Алматыға метроның алғашқы вагондары келді

Алматыға метроның алғашқы вагондары келді

Алматы метрополитенінің алғашқы желісі келесі жылы, яғни Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай іске қосылады. Кеше «Алматықұрылыс» электродепосында оңтүстіккореялық Hyundai компаниясының метроға арнап жасап шығарған жылжымалы құрамдардың алғашқы партиясы таныстырылды. Метро вагондары мемлекеттік тумен түстес.

Метрополитенге арналған вагон шығару жұмысы 2007 жылдың желтоқсан айында Hyundai компаниясына тапсырылған болатын. Бүгінде компания Қазақстанға төрт жылжымалы құрамды жеткізіп отыр. Әр құрамда төрт вагоннан бар. Жылжымалы құрамдардың жалпы ұзындығы – 77,80 м, сыйымдылығы – 940 адам, жалпы салмағы – 148 тонна, ең жоғарғы жылдамдығы – 80 км/сағат. Мамандардың айтуынша, вагондар еліміздің барлық техникалық талаптары мен ауа температурасы ерекшеліктеріне сай арнайы дайындалды, мұндай вагондар ТМД көлемінде бірінші рет пайдаланылмақшы. Жылжымалы құрамдар жолаушылар үшін өте қолайлы. Онда ауа кондиционерінің және бейне бақылаудың арнайы жүйелері орнатылған. Көліктің тежегіш жүйесі дискілі тұрпатта. Техникалық мамандардың айтуынша, бұл дөңгелектердің тозу деңгейін төмендетіп, оны пайдалану мерзімін ұзартуға, жөндеуге кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Тежегіш іске қосылғанда, онымен үнемі бірге жүретін фрикциялық шаң пайда болмайды. Жылжымалы құрылымдардың вагондары автоматты түрде тіркелу жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ компания мамандары, көліктің түсіне де ерекше мән берген. «Жылжымалы құрылымдардың түсі көк және сары түске боялған, бұл Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің түсімен байланысты», – дейді олар. «Алматыметроқұрылыс» компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгінгі күні метрополитенде жұмыс істеу үшін жүзге тарта адам дайын отыр. Олардың ішінде он жүргізуші бар, бесеуі – Оңтүстік Кореядан арнайы дайындықтан өтіп келген жүргізуші-конструкторлар. Жалпы, бүгінгі күні он алты вагон пайдалануға толықтай дайын тұр деп айтуға болады. Hyundai компаниясы тамыз, қыркүйек айларында тағы он екі вагонды елімізге жеткізуді жоспарлап отыр. Алғашқыда төрт жылжымалы құрам іске қосылады. Қалған үш құрам адам санына байланысты қосымша ретінде пайдаланылады. Мамандардың сөзіне қарағанда, жаңа көлік түрін сатып алуға барлығы 86 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Көлікте жүру ақысы 75 теңге болмақ.

Ким Енг Нам, Hyundai корпорациясының президенті:
– Мұндай метроға қызмет еткеніміз үшін қуаныштымыз. Вагондар соңғы технологиялар бойынша жасалды. Жылжымалы құрамдардың техникалық қауіпсіздігі, жағдайы жолаушылардың көңілінен шығады деген үміттеміз. Бірінші метро желісінің қосылуымен алматылықтарда жаңа, ыңғайлы көлік түрі пайда болады деп ойлаймын. Біздің компания метроның екінші желісі үшін де вагондар шығаруға әзір.

Қосымша ақпарат
Алматы метрополитенінің алғашқы кезектегі жолы Фурманов көшесінің астымен Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін созылады және Абай даңғылының астында Гагарин көшесіне дейін жетеді. Алғашқы кезектегі метро жолының ұзындығы – 8,56 шақырым. Жоспар бойынша метро тәулігіне 300 мың жолаушыны тасымалдайды деп күтілуде.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста