры»  құрмет белгісіне  ла­йық деп танылған  «Алаш айнасының» бас редакторы,  белгілі журналист Серік Жан­болат та кеудесіне төсбелгісін тағып тұрып: «Қазақтың тілі нарық тіліне айналуы тиіс. На­рық тілі қазақ тілінде сөйлегенде ға­на қа­зақ тілінің мәртебесі көтеріледі. Біздің бә­ріміз сол үшін қызмет қылуымыз керек», – деген тілдей ойын ортаға тастады. Ра­сын­да да, нарық, яғни бүгінгі экономиканың барлық саласы, техника, технология, ин­тернет – бәрін қазақ тілі игерсе, қазақ ті­лі­нің бүгінгі проблемасы өз-өзінен күн тәр­ті­бінен түспек. Тек ол үшін бәріміз соған жұ­мылып, нақты іске көшуіміз қажет.  Серік Мей­­рамбекұлы да осыны нықтап тұрып айт­ты.
Сонымен, бұл жолы тілшілер қауы­мы­нан «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төр­аға­сы  Айдос Үкібай, Республикалық қо­ғам­­дық-саяси «Айқын» газетінің бас ре­дак­торы Нұртөре Жүсіп,  «Айгөлек» жур­на­лының бас редакторы  Қымбат Әбіл­да­қызы,  «Вики білім» қорының жетекшісі Ра­­уан Кенжеханұлы, «Қазақстан» ҰТК-ның жүр­­гізушісі, тілші Майя Веронская,  Жетінші те­­ле­арнаның бас редакторы Бибігүл Жек­сен­бай, «Жас қазақ үні» газетінің бас ре­дак­торы  Қазыбек Иса ағамыз осы ма­ра­патқа ие болды.  Қай-қайсысын алсақ та, ел үшін, мемлекеттік тіл үшін тіресіп, сі­рес­кен саясаттың құрсауын табанды ең­бек­те­рімен, қайрат-қажырымен бұзып, қазақ халқының рухын оятуға, мемлекеттік тілін көркейтуге жан аямай қызмет етіп жүрген азаматтар.  Оған дәлел  – басқарып отыр­ған газет, журнал, телеарналары. 

                               Мансұр ХАМИТ (фото)
Тіл жанашырларынан тілдей ой
Нұртөре Жүсіп, «Айқын» газетінің бас редакторы: 
– Тілге байланысты жеткен жетіс­тік­те­ріміз бар екендігін біз жоққа шығар­май­мыз. Бірақ Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы деп той тойлап жатқан кезде,  сол Тә­уелсіздікпен құрдас, тәуелсіздікпен тілі шыққан балалардың тілі шүлдірлеп жүр­генін көргенде жүрек ауырады, жан­ға батады. Сондықтан әсіресе жас­тарды намысшыл болуға, ұлтшыл бо­луға, мемлекетшіл болуға, осы ха­лық­тың тілін шын жүрегімен қорғауға ша­қырамын.  Ол үшін мемлекет істейтін тір­ліктер бар, әрбір азаматтың істейтін тір­ліктері бар. Яғни банкоматқа бар­са­ңыз, бірінші қазақ тілін таңдаңыз, теле­фон­нан SMS жолдасаңыз, қазақша те­ріңіз. Өмірдің барлық саласында өзінің ке­зегін тосып тұрған жұмыс жетерлік. Ин­тернетте, м-агентте, автобуста, кө­ше­де, пойызда берген сәлемді қазақша алып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесіп жат­сақ, қазақтың тілінің мерейі үстем болатыны сөзсіз. 

Оразкүл Асанғазы, Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы:
– «Жақсының жақсылығын айт, нұ­ры тасысын» дегендей, бәріміз бір-бірімізді көріп, теңізге құйған тамшыдай әр­кім өз әрекетін істеп жатқанына құ­дайға шүкір деймін...  Бабаларымыз «Ана­ның сүті бой өсіреді, ананың тілі ой өсіреді» деп ана тілін қалдырған.  Сон­дықтан ұялмайық, өз тілімізде өмір сү­рейік. Сонда бізге Алланың бергені кө­б­ейе береді. Биыл Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығын осылай ашсақ, Елбасымыз айтқан 2017 жылға бес-ақ жыл қалды, жүзіміз жарық болып, бабалар ама­натын орындап 80 пайызымыз, 2020 жы­лы  95 пайызымыз ана тілімізде сөй­лейік, ағайын!

Халқым деген кәсіпкер несібесіз қалмайды
Жоғарыда жазғанымыздай,  биылғы «Тіл жанашыры» марапатының иегерлері, не­гізінен, тілшілер қауымынан құралды. Дей тұрғанмен  олардың  қатарында  бай­мын деп, байлығын  бауырына басып жатып алмай, барын  Ана тілінің  дамуына жұмсап жүрген кә­сіп­кер азаматтар да жоқ емес. Со­лар­дың қатарында ерек­ше айта­тын аза­мат­тар, «Тіл жанашыры – «2011»  құр­мет бел­гісінің ие­герлері – «Ал­тын қы­ран» ком­паниялар тобының  пре­­зи­ден­ті Ис­лам­бек Сал­жа­нов пен «Нәтиже» сүт за­уы­тының  (Қа­ра­ғанды)  директоры Ерлан Мұ­қатайұлы  бар. Бұл екі азаматты да тіл жа­­нашырлары деп нық сеніммен ай­туға болады. Мә­се­лен, Исламбек Сал­жановтың  түрлі қа­йырымдылық ша­ра­­ла­р­ын тізіп жат­пай-ақ, қазақ ақын-жа­зу­шы­ларының ең­­бектерін жарыққа шы­ға­рудан бастап, бү­­кіл әлем бала­ла­рының сүйікті теле­туын­дысына ай­нал­ған  Уолт Диснейдің «Тач­ки-2» – «Кө­лік­тер-2»  мультфильмін қазақ ті­лінде сөйлету үшін аудармасынан ды­быс­та­луына дейінгі барлық  қаржылық шы­ғыс­тарын көтеруі оның нағыз азаматтық бей­несін, Ана ті­ліне деген құрметін көр­сетсе керек. Осын­дай атпал азаматтың арқасында «Көліктер» фильмі қазақтың төл туындыларындай-ақ балаларымыздың жүрегінен орын алды. Бұл ретте, осы мультфильмді  қазақша ау­да­рып көрсетуге шетелдік компанияны көндіріп, соның басы-қасында болған «Бо­лашақ» қауым­дас­тығының төрағасы Ба­уыржан Байбек мыр­заның да ұлт­жандылығын атап өтпеу әділдік болмас. Бауыржан мырза да осы кеште «Тіл жанашыры» марапатына ие болды.
Сол сияқты  сүт зауытының барлық іс-қа­ғаздарын қазақ тілінде ғана жүргізіп, бар ұжымымен Наурызды ғана тойлайтын Ерлан Мұқатайұлының  Қарағандының қазақ мектептері мен балабақшаларына тұрақты демеуші болып жүруінің өзі қандай десеңізші.  
Айтыстың жанашыры – қазақтың жанашыры
Нағыз  қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – дом­быра десек, сол домбырасын қолына алған қазақтың дара өнері – айтыс. Қа­зақ­тың рухын көтеріп, делебесін қоздыратын да – осы айтыс. Қазақ тілінің құнарын, ба­ға жетпес байлығын, мәйегін де әйгілейтін  ай­тыс екеніне дау жоқ. Ал айтысты айтсақ, біз­дің көк жәшіктен көзімізді ашып көр­геніміз, ес білгелі естіген есіміміз  – Жүрсін Ер­ман.  Ендеше,  нағыз тіл жанашыры  – ай­­тыстың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүр­ген Жүрсін ағамыздың да марапатталуы өте орынды деп білдік.  «30 жылдан астам тартысып, айтыс деп алысып жүргенімде алып тұрған алғашқы ресми марапатым екен», – дейді ағамыздың өзі бұл жа­йында.
Сөзден іске көшкен...
Сөз басында айтқан едік, өз ісімен өз­геге үлгі болып, тіл игілігі үшін тұшымды  жұмыстар атқарып жатқандар туралы. Сол сө­зіміздің жарқын мысалы  –  «Тіл жана­шыры»  марапатын ұйым­дас­тыруға  мұ­рын­дық болып жүрген,  «Тіл» журналын шығарып отырған Ал­тынбек Әбішев және  Нұргүл Қара­ғой­шина.  Олардың атқарып жүрген осынау қыз­меттерін нағыз қоғам­дық бастама деп бағалауға болады.  Тіліміз мем­лекеттің барлық құрылымдары мен эко­номиканың әр саласында кеңінен қол­данысқа түсіп, заңды үстемдігін құруы үшін  бізге бүгінгі таңда  нақ осындай қоғамдық бастамалар аса қажет. Қоғам талап етсе, билік те жөнге келеді. Сондықтан қазақ мемлекеті бола тұрып, қазақ тілінің  жа­нашырларын іздеп, марапаттау кейбір көз­қарас тұрғысынан ұяттау болса да, ресми тілдің бүгінгідей үстемдігі жағдайында оның насихаттық маңызы әшейін айғай мен қарекетсіз аттанның жанында әлдеқайда басым түсетініне күмәніміз жоқ. Сол сияқты олардың ұйымдастырған осы­нау  игі шаралары да ондаған, жүздеген адам­дарға ой салып, жүрек түкпірінде бұғып жатқан Ана тіліне деген құрметін оя­тып қана қоймай, іске, қарекетке тал­пын­дыратынына да шүбәланбаймыз. 
Айт­пақшы, «Тіл» журналы мен «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігі биылғы  іс-шараларын  да құр марапаттау қылып қой­май, кешті қазақтың дара өнері – ай­тыс­пен әрлеп, әнмен көмкеру арқылы жиыл­ған қауымның шексіз ризашылығына бө­ленді.  Сегіз жасар Жамбыл ақын Алма­ты­дан арнайы келіп, өлеңдерін оқығанда, жұрт­шылықтың ризалығында тіпті шек бол­мады. Бәріміз түрегеп тұрып қол соқ­тық. Бала Жамбылдың титтей жүрегін жа­рып шыққан бір өлеңінен үзінді былай бо­лып келеді екен:
Тілім сені өксітіп жылатқандар,
Шұбарлантып ластауды ұнатқандар,
Туған ұлттың тұнығын лайлаған
Жүзіқара, жүрексіз, суайт жандар.
Тілім сені менсінбей қорлағандар,
Өгейсітіп араша болмағандар
Опасыздық жасаған отанына
Олар нағыз НАМЫССЫЗ
                                                 оңбағандар!

P.S.
Қазақ тілінің мәселесі үнемі қазақтілді ортада ғана айтылып келеді. Ал орыстілді жазарман әріптестер бұл мәселеге қатысты не үнсіз қалады, не Елбасының болмаса басқа бір лауазымды шенеуніктің «қазақ тілі дамуы тиіс, бірақ орыс тілін шектеуге болмайды» деген мағынада айтылған сөзінің бір үзігін ғана берумен шектеледі. Сондықтан қазақ тілінің мәселесіне орыстілді журналистер шын жанашыр ретінде атсалысса, құба-құп болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста