Әлеуметтік желінің жұмысы пайдаланушы мәдениетімен өлшенеді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Әлеуметтік желі азаматтардың күнделікті пайдаланатын құралына айналғалы бері ғаламтор желісі туралы жазылып та, айтылып та келеді. Адамзат өміріне үлкен жаңалық әкелген кез келген құралдың тиімділігі мен тиімсіздігі қатар жүреді. Әлеуметтік желілерді мемлекеттік деңгейдегі төңкерістердің негізгі себепкері ретінде қарастырып жатқандар да аз емес. Олардың арасында әлемдік сарапшылармен қатар, отандық саясаттанушылар да бар.
Десек те, біздің де айтар уәжіміз бар. Қандай оқиғаларда болсын әлеуметтік же­лі­лер шешуші рөл атқарды деп айту асы­ғыс­тық сияқты. Мысалы, газет-журналдар алғаш шыға бастағанда қоғамда қандай сілкініс болып еді? XX ғасырдың басындағы саяси оқиғалардың, төңкерістердің әдет­те­гіден жылдам болуы осы басылымдардың ықпалынан болғанын ашық айту керек. Қазан төңкерісін «Правда» газеті жа­сады деген пікірлер бар. Бұдан кейін ық­палдылық жағынан бірінші кезекке телеарналар шықты, ал қазір ғаламтор алда тұр. Демек, төңкерістерге себепкер деп танылған әлеуметтік желілерге тек қана құрал деп қарау керек. Кейбір ел­дер­дегі ахуалдар осы ғаламтор мүмкіндігінің кеңеюімен тұспа-тұс келген сәйкестік десек те, артық айтқандық емес. Егер әлеуметтік желі тікелей төңкерістер себепшісі болса, 90-жылдардың екінші жартысынан бас­тап ғаламтор желілері дами бастаған АҚШ-тың немесе Еуропаның ендігі тал­қа­ны шығатын еді. Немесе 2004-2005 жыл­дар­дағы Гүржістан мен Украинадағы, 2005, 2010 жылдардағы Қырғызстандағы төңке­рістердің артында туиттер мен фэйсбук тұр деп тағы да айта алмаймыз.
Әлеуметтік желі арқылы ғаламтор пай­да­ланушылар саясаткерлердің, өнер жұл­дыз­дары мен қоғамға танымал аза­мат­тар­дың тыныс-тіршілігінен хабардар бо­лып отырады. Ақпарат жеткізу жылдамдығын арттырды. Мысалы, күні кеше дүние салған америкалық әнші, актриса Уитни Хьюс­тон­ның өлімі жайлы дәстүрлі ақпарат құрал­­да­рына қарағанда, әлеуметтік желі­лер көп­теп мәлімет таратқан. Тіпті әлем бойын­ша секундына мыңдаған адам жазған екен. Яғни мүмкіндігі жоғары. Ал осы әлеу­меттік желілер туралы айтқанда оларды пай­да­ла­нушылардың мәдениетіне тоқтал­ма­са бол­майды. Себебі әлеуметтік желі­лер­ге бай­ланысты дау-дамайдың көпшілігі пай­да­ланушылардың мәдениетіне тікелей бай­ланысты. Кейінгі кездері бүркеншік есім­дермен арнайы аккаунт ашып, ой­ла­рына келгенді жариялайтындар көбейіп кетті. Әлеуметтік араздықты тудырушы, басқа да аран­датушы ақпараттар негізінен осы бүр­кеншік есімдердің иелері тара­пынан жарияланып жатады. Тіпті кейде ғалам­тор­дан Абай Құнанбайұлы, Мұқаға­ли Мақатаев, Төлеген Айбергенов есімді блог­герлерді көзіміз шалып қалады. Белгілі тұл­ғалардың шығармашылығын көпші­лікке ұсынып, сауапты іс істесе, жөні бөлек. Ал сол аккаунтты ашқандар аузына келген­дерін жариялап жатса, не болмақ?! Прези­денттің немесе басқа да тұлғалардың суреттерін қоятындар бар. Суретте тұрған ештеңе жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Алайда сол суреттердің соңында міндетті түрде әртүрлі мақсаттағы пікірлер қал­ды­рылады. Мұны да ескергеніміз абзал. Әлеуметтік желінің пайдасы мен кейбір келең­сіздіктері туралы ғаламтордың бел­сенді қолданушысы, Мәжіліс депутаты Мұ­рат Әбенов былай дейді:
– Әлеуметтік желілердің дәурені жүріп тұрғаны рас. Тіпті мен байланыс құралы ретінде осы желілерді телефоннан да көп қолданамын. Себебі менің депутаттық ұсы­ныстарымның, менің атыма келетін арыз-шағымдардың 80 пайызы осы туиттер, фэйсбук сияқты танымал желі­лер ар­қы­лы келіп жатады. Қазір әлеуметтік же­лі­лердегі сілтемелер арқылы телегей-теңіз ақпарат алуға болады. Біздің жас­та­ры­мыз­дың 65 пайызы «Мой мирді» пайдаланады екен. Қазақ әріптерін оқымайтындықтан, әдейі қате жазбалар жазып жатады. Бос әңгімені де осы желінің пайдаланушылары көп айтады. Жұмысыма байланысты мен де осы «Мой мирден» аккаунт ашқанмын. Алайда депутатқа өтініш, тілектерін айт­қан­ның орнына жастарымыз дәстүрлі «Қа­лайсыз?», «Сіз шынымен де Әбеновсіз бе?» деген сұрақтарын қойып жатады. Бүркеншік есімді пайдаланушылар егер тұлғалардың өміріне, шығармашылығына байланысты тың дүниелерді ұсынып, сол да­ныш­пан­да­ры­мыз туралы пікірталастар ұйымдастырып жатса, құба-құп. Егер теріс мақсатқа пай­да­ланып жатса, ол қолданушылар мә­де­ние­тінің төмендігін көрсетеді.
Ал блоггер Анар Мұстафина әлеу­меттік желі пайдаланушылардың мә­де­ниеті бүгінгі қазақ жастары мәдениетінің ай­насы дейді:
– Әлеуметтік желі пайдаланушылардың мәдениеті арқылы біз жалпы қазақ жас­та­рының мәдениетін көре аламыз. Әсіресе mail.ru сайтында. Өкінішке қарай, ол жақ­тағы жайт бізді қуанта алмайды. Жастар интернеттің мағынасы не, неге керек, мәні неде – оны түсінбейді. Интернетті жай ғана бос уақытта әңгіме-дүкен құру деп ой­лай­ды. Негізі, ғаламторды дұрыс пайдалана білсе, ол – үлкен білім көзі. Қазіргі уақытта ауыл жастары интернетке ұялы телефон арқылы шығып жүр. Көбіне-көп олардан ғибадатты сөздер оқи алмайсың, ізденіс жоқ. Соны­мен қатар интернеттегі ортаға да бай­ла­нысты. Қан­дай­ да бір жерде мәдениетті тақырыптар қоз­ға­лып жатса, кез келген біреу келіп, жаман сөз­дер айтып кетпейді. Бірақ сондай орта жасап берсең, өздерін көр­сетуден тай­сал­май­тындар да бар. Жалпы, менің ойым­ша, бәрі әр адамның білім деңгейі мен тәрбиесінде, ішкі мә­­де­ниет­інде жатыр.
Жақында Қытайда интернетке, соның ішінде әлеуметтік желілерді пайда­ла­ну­шылар мен блоггерлерге тікелей қатысты заң қабылданды. Осы елдегі ақпарат құрал­дарының мәліметтеріне қарағанда, заң қа­былдаушылар мұны елдегі интернет пай­даланушылар мәдениетін күшейту, жалған ақпараттар таратылмауын қам­та­масыз ету үшін деп түсіндіруде. Қытай елін­дегі ғаламторға қатысты бұл заң әлеу­меттік желілерге блоггерлердің өз атымен тіркелуін міндеттейді. Яғни өзге біреудің ныспысымен немесе жалған есіммен тір­ке­луге жол берілмейді. Егер бұл талаптар орын­далмаса, блоггерлерге жеке постылар жа­риялауға немесе шағын блогқа жазба жа­зуға рұқсат берілмейді.

Түйін
Егер бізде Қытай еліндегідей заң қабылданса, «аттандайтынымыз» екібастан. Сонымен қатар еркіндік берілсе, еліріп кететініміз тағы бар. Сондықтан әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланып, әлем көшінен қалмау жағын ойлағанымыз дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста