Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу арқылы діндер арасындағы татулықты нығайта түсуге өлшеусіз үлес қосып отыр. Бұл – өте сирек ерекшелік. Францияның белгілі қоғам қайраткері Альбер Фишлердің пікірі осыған саяды. Ол өз саласы бойынша тарих пен мәдениетті зерттеу үшін біздің елге сапарлап бірнеше рет келген. Фишлер отанымызда сан алуан діни ғибадатханаларының жарасым тауып, қаз-қатар орын тебуі сүйсінерлік жайт екенін айтады. Бұлай қалыптасқан қоғамдық құбылыс мемлекеттің өз халқының рухани қажеттіліктеріне ерекше көңіл бөлініп отырғанына айрықша дәлел болары даусыз. Альбер Фишлер, қоғам қайраткері, жазушы: - Бұл – сирек кездесетін ерекше жағдай. Қазақстан – сәулетші Норман Фостер салған керемет пирамида ғимаратында өткізетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің бастамашысы. Бұл халықтың басым бөлігі исламды ұстанатын елдің өзінің тарихи және рухани тамырын ұмытпай, көшпенділер дәстүріне құрметпен қарайтынын білдіреді. Егер сіз айдалада жалғыз қалып, киіз үйді көріп, есігін қақсаңыз, үй иелері сіздің дініңіз мен ұлтыңызды сұрамастан, құшақ жая қарсы алады. Қазір осы керемет дәстүр ең жоғары деңгейдегі диалогқа ұласуда.
24.kz