1941-1945 жыл: Соғыс тарихын қайта қарайтын уақыт жеткен жоқ па?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Дүние жүзі халқының 80 пайызы қан кешіп, 61 мемлекеті жұмылдырылған зұлмат соғыстың аяқталғанына 69 жыл уақыт өтті. 40 мемлекеттің жерінде оқ пен оттың арасында арпалысқан 110 млн. азаматтың 50-55 миллионы қыршын кетті. Оның 26 млн-ға жуығы КСРО-ның азаматтары. Сол қанды-қырғынға қазақ даласынан 1 млн. 300 мың азамат аттанды. Оның 410 мыңнан астамы соғыс даласында ерлікпен көз жұмды. Басқаны былай қойып, қазақ халқына осыншама шығын әкелген соғыс тарихын дұрыс бағалай алдық па? «Алаш айнасы» осы сұраққа жауап іздеп көрген еді.

Соғысқа қазақы көзқарас керек
Қазір фащизмнің күлін көкке ұшырған негізгі күш КСРО құрамындағы халықтар болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Десек те, бір кездері бір Одақтың қоластында болған мемлекеттер тәуелсіздік алғалы бері жеңіс тарихын өзіне тартып, тарихқа қиянат жасауда. Мәселен, Ресей мемлекеті «бұл жеңіс орыс ұлтының жеңісі» деп баға беріп отыр. Тарихқа жасалған осы қиянат салдарынан біз майдан даласында 1 млн. 300 мың қазақ от кешкенін, оның 500-і асқан ерлігімен Кеңестер Одағының батыры атанғанын, соғыс басталған күннен бастап, аяқталғанға дейін қазақ алғы шепте болғанын әлемге мойындата алмай келеміз. Соғыс басталған алғашқы айдың өзінде 3,5 млн Совет жауынгері тұтқынға түсіп, азапты күндерді басынан кешті. Олардың 175 мыңы қазақтар екен. Осы жайттан-ақ соғыстың алғашқы күндерінен бастап, біздің қандастарымыздың алғы лекте болғанын байқаймыз. Ол, ол ма? Адамзат тарихындағы қанды қырғынның нүктесін қойып, оқ жаңбырдай жауып тұрған Рейхстагқа Рахымжан Қошқарбаевтің ту тігуі бұл майдандағы алаш баласының рөлінің қандай болғанын анықтап береді. Осындай сансыз фактілерге қарай отырып, соғыс тарихын қайта жазу және тәуелсіз мемлекет көзқарасымен бағалау керектігін аңғарамыз.
Әлем елдері қай жолға түсті?
Соғыс тарихындағы қиянаттар тек қазақ ұлтын ғана емес, бүкіл әлемді толғандырып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын қайта жазып шығуды Эстония, Латвия, Литва сынды Бал¬тық бойы елдері, сондай-ақ Украина мен Грузия, Молдавия мен Румыния елдері ерекше талап етіп отыр. Мұнымен қоса, молдовандар да КСРО билігінің бір ұлтты қолдан екіге бөліп, Румыния мен Молда¬вияға ажыратып тастағаны үшін қын¬жылыс білдіреді.
Эстония халқы бұл соғыстағы өз үлесін фашизммен емес, «тәуелсіздігіміз үшін күрестік» деп жаңаша тәпсірлей бастады. Нәтижесінде, Латвия мен Эстония¬да дәл осы соғыста гитлершілерге қарсы күрескен майдангерлер де, партизандық жасақ құрып, КСРО-ға қарсы күрескен ардагерлер де бірдей құрметтелуде.
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәти¬желерін қайта қарауға Германия да кет әрі емес. Себебі олар әлемге орны толмас қасірет әкелген зұлматқа Германия ғана кінәлі емес екенін жақсы біледі. Соғыс аяқталғаннан кейін фашистік идеоло¬гияның адамзатқа әкелген барлық қасіреті бір ғана Гитлердің мойнына іліне салды. Сол дәуірде Еуропаның тең жартысында фашистік идеология салтанат құрып тұрғаны қаперге алынған жоқ.
Әрине, бұл тарихы сана серпілісі екі мемлекетке ұнамасы хақ. Оның біріншісі ұстанымы – айқын – Ресей. Өткен жылдары Кремль «Екінші дүниежүзілік соғыстық қорытындысы қай¬та қарауға жатпайды» деп ресми түрде жариялаған болатын. Екіншідүниежүзілік соғыс та¬рихын қайта жазып шығу мәселесіне ба¬рынша қарсылық білдіретін екінші мемлекет – Израиль. Себебі Израиль мемлекеті – Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде пайда болғаны белгілі.
Ұсақ ұлттар жасалған қиянат
Өзімізге оралайық. «Ұлы Отан соғысы» деген жалпылама атауға қатысты қазіргі қоғамның ойы екіге жарылып отыр. Рас, бүгінгі қазақтың Ұлы Отаны – Қазақстан. Оған ешкім де шүбә келтіруге тиіс емес. Бірақ, осыған бола «бұл соғыс орыстың жерін қорғау мақсатында болды» деп таяз ойлауға хақымыз жоқ. Бұл жеңіс – әлем халқының, соның ішінде қазақ ұлтының жеңісі ретінде насихатталуы керек. Берлинді алғаш бомбалаған Біләл Қалиев, 281 фашисті жер жастандырған сұрмерген Ыбырайым Сүлейменов, 397 фашистің көзін жойған мерген Төлеуғали Әбдібеков, ұрыс барысында 227 жау солдаты мен офицерін жойып жіберген Ысқақ Әлиевтердің ерлігі қазақтың батыр екенін дәлелдейді. Мұның бәрі ұлттық идеологияның негізгі іргетасына айналуы қажет. Адольф Гитлер: «Мен билікті өз қолыма аламын, дүниежүзінде тек ари (неміс ұлтының ішінде ари тайпасы болған, Гитлер сол тайпадан шыққан) ғана билеуге тиіс. Басқа ұлт, ұлыстардың барлығы жер бетінен жойылсын! Неміс ұлты, оның ішінде арилықтар бүкіл әлемге билік етуі керек», – деп ұран тастады. Ол өз жақтастарына: «Мен әуелі Еуропаны, содан кейін Ресейді жаулап аламын. Ал оның құрамындағы әрбір кіші мемлекеттерді сендерге таратып бере¬мін. Сендер дүниежүзінде асқан бай боласыңдар», – деп үгіт-насихат жүргізді. Осыдан-ақ, фащизмнің әлемге қандай қауіп төндіргенін аңғаруға болады. Жоғарыда келтірген біздің батыр бабаларымыз бүгінгі Ұлы Отанының (Қазақстанның) болашағы үшін фащизммен шайқасты. Бұл – бірінші қыры. Екінші қыры – осы соғыста қаншама боз¬дақтарымызға батыр атағы берілмей, ұсақ ұлт ретінде ерліктері мойындалмай қалды. Кеңес үкіметінің басшылары нәсілшілдікке, кемсітушілікке бой алдырды. Әйтпесе, Әлия, Мәншүк, Талғат, Төлеген, Нүркен, Хиуаз, Бауыржан, Қасым, Рақымжан, Бақтыораз сияқты қаһарман қазақ ұлдары мен қыздарының қа¬тарын осы мақалада ерліктері атап көрсетілген оғландар және Алқар Оңғаров, Сембай Қалиев, Аманша Меңдіғалиев, Темірғали Исабаев, Рәшид Жанғозин, Әб¬дірахман Бимурзин, Мырзаби Ерназаров, Рымбек Байсейітов, Ғали Әділбеков, Алтыншаш Нұрғожинова секілді батырларымыз толықтырар еді.

«Алаш айнасының» түйіні
Біз соғыс тарихын қазақы көзқараста қайта жазуға тиіспіз. Мәселен, поляктар осыдан 70 жыл бұрын болған Катынь оқи-ғасындағы қас¬тандықты Ресей мойындау керек деп, өтемақы төлеуін талап етіп отыр. Қазір дегбірі кеткен украиндер осыған дейін «Екін¬ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО тарапынан жасалған оккупацияға, сон¬дай-ақ украин халқына қатысты қолдан ұйымдастырылған аштыққа КСРО мұрагерін кінәлі» деп келді. Біз ешкімді кінәлауға тиіс емеспіз. Тек қана бұрмаланып келген шынайы тарихты түзеп, қазақ игілігіне, мемлекет идеологиясына айналдыра білсек болғаны...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста