Төл өнерімізге, болмысымызға қайшы келетін туындыларды жазудан саналы түрде бас тартқанымыз абзал

Төл өнерімізге, болмысымызға қайшы келетін туындыларды жазудан саналы түрде  бас тартқанымыз абзал

Қуандық МӘДІР, Батыс Қазақстан облыстық «Өнер» қоғамдық қорының төрағасы:

– Қуандық Насихатұлы, өзіңіз бас­­қа­ратын «Өнер» қоғамдық қоры төрт жыл­дан бері «Жазира – Жайық» деп ата­латын үлкен сурет көрмесін сәт­ті ұйым­дастырумен келеді. Қол­дап-қол­паш­таушыларыңыз бар ма, көрме ұйым­дастыруға қаржыны қа­лай тауып отыр­сыздар?
– Бірден айту керек, жалғыз адам еш­­теңе бітіре алмайды. Қандай игі бас­та­ма кө­терсек те, қолдап-қол­паш­тау­шылар, Ал­лаға шүкір, бар. Өзіңіз айтқан «Жа­зира – Жа­йық» көрмесі алғашқы екі жылда об­лыстық деңгейде өтсе, соңғы екі жыл қа­тарынан халықаралық дең­гей­ге кө­те­рілді. Мұны біздің үлкен же­тіс­тігіміз деп ай­туға болады. Облыс­тық іш­кі саясат бас­қар­масы біздің ұсыны­сы­мызды қолдады. «Мә­дени-та­рихи мұ­ра­ны қорғау» деген жоба аясында қар­жы бөлді. Ресейдің Батыс Қазақстанмен ше­каралас бес облысының және жер­гі­лік­ті қылқалам шеберлері қатысқан көр­ме ғаламат әсер сыйлады. Мұны біз об­лыс басшылығы тарапынан өнер­ді қол­­­­дауға, еліміздегі ішкі татулық пен көр­ші мемлекеттер арасындағы достық қа­рым-қатынасты нығайтуға, су­рет­шілердің бір-бірімен тәжірибе алма­суы­на мүм­кіндік берген үлкен қамқорлық деп тү­сінеміз. Көрмені абыроймен өткі­зу­ге мей­лінше жағдай туғызған ішкі сая­сат бас­қар­масына алғысымыз шексіз.
– Қазір елімізде түрлі мақсат-мүд­­дені көздеген қоғамдық бірлес­тік­тер мен қорлар көп. «Өнер» қоры әуел бас­та қандай мақсатпен құ­рыл­ды? Шын мә­нінде, өнерге қыз­мет етіп отыр­сыз­дар ма?
– Әрине, басты мақсат – сол өнерге қыз­­мет қылу. Әйтпесе қор ашып, қар­жыға кенелейік деген ой экономикамыз ая­ғынан енді тұра бастаған 1997 жыл үшін мүлде қисынсыз жағдай еді ғой. Сол жылы қор құрылды. Заман күрде­лі­леу болатын, өнер ұзақ жылғы ұйқыдан оя­нып жатты. Осы жылымықты пай­да­ландық. Алматы мен Астанадан жы­рақта, елде жүрген жас таланттарды жар­қыратып көрсетпесек те, қиял­да­рына қанат бітіргіміз келді. Сөйтіп, ал­ғаш­қы жобамыз – «Алтын арна» деп атал­ған фольклорлық ансамбльді өмір­ге әкелдік. Ғұмыры қысқа болғанымен, осы жоба біз үшін өте ыстық. Өйткені ан­самбль­дің репертуары толығымен ел жа­дынан кө­мескілене бастаған халық әндері мен қазақ саз­герлерінің шығар­ма­ларынан тұрды. Енді «кімдерді елге та­ныттыңыздар, қай да­рынның қиялына қа­нат бітірдіңіздер» де­ген сауалға кел­сек, бұл ансамбльден қа­зір Қазақстанға та­нымал болған әнші Ма­рат Сарбөпеев шықты. Мұхиттың телегей-те­ңіз ән мұ­ра­сын қаймағын бұзбай бүгінге жет­кі­зу­шілердің бірі – Серік Абдрахманов біздің қа­тарымызда болды. Мұрат Аман­шиев, Сембек Жанайдаров секілді әнші жі­гіт­тердің көрермен алдына шыққаны да осы тұс. Қаржыны күреп табатын ком­мер­ция­лық жоба болса, «Алтын арна» жа­был­мас еді. Әрі қарай дамытуға шамамыз кел­мей қалды.
2000 жылдары «Ел-Мұра» атты театр­­дың негізін салып, жеңіл сатиралық ба­­ғыт­та қойылымдар қоя бастадық. Са­ти­­раны таң­дауымыз онсыз да қиналған елдің ең­се­сін езбейік, сәл де болса көңілін кө­те­ре­йік дегеннен туған еді. Қазір Батыс Қа­зақ­стан облыстық қазақ драма театры­ның мү­­йізі қарағайдай бас режиссері болып отыр­ған Мұқан То­ма­нов деген азамат «Ел-Мұ­рада» өзі ре­жис­сер болды әрі қойылым мә­тінін жаз­ды. Бір жылдай халықтың ықы­ла­сына бөленіп, облыстың мәдени өміріне сер­піліс әкелген театр жұмысының тоқ­та­уына тағы да қаржы тапшылығы мәж­бүр­­леді. Содан кейін «Өнер» қорының қол­­да­уымен «Жыр-Жайық» атты жер­гілікті жас қаламгерлердің жинағын шы­ғардық.
– Қарап отырсам, сазы бар, театры бар, поэзиясы бар, біраз са­ла­­ның ба­сын қайырыпсыздар. Ал ен­ді төл ма­ман­­дығыңыз – бейнелеу өне­ріне бет бұ­­руыңыз қалай болды өзі? Көрші ай­мақ­­тардағы сурет­ші­лермен шығар­ма­шылық байланыс бар ма?
– Бейнелеу өнеріне біржола бет бұ­руды көптен ойластырып жүрген едік. «Құ­ланның қасынуына мылтықтың ба­сылуы» демекші, Жайық топырағына ақын апамыз Ақұштап Бақтыгереева көшіп келді. Әркім өзінің жақсы білетін шар­уасын істегені жөн екен. Сөйтіп, төл кәсіпке қайта оралдық. Таң­ға­ла­тыным, ән-жырға бай Батыс Қазақстан өңіріне сурет өнері тым кеш келіпті. Оның өзін­де жергілікті орыс суретшілерінің айы оңы­нан туған. Ал ұлтымыздан шыққан ше­бер өте аз болды. Қазір, Құдайға шүкір, жағ­дай біршама түзелді. Көр­ші­лермен еп­­теп байланыс орнап келе жатыр. Біз Аты­раудағы «Ақ желкен» арт-га­ле­рея­сы­мен, Нұр­берген Дәулетов басқаратын «Жер­ұйық» мәдениет орталығымен қоян-қол­тық жұмыс жасаудамыз. Ол азамат – өзі кә­сіп­кер, қалтасынан қаржы шығарып, батыс ай­мағының сурет­ші­леріне көрме ұйым­дас­тырады. Жұ­мыс­тарымызды галереяға тегін қоя­ды. Биыл мамыр айында Ақтөбеде оралдық үш суретшінің көрмесі өтті. Біреуі өзім, сосын Мэлс Отаров және Қанат Оразов деген суретші жігіттер. Одан бөлек, 2011 жылы Астраханьдағы мемлекеттік көр­­кемсурет галереясында талантты су­рет­ші Бекжан Жұмабаев екеуміз «Киелі На­рын – құт мекен» тақырыбымен көр­ме жа­садық.  Жекелеген суретшілерге келетін бол­сақ, Атыраудың тумасы, қа­зір ал­матылық Табылды Мұқат, ақтө­бе­лік Марат Ғаб­драхманов, атыраулық Әділ­қайыр Жан­тасов, Исім Арыстанов, Отар­бай Кен­дір, Нұрлан Бермағамбет, Нұр­сұлтан Қа­лиев, сондай-ақ Ресейдің көп­теген су­ретшісімен жақсы шығар­машылық бай­ланысым бар.
– Бейнелеу өнерінің бүгінгі бета­лысы туралы не айтасыз?
–  Бейнелеу өнері жалпы қазақ хал­қына кеш келген өнер ғой. Бізде сонау бағ­зы  за­ман­дардан қолданбалы өнер мен қолөнер жа­қ­сы дамыған. Оны көзі қа­рақты оқыр­ман жақсы біледі. Бей­нелеу өнерінің гүл­ден­ген шағы — ке­ңес­тік дәуір. Өйткені ол кезде сурет өнері идеология құралының бірі болды. Қазір соңғы үш-төрт жылда кәдімгідей бо­йы­на қан жүгіре бастағаны көрінеді. Осы үрдіс әрі қарай да жалғасын таба бергей.
Олай дейтінім, көшпенді қазақ хал­қы үшін басқасын айтпағанда, бас­па­на – киіз үй­дің маңызы ерекше, оның іші-сыртын қас шеберлердің қолынан шық­қан үй құ­рал­дары толтырып, олар­ды көз жа­уын алар­лық ою-өрнектермен бе­зен­дірген. Алтын зер және жiбек жiптермен кес­те то­қу, ағаш пен сүйектi жымдастыру арқылы көр­кемдеу, терi ұқсату, зергерлiк өне­рi де күш­тi дамыған. Кешегі, ХХ ға­сыр ішінде өмір сүрген аталарымыз бен әкелеріміздің қолынан шыққан небір көз жауын аларлық ат әбзелдері – ер-тұр­ман, құйысқан, өміл­ді­рікке түсірілген әшекей өрнектері мен зергерлік бұ­йымдарды көріп өстік. Ол кез­де бала бол­дық та, олардың жасалу тех­но­ло­гиясының қыр-сырына назар аудар­мап­пыз. Енді соларды қайта жаңғыртып, сол ар­қылы бейнелеу өнерін ұлттық идео­ло­гияның күшті құралына айналдыруға болады.
– Бейнелеу өнері идеология құ­ра­­­лы­на айналып, жас ұрпақ тәр­бие­сіне сү­белі үлесін қосар болса, әрине, құ­ба-құп. Дегенмен суретші бүгінгі қо­ғамда толыққанды бағаланып отыр ма? Осы сұраққа жауап бе­ріңізші. 
– Рас, суретшінің қазіргі қоғамдағы ор­ны мен бейнелеу өнерінің соңғы жыл­­дардағы даму үрдісі, болашағына қатысты өзекті мәселелер бар. Өнердің мұраты көркем шындықты бейнелеп, санасы бар жанның эстетикалық сезімін тудыру еді. Суретшінің қоғамдағы ор­ны­ның әлсіреуі, баяғыдай ұлттық ойдың басы-қасынан табылмауы, суретшіні етікшімен шатастыру, әрине, жаныңды жүдетеді. Суретші деген халық ақын, жа­зушы, композитор, ре­жис­сер сияқты тың дүниені өмірге әкелетін жан­­дар ғой, ендеше, оларды солармен бір­­дей, тең дәрежеде құрметтеген дұрыс. Көп жағ­дай­да орындаушылардың өзі су­рет­шілердің алдына түсіп кетіп жатады. Су­ретші сезімнің адамы болғандықтан, оған қия­нат жасамай, керісінше, оларды жі­гер­лен­діріп, қанаттандырып отырған жөн. Бұл күн­де рухани дүниелер жаза­тын жандар қа­тары азайып, көптеген су­ретші шынайы шы­ғармашылық ауы­лы­нан алыстады, біразы коммерциялық ба­ғыт­тағы ұсақ-түйекпен мал табу қамына кі­ріскен.
– Сөзіңіз аузыңызда, қарапайым тіл­­мен айтқанда, нан табуға кеткен әріп­тестеріңіздің әрекетін қалай ба­ғалайсыз? Оларды шығармашылық ортаға оралту үшін не істеу қажет?
– Біржақты пікір айту қиын. Білетінім Ке­ңес өкіметі кезінде бейнелеу өнері тіке­лей өкімет құзырында болды. Мем­ле­кет­тік тапсырыстарды да бір орта­лық­тан, яғни Суретшілер одағынан бөліп тұ­ратын. Ұйым тікелей мемлекеттің қа­ра­мағында бол­ған­дық­тан, кәсіби сурет­ші­лермен қатар, ая­ғынан қаз тұра бас­таған жас дарындарды да қолдап, көп­теген маңызды шара ұйым­дас­ты­ратын. Қазір жағдай басқаша. Қазір көп­­теген суретші заманауи дүние жа­замыз деп көрермен түгіл, өзі түсінбейтін ком­­по­зиция сымақтарды өмірге әкеліп жүр. «Стилизация» қуып, үйлесімсіз туын­дылар жазуға жаппай бет бұру үр­дісі байқалады. Нарық тудырған екін­ші бір мәселе – көп­шілік суретшінің ата­ғы, жұмыстың кәсіби орындалу ше­бер­лі­гіне үңілмей, «біс­міл­лә­сін» «мы­нау қан­ша тұ­радыдан» бастайды. Ал та­быс үшін орын­далатын өнер, яғни са­лондық жұ­мыс өзіне емес, өзгеге ұнау үшін са­тып алу­шының талғамына ың­ғай­­ла­с­ты­рып жа­салады. Сондықтан ол жы­л­ты­рақ, сән­­ді, өте тиімді шешім­дер­мен орын­­далады.
Енді көркемөнерлік дүние жазу ту­ралы бастаған ойыма қайта оралайын. Өзге ха­лықтың қандай шығармасы да біз­ге рухани қа­зына бола алмайды. Әлемдік өнер ке­ңіс­тігіндегі орнымызды белгілеу үшін кәсіби тал­ғамы жоғары, ұлттық мазмұндық мәні зор картиналар жазылуы керек. Төл өне­рі­мізге, бол­мы­сымызға қайшы келетін туын­ды­ларды жазудан саналы түрде бас тартқанымыз абзал. Бұл жерде де басты мәселе мемлекеттің қолдауына тіреліп тұр.
– Қолдауға зәруміз дедіңіз. Ал енді мемлекет қолдаған жағдайда сурет өне­рін жаңа сатыға көтеріп әкетіп, ұлт­тық рухымызды асқақ­тататын туын­дылар жазуға қа­бі­лет­ті, кәсіби білігі толысқан суретшілер шоғыры бізде бар ма?
– Неге жоқ, бар. Батыс Қазақстан облы­сы­ның аумағында тұратын 20-ға жуық Қа­зақстан Суретшілер одағының кез келген мү­шесі жатпай-тұрмай жұмыс жасауға да­йын. Бәрі де – талантты, та­лап­ты қылқалам ше­берлері. Бір әттеген-айы, осы жігіттердің бір­де-біреуінде жұ­мыс істейтін шеберхана жоқ. Үлкен ұлт­тық рух беретін, тарихи тақы­рып­тарға жа­затын суретшілер қол қыс­қа­лығынан ша­ғын өлшемді жұмыстармен шек­телуде. Олардың еңбегін жүйелі түрде на­сихаттап, сараптайтын мекеме де әзір­ге болмай тұр. Бір ғана мысал, Ұлы Же­ңістің 65 жылдығына орай май­дан­гер­лердің бей­несін салған туын­ды­ларымызды  қала­ға сыйға  бергіміз кел­ген. Бірақ, өкінішке қа­рай, Оралда оны орналастыратын, ілетін орын болмай, қазір салған дүниелеріміз әрбіріміздің үйімізде тұр. Енді облыс орта­лығынан көркемсурет және сәндік қол­данбалы өнер музейі ашылса, батыс­қа­зақ­стандық суретшілердің үлкен арманы орындалар еді. Өйткені мұндай музей барлық облыс орталықтарында  жұмыс істейді. Көп кешікпей облыс орта­лы­ғынан Қадыр Мырза Әлі атындағы шы­ғар­­­ма­шылық үйі бой көтермек. Сол ма­ңай­­дан Ба­тыс Қазақстан облыстық көр­кемсурет жә­не қолөнер музейі де та­былса деген ті­ле­гіміз бар. Қалай бо­ла­рын уақыт көрсетер.
– Болашақ көркемсурет музейін, егер ол салына қалса, көзіңізге қалай елестетесіз?
– Егер облыстық көркемсурет және қол­­өнер музейі ашылса, ақжайықтық сурет­ші­лер мен қолөнершілер үшін үл­кен мүмкіндік туар еді. Себебі музей жа­сақтауға шығар­ма­лар бізде жетіп-ар­тылады. Қазақтың көп­теген майталман суретшісінің туын­дылары облыстық өл­кетану мұражайының қо­рында сақ­тау­лы. Мысалы, мұнда «Иса­тай-Махам­бет­ті» жазған атақты қылқалам ше­бері Мұхит Халимовтің толыққанды мықты этюд­тері сақтаулы. Даңқты суретші Әбіл­хан Қастеевтің өзіне ұстаздық еткен Ни­колай Хлудовтың жұмыстары бар. Өкі­­ніштісі, шаң басып, қорда жатыр. Олар­­ды ешкім  көрмейді. Бұл да дербес музей жоқтығынан.
Музей ашылған жағдайда барлық қыл­қалам шеберінің туындылары ілініп, жи­нақталған жәдігерлер арнайы қорда сақ­талар еді. Егер музей іске қосылса, ішінен төрт шеберхана, төрт изостудия ашылып, білікті мамандар шақыртылып, жергілікті суретшілердің монументалдық және станоктық графика, мүсіндеу бо­йын­ша шеберліктері шыңдалып, көп­теген тарихи туынды салуға мүмкіндік туары сөзсіз. Осылайша облыстағы бей­нелеу өнерінің көші түзеліп, қаламызда тағы бір көрікті мәдени-демалыс және эстетикалық тәрбие орны пайда болар еді деген пікірдемін.
– Түсінікті. Енді батысқазақ­стан­дық қыл­қалам шеберлерінің алдағы жос­­пар­ларына аз-кем тоқтала кетсеңіз...
– Көрермендерге жағымды жа­ңа­лы­ғымыз – биылғы қараша айының 30-ы­нда Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы көркемсурет музейінде тұңғыш рет Батыс Қазақстан облысы суретшілерінің көрмесі ашылады. Көрменің демеушісі – Бірінші Президент қоры. Наурыз айын­да аталмыш қор байқау ұйым­дастырған болатын. Оған біздің «Өнер» қоры да қатысты. «Жастарды рухани тәрбиелеу» аталымына 54 жоба келіп түсіпті. Қазылар алқасы іріктеп алған төрт жеңімпаздың бірі біз болдық. Бұ­йырса, көрменің ашылу салтанатына Қа­зақстан Суретшілер одағының төр­аға­сы, про­фес­сор Байтұрсын Өмірбеков қа­тыспақшы. Сондай-ақ Жанарбек Бе­рістенов, Камилла Ли, Болат Досжанов, Жұ­мақын Қайранбаев секілді танымал суретшілер мен өнер­та­нушылар келеді деп күтілуде. Қарашаның 29-ына бас­пасөз мәслихаты жоспарланған. Көрме 15 желтоқсанға дейін созылып, Жа­йық өңірінен 20 суретшінің жүздеген суреті қойылмақшы.
– Әңгімеңізге рақмет.

Алашқа айтар датым...
Француздың белгілі ғалымы Дени Дидроның: «Ұрпағын жазуға, оқуға үйреткендей, сурет салуға да үйреткен ұлт өзгелерден озық тұрады» деген керемет сөзі бар. Осы тұрғыдан келгенде мені қазіргі мектептегі де, университеттегі де бейнелеу пәнін оқыту деңгейі қанағаттандырмайды. Мектепте сағат жылдан-жылға азайып барады. Кредиттік технологияға көшкеннен кейін университетте мүлде кереғарлыққа тап болдық. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын студентке мүлде келмейді. Бұл менің ғана пікірім емес, Өнер академиясының, Абай атындағы ҰПУ-дың ғалымдарымен пікірлескен кезде ойымыз бір жерден шықты. Қабілетті балалар көп емес, бірақ бар. Енді сол аздың өзін саз ете алмай жоғалтып аламыз ба деген қауіп тұр көкейде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста