Астана атауының өзгеруін қолдап, кейін қарсы бере беретін депутаттардың әрекеті парламенттің абыройын түсіріп тұрған жоқ па? Ulysmedia.kz тілшісі мәжіліс депутаты Айдос Сарымға парламент кулуарында сұрақ қойды.
«Айдос мырза, сіз депутат болып келмей тұрып, алдыңғы шақырылымдағы депутаттар Астана атауын Нұр-Сұлтанға өзгерту туралы бастаманы бір ауыздан қолдады. Сол шақырылымдағы депутаттардың біразы қазір осы шақырылымда да жүр. Бәрі бүгін Нұр-Сұлтан атауын Астана деп қайтару туралы ұсынысты бір ауыздан қолдап дауыс берді. Осы жағдай халық алдында парламенттің абыройын түсірді дегенге келісесіз бе?» - деп сұрақ қойды Ulysmedia.kz тілшісі депутатқа.
Бұл сұраққа жауап берген депутат сөзін «келіспеймін» деп жауап берді.
«Біз қазір шынында да тарихи кезеңге аяқ бастық. Астана атауы өзгереді деген ой 1 қыркүйекке дейін ешкімнің миында да, жоспарында да болған жоқ. Бұл тірі тарих. Жасалып жатыр. Тарихи кезеңдерде осындай эволюциялық өзгерістер болып жатқан кезеңде елдің болашағын ойлаған азаматтар өзі қабылдаған шешімді қайта қарауға, қателігін, кінәсін мойындауға әзір болуы керек. Әйтпегенде оларды тарих сеңі оларды шайып, жуып кетеді. Осыны түсініңіз. Тарихта мұндай жағдаяттар көп кездеседі. Көп елдерде болған. Біз де содан өтіп жатырмыз. Авторитаризмнің, басқаның мәселелері әлі күнге дейін желкемізден шығып жатыр. Бірақ бұл да арылудың жолы, түрі, кәсібі деп айтар едім», - деді ол.
Еске сала кетсек, бүгін парламенттың бірлескен отырысында депутаттар президент өкілеттігін 7 жыл етіп бекіту және және Астана атауын өзгерту мәселесін талқылап, аталған бастамаларды қолдап дауыс берді. Заң қабылданды.