Мал шаруашылығын мықты дамытқан немістерден үйренеріміз көп екен

Ұласбек Сәдібеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бас қаладан келген депутаттар кө­­біне облыс орталықтарынан алысқа ұза­­­май-ақ ашылып жатқан өндіріс орын­­дарын аралаумен елге сапарын аяқ­­­­тайды. Өзіңіз бұл жолғы келісіңізде ау­­­данның түкпір-түкпіріне дейін ба­рып, бұ­қараның жағдайымен таны­сып шы­­ғыпсыз. Орталыққа беріліп жат­қан ақ­­пар­дағыдай елдің жағдайы, ра­сында, та­маша ма екен? Сай­лау­шы­­ла­рыңыздың дені қандай мұң-мұқ­тажын айтты?
– Елдің іші болған соң, «барға – қана­ғат, жоқ­­қа салауат» айтатындар да, бар­дың өзін жоқ­­­тай көретіндер де болады ғой. «Қи­­мыл­­дағанның қыр асатын» за­ма­ны. Бей­­нет­тен қаш­паймын, нәпақа та­ба­мын дег­ен адамға жұмыс табылады. Ауыл­да жұ­мыс жоқ деп зар қағудың да қа­жеті жоқ. Алыс ауылда оты­рып-ақ отар-отар қой, табын-табын жыл­қы бағып, мың­­ғы­рып бай болып отыр­ғандар же­тер­лік. Тек іс­тің көзін таба білу ке­рек. «Қолы қи­мыл­да­ғанның аузы қи­мыл­дай­тынын» да әр­кім есте ұстаса дей­сің. Бәйдібек ау­да­нына бар­ған кезде бір кісі ауыл жас­та­рына өзі­нің назын жеткізді. «Шөп ша­буға бү­гінде адам таппайсың. Бір трак­тордың тір­­ке­месін толтырып шөп ша­уып, тиеп бер­се, 2 мың теңге төлеймін» деп үйме-үй жү­ріп із­­десең де бір адам шық­пай­ды. Жас­тар­дың бі­рінің денсаулығы жа­ра­май­ды, енді бі­рінің мың сан сылтауы бар. Сол жас­тар кеш­кісін кө­шені бермей, сы­ра­латып, таң ат­қанша қаң­ғырады. Бірақ жұ­мыс істегісі жоқ. Қызық іздеп қалаға ке­те­ді, болмаса, үй­ді қа­раң­ғы­лап қо­йып, жа­­нын күтіп жа­тады» дейді. Ра­сын­да, бү­гінде кей­бі­реу­лер, айтса, айт­қан­дай-ақ, бел ауыр­тып, бі­лек сыбанып жұ­мыс іс­те­гі­сі кел­мей­ді. Аз жұ­мыс істеп, күреп ақша тап­­қысы келеді. Әсі­ресе жастар. Қазір жа­лындап тұр­­ған, тау қопар десе де қайт­пай­тын ке­зең­дері ғой. Жұмыстан неге қашатындары т­ү­­сі­нік­сіз. Бейнетсіз зейнет бола ма? Бүгін бас ауы­рып, балтыры сыз­дап, еңбекпен нан тап­са, ертеңгі күні со­ның зейнетін көреді ғой. Бі­рақ оны тү­сі­не­тіндері аз. Бір күнде 2 мың тең­ге тапса, бір айда 60 мың теңге қал­тасына тү­седі. Ауыл­дықтарға бұл әжеп­­теуір ақша екені сөз­сіз. Осылайша, «жұмыс жоқ» деп ауыз­­ды қу шөппен сүрте бер­мей, кез-кел­ген жұ­мысты таңдамай, тал­ғамай-ақ жа­пы­рып тас­тауға болар. Ауылда көзін тап­қан адамға жұмыс көп. Лай құйып, кір­піш қа­лап, үй соқса да ақ­ша табады. Шөп ша­уып, егін ексе, ол да – ақ­ша. Мал бағып, етін өткізсе, ол да – нә­пақа. Қысқасы, тек ерін­­шектік, жал­қау­лық деген дерттен ары­­ла алса болғаны. Қал­­ғаны ниетке бай­ла­­ныс­ты... Бұл жолғы са­па­рым­да шал­ғай­да жат­­қан ауыл-ай­мақ­тарға бар­дым. Бә­рін тү­гел қамту мүм­кін емес, әрине. Ауыл­­­дық­тар­дың айтар уә­жі көп. Таза ауыз­су, жол, мектеп мә­се­лесі – бәрі-бәрі ше­­шіл­се дейді. Мәселен, Арыс ауданында тұр­­ғын­дар көпір мә­се­ле­сін тілге тиек етті. Өт­пелі кө­­пір болмаған соң жұмыстан қайт­қанда амал­сыз темір жол­ды кесіп өту­ге мәжбүр. Оқыс жағ­дай­лар да орын ала­тын құсайды. Әсі­ресе мек­тепке ба­ра­тын балаларға қиын. Сон­дықтан да «осы мә­селенің шешімін та­буы­на мұрындық бол­саңыз» деп өтініш­те­рін жет­­кізді. Ал был­тыр осы ауданда Те­мір­жолшы ауы­лында жол жөнделген екен. Жақ­сылап-ақ сал­ған. Бұрынғы жолға 200 метр жеткіз­бей аяқтапты. Жұрт соны «е, мы­на жердің ақ­­шасын жеп қойған ғой» деп ойлары сөзсіз. Ал сол жолдың жо­ба­лық-сметалық құжатын көр­генде осылай бітуі тиіс екен. Ал оны ха­лық­қа түсіндіре ал­майсың ғой. Құрылыстан ха­бары жоқ кей­біреулер ол құжаттағы сыз­ба­ларды тү­сін­бейді де. Жұ­мыс істелінбей жат­қан жоқ, тек көрерге көз керек. Кеңес ке­зе­ңін­де тап осылай жүз­­деген мектеп, жүз­деген ау­ру­ха­на, мың­даған балабақшалар са­лын­ды ма? Жоқ. Ол кезде жоспармен ғана жү­­зеге асы­­ратын. Ал бүгінде тәуелсіз ел­дің ұр­пақ­тары еш­теңеден тарығатындай емес. Жағ­дай жа­салып жатыр. Ордабасы ау­­да­нындағы Шұ­бар ауылдық округіне қа­расты Тоқ­сан­сай елді мекенінде 200 орын­дық ке­ремет мек­теп салыныпты. За­ман талабына сай са­лынған мектептің та­бал­дырығын ат­та­ған­­нан-ақ тамсанасың. Ке­зінде біз мұндай мек­тепте оқыған жоқ­пыз. Осындай керемет мек­­тепте оқып жат­қан балалар енді соған орай жақсы білім алып, биік белестерді ба­ғын­дырса дейсің. Ал Арыс қаласындағы құ­­ры­лысы бітуге таяу 300 орындық мек­теп­ті осындай деп айта алмайсың. Бәйдібек ау­­данында салынып жатқан мектептің де аз­­даған кем-кетіктері бар енді. Әу баста жос­пар­лағанда мамандар мән бермеген-ау ша­масы. Шаруашылық бөлмелері тым көп. То­­пырлатып бірнеше шаруашылық бөл­месін са­ла бергенше, оның орнына үл­кендеу етіп бір сынып бөлмесін қосу керек еді. Есіктерін аш­саң, бір-біріне тиіп тұр. Со­­ны дұрыстап жос­парлау керек еді. Қан­шама қар­жы бө­лініп жатқанда соған жа­на­­шыр­лы­қ­пен қа­рап, барынша ыңғайлы жа­ғын қа­растырса, ұт­паса, ұтылмасы анық. Ауыл­­да­ғы ағайынның ең басты мә­се­­ле­сінің бірі та­за ауызсу екені бел­гілі. Бар­­лық жақ­қа бір­дей ауызсу жет­кізіп, қам­­ту мүм­кін емес қой. Бұл мәселе де бір­тін­­деп ше­ші­мін та­ба­ры сөзсіз. Көпшіліктің де­­­ні осы ауызсу мә­селесін тілге тиек етті. Со­­­зақ­­тықтар бол­са, «экологиялық аймақ­та тұ­­ра­­мыз. Жұмыс іс­тейтіндердің жала­қы­­сы­на эко­­логия үшін деп 20 пайыз үс­те­м­­­­еақы қо­сып тө­лейді. Ал бізге, зей­­­­­нет­кер­лер­ге де осы үстемеақыны қос­са дұ­­­рыс болар еді. Жұ­мыс іс­тейтіндер ғана емес, бұл ай­мақ­та біз де тұ­рып жа­тыр­­мыз ғой» дейді. Қойын дәп­теріме түр­тіп алған мә­селенің бірі осы бол­ды. Одан ке­йін бү­гін­дері ауыл-ай­мақ­тар­да кә­сіп­керлікті да­мы­ту үшін несиелер бе­ріліп жатыр. Ауыл­­дық­тар ол үшін аудан ор­та­лығына ке­луі ке­рек. Құжат жинау үшін бір­неше күн сан­­да­­лады. Тол­ған бю­ро­­кра­тия. Ақырында қо­­лын сілтеп ке­тіп қа­лады. Үкі­меттен бө­лі­ніп жатқан қан­­ша­ма қар­жы­ның игілігін кө­­ре алмай отыр­­ған­дар бар. Осыны еш ке­­дер­гісіз же­тер же­ріне дейін жеткізу керек.
– Депутат ретінде осы бюрокра­тия­­лық тас қамалды талқандауға сеп­ті­гі­ңізді тигізуге болады ғой...
– Иә, қолдан келгенше көмек қолын со­­зуға тырысудамын. Түркістан қаласында бол­­­ғанымда бір кәсіпкер өз арызын айт­ты. Мақ­та талшығын өңдеп, май шы­ға­ра­тын, жіп шы­ғаратын үлкен өндіріс орнын ашып­ты. Со­ны ары қарай дамыту үшін не­сие ал­мақ екен. Құжаттарының бәрі да­йын болса да әлі күнге дейін несиеге қол жеткізе ал­май отыр. Осы мәселені облыс әкіміне құ­лақ­қағыс ет­тім. Шешіп беруге уәде етті. Мұн­дай мы­сал­дар көп. Өз ісін аш­сын, кә­сібін дөңгелетсін деп Үкімет жағ­дай жа­сау­дай-ақ жасап жа­тыр. Бірақ со­ны өз мақ­са­тына қарай жұм­сауды біл­мей­тіндер де бар. Мә­селен, көп адамдар не­сиені алған соң, кәсібін дөңгелету үшін емес, басқа бағытқа жұм­сайды. Менің ауы­лымдағы бір жігіт не­сие алған, той жа­саған. Ішкен, жеген. Ақы­рын­да қой да жоқ, той өткен, ақша да жоқ. Қа­зір алған не­сиесін үстемесімен қосып, қа­лай қай­та­рарын білмей, басы қатып жүр. Бұ­лай бо­л­мас үшін алдымен адам ойлануы ке­рек қой. Мұндай мысалдар жетіп-ар­ты­ла­ды... Мал алса, ол төлдесе, басын кө­бейт­се, несиені де жабуға болады, үстінен пай­­да көруге де болады. Әу баста несие алып, мал басын көбейтіп, бүгінде ферма са­лып, мыңғыртып отар-отар қой айдап жүр­гендер бар. Маңдай терін тамшылатып ең­бек еткен адам ақыры оның нәсібін же­рі анық. Мәселен, Сайрам ауданындағы Қа­­ра­бұлақ ауылында мал бордақылаумен ай­­налысатындар көп. Солардың басым бө­­лігі Алматыға, Астанаға ет апарып өт­кі­зеді. Пай­дасы да әжептеуір. Солар несие ал­май-ақ сол қалалардағы етті көтере са­тып алу­шы­лармен келісім жасайды. 2 мил­лион теңге алып, соны күзде ет қылып қай­тарамын деп келіседі. Әлгі ақшаға ма­лын сатып алады, жемшөбін қоса алады. Сөй­тіп, қоң жинағанша күзге дейін бағып, се­міртеді. Ал айтқан мезгілінде қа­рызынан да құ­ты­лады, үстеме пайда да та­бады. Осылайша, істің көзін тауып, ба­қуатты тұрып жатқандар бар. Бұған не қа­жет: ақылмен іс істеу ғана қажет сияқты. Бас­қа ештеңенің керегі жоқ. «Өкімет өл­тір­мейді» дейтіндей емес, кеңестің за­ма­ны өт­кен. Бүгінгі күн кім еңбек етсе, заман – со­ныкі. Алақан жайып, көмек күту де – өт­­кен күннің белгісі. Бел жазбай, ащы те­­рін ағы­зып еңбек еткен адам ғана бей­не­ті­нің зей­нетін көре алады.
– Өзіңіз Парламенттегі аграрлық мә­­се­лелер комитетінің мүшесісіз. Ауыл ­­шаруашылығына қатысты күйіп тұр­­ған қандай мәселелердің шешімін та­буына атсалысып жүрсіз?
– Кезінде мақта туралы заң қабыл­дан­ға­ны белгілі. Ақ алтын тек оңтүстік об­лыс­та ғана өсіріледі. Осы шаруашылықта ең­бек етіп жүрген жандардың жағдайын жа­сауы тиіс заңның кем-кетіктері бар­шы­лық. Соған өзгертулер мен толықтырулар ен­гізілуі тиіс. Күзде осы мәселені тал­қы­лай­тын шығар­мыз. «Агробизнес – 2020» атты мем­ле­кет­тік бағдарлама бар. Онда көп­теген мә­се­ле­лерге басым бағыттар бе­ріл­ген. Әсіресе елі­міз астық өндіруде асы­ғы алшы бол­ғандықтан, бидайға басым ба­ғыт берілген. Сол сияқты мақтаға да көп­теп көңіл бөлінсе дей­міз. Ақ алтынды жи­­найтын, өңдейтін құ­рал-жаб­дық­тар­дың әбден тозығы жет­кен. Ал жаңасын алуға шаруаның қалтасы те­сік. Бұдан өзге де шаруаның аяғынан шалатын мәселелер көп. Мақтаның бағасы да тұрақты емес. Мақ­тааралдық мақта­шы­лар мұңын ай­тып, жыл сайын жыр етеді... Одан кейін жа­йылым туралы заң қа­был­дануы керек. Осы туралы Үкіметке ұсыныс айт­тым. Бү­гін­де еліміздегі мал басының басым бө­лігі, яғ­ни 80 пайызы – қолда. Ауыл­дағы аға­­йын сол қолдағы малын жая­тын жер тап­­пай отыр бүгінде. Мал ауылдың ма­ңа­йын­дағы 5-6 шақырым радиуста жа­­­йы­лады. Қыр, төбелердегі шөпті бі­ті­ріп, та­қырлап тастаған. Мұндайда малдың кү­йі кетеді, шөптің де сапасы жоқ. Сон­дық­тан сиыр біткен қайдан сапалы сүт бер­сін? Жа­­йы­лымдық жерлердің басым бө­лігі же­кеге са­тылып кеткен кезінде. Ол жерлерді қор­шап алған. Қолдағы малды онда аттап бас­тырмайды. Қоршаудан өтіп кетсе, қа­ра­уылдары атуға дайын тұрады. Осындай шетін мәселелер шешімін табуы тиіс.
– Қолынан құрығы түспеген қа­зақ­қа «мал бағуды шетелден үйренеміз» дес­­ті Ауыл шаруашылығы министрлігі. Бұған көзқарасыңыз қалай?
– Былтыр Германияға іссапармен бар­дық. Сонда 700 гектар жері бар, тіпті 7000 гектар жері бар фермерлердің қо­жа­­лы­­ғында болдық. Мал шаруашылығын мық­­ты да­мытқан немістерден үйренеріміз көп екен. Бұдан шошудың қажеті жоқ. Үй­ре­­ну­ден ешуақытта да үрікпеуіміз керек. Егер олардың мал асырау, мал бор­да­қылауда жеткен жетістіктері болса, соның құ­пиясына қанығып, неге үйренбеске? Одан ұтпасақ, ұтылмаймыз қайта. Ата-ба­баларымыздың қыс қыстауда, жаз жай­лау­да жүріп баққан ма­лы қоңды болғанын бі­леміз. Бірақ о за­ман­дағы мал бағу ба­ғыты бүгінгіге жүр­мей­ді. Жаңа тех­но­ло­гия­ны енгізуден қаш­па­уымыз керек. О за­­ман­дағыдай шүйгін шөп бүгінде жоқ. Ауыл­дың айналасының бә­рін қолдағы мал жеп бітірген. Жемшөп қымбаттап кет­кен. Былтыр қуаңшылық бо­лып, шөп қым­­баттап кетті. Биыл, шүкір, мол жа­уын­ның арқасында молынан болып, шар­уа­лар шөптің бағасы арзандағанына қуа­ну­лы. Осындай-осындай себептерден кейін шетелдіктермен тәжірибе алмасудан қа­шу­­дың қажеті жоқ. Қайта бізге пайдалы жақ­­тарын, табысты жақтарын үйреніп, ма­­­лымыз қоңданып жатса, несі айып?! Ол үшін ауыл шаруашылығына бұдан да көп кө­ңіл бөлінуі тиіс. Ауылдарға баяғы ве­те­ри­нар­лар­ды, зоотехниктерді көптеп тар­туымыз керек.
– Осындайда тағы бір сауал туын­дай­ды. Зоотехник деп қалдыңыз, бү­гін­­гі жастар ауылға аттап басқысы жоқ. Дәл осы мамандықты да амал­дың жоқ­ты­ғынан оқитыны да рас. Дип­лом ал­ған­нан кейін де ба­зар­лар­дағы ве­те­ри­­нар­лық бөлімнен жұмыс та­­уып, қа­лада қалғысы келеді. Жас ма­­ман­дардың ауыл­ға бет бұруы үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Әрине, мамандық таңдау – күрделі мә­­селе. Бұрындары біз оқыған кезде мек­тепте ер мұғалімдер көп болатын. Біз со­лар­­ға еліктеп өстік. Темірдей қатты мі­нез­ді, ермінезділікті бойымызға сіңірдік. Қыз­дар апайларға, біз ағайларға елік­те­дік. Ал бүгінде мектепте ылғи нә­зікж­ан­ды­лар. Ер мұғалімдер – «арпа ішінде бір би­дайдың» күйі. Бозбалалар кімге елік­те­рін білмейді. Қыз­ мі­незді жігіттердің кө­беюіне осы жағ­дай­дың әсер етпесіне кім ке­піл? Мектептерге кез­десулерге көп ба­ра­мын. Сонда «Кім мұғалім болғысы ке­леді?» де­ген сұрақты жиі қоямын. Сонда оқу­­шы­лар­дың біреуі ғана, ары кетсе, еке­уі ға­на қол көтереді. Мұ­ны мұғалім бе­де­лінің сон­­ша­лықты түсіп кет­кенінен деуіміз ке­­рек пе? Жастардың бә­рі ақ көйлек киіп, та­за жү­ріп, таза тұратын, крес­лода оты­ра­тын жұ­мыс істегісі келеді. Ал сонда ауыл­ды кім кө­тереді, кім көр­кей­теді? Қара жұ­мысты кім істейді?.. Мектеп бітірген соң сол оқу­шылардың дені басқа «прес­тиж­ный» ма­ман­дықтың құлағынан ұстағысы ке­леді. Юрист болғысы келеді, балы жет­пей қал­са ғана мұғалімдікке тап­сырады. Амал жоқ­тықтан. Жоғары оқу ор­нын бі­ті­ріп шы­ғады. Тағы да амал жоқ­тықтан. Со­сын ди­пло­мы бойынша жұмысқа тұ­рады. Амал­сыз­дықтан. Содан кейін одан қай­бір жөні тү­зу мұғалім шығады деп ой­лайсыз? Жүр­дім-бардым қарайды, сабағы өт­се  – бол­ды. Жү­рек қалауымен болмағаннан кейін осындай немқұрайдылық пайда бо­лады. Осыдан кейін алдындағы оқу­шы­лар да мұғалімінің қателігін қайталауы мүм­кін. Егер жүрек қалауымен жұмыс ат­қар­са, оның жемісті болары сөзсіз. «Шым­­­шық сой­са да қасапшы сойсын» де­­ген мә­тел бар. Негізі, дұрысы – сол. Біз­де бә­рі ке­­рі­сін­ше. Егер бәрі өз орында, нақ­­ты-нақты бол­­са, онда жемісті де, же­ңіс­ті нә­ти­же­лер көп болар еді... Ра­сын­да, зоотех­­ник­терге бар жағдай жасалып жа­­тыр де­сек, тым ар­тық болар. Олар ауыл-ауыл­дың сиырына дә­рі егу үшін пә­лен ша­­қы­рымды артқа тастап, жаяу жү­реді. Екі, үш ауылға бір-ақ зоотех­­ник та­ға­­йын­дайды. Ол қалай үл­гереді, амал жоқ­тық­тан, ма­ман жоқтықтан осы­лай іс­теуге мәж­­бүрміз. Бұ­рынғыдай кол­хоз-сов­хоз­дың мың­ғыр­ған малы жоқ. Сәл де бол­са пай­­да көріп, ар­тық табыс табады дей­тін­дей де емес, ра­сында, зо­о­тех­­ник­тердің бү­­гінде тапқаны та­мағынан ар­­тыл­майды. Осы­­ны көріп тұ­рып жастардың осы ма­ман­дықтан қашатыны сөзсіз. Де­генмен ақырындап сең қозғалып келеді. Осы ма­ман­­дық иелеріне жуырда Қос­та­най­да «Ни­­ва» автокөлігі табысталды. Жай­лап бол­са да жағдай жасалуда. Ке­лешекте, кім білген, жастар көптеп бет бұ­ратын са­ла осы сала бо­лар, бәлкім?! Бұ­ры­нырақта малды дәрі­леуге, емдеуге ар­налған бүкіл құрал-сай­маны ішінде ор­н­аласқан «Дук» деген көлік бо­латын. Бү­гінде ол жоқ. Ауыл шар­уашы­лы­ғына әсіресе мал шар­уа­шы­лы­ғына көп­теп көңіл бөлініп отырған тұс­та құрал-жаб­дығы сақадай сай осындай дү­ниелерді алып, ветеринарларға та­ра­тып берсе... Ма­ман даярлауға бетбұрыс жа­салып жатыр. Ве­те­ринарияны әлі де болса мықтап қолға алу керек. Малдың де­ні сау болуы үшін ве­теринарлардың ат­қарар жұмысы ау­қымды. Төрт түліктің еті қа­уіпсіз болса, де­мек, сіз бен біздің дені­міз сау болады де­ген сөз. Ол үшін осы са­ла­дағы маман­дар­дың санын көбейтуден де бұрын олар­дың біліктіліктерін арттыру қа­жет.
– Бұдан алдыңғы шақырылымдағы де­путаттарды «азулы еді, елдік, ха­лық­­тық тұрғыда көптеген мәселелерді кө­те­ретін» дейтін. Бүгінгі, яғни, өзіңіз қа­та­рынан бой көрсетіп жүрген Мә­жіліс депутаттары азуын көрсете ал­май келе ме, әлде, расында ылғи «мо­мын» депутаттардан құралған ба?
– Бұрынғы Кеңес Одағының қана­ты­ның ас­тында болған мемлекеттерді алып қа­­райтын болсақ, бүгінде Тәуелсіздігін алған сол мемлекеттер бостандықтың күні осы екен дегендей, депутаттары мәселені мә­­мі­леге келіп шеше алмай, жаға жыр­тысып жатады. Тіпті төбелесіп жатқандары да бар... Бұрын мен өзім Парламентке бар­­май тұр­ғанда елдік, халықтық мә­се­ле­лерді неге айқайлап, ащынып тұрып айт­­пайды деп өзім де ойлайтынмын. Бү­гінде сол орында жүргеннен кейін ай­қай­лап айтудың қажеті жоқтығын түсіндім. «Показуханың» қажеті жоқ. Заң қа­был­да­нар­дың алдында жұмысшы тобының тал­қы­сына беріледі. Міне, нағыз айқай, шу сол жерде болады. Заңның әр әріпі, әр бөлімі үтір, нүктесіне дейін талқы­ла­нады. Тіпті жағаласуға дейін барады. Ал сәр­сен­бі күн­гі, яғни, бүкіл газет, телеарна­ның өкіл­де­рін шақырып, талқылайтын уа­­қыт­та пісіп-жетілген нұсқасы талқыға тү­седі. Ке­­ліспейтіндер осы кезде өз пі­кір­лерін біл­­діруге құқылы. Ұсыныстарын жет­кізіп жа­­тады. Көбіне талқыланып қой­ған соң ты­­ныш өтетіндігі де содан. Әрине, ел­дік, ха­­лықтық мүдде тұрғысынан кел­ген­де бір қай­­науы іште жатқан пікір­ле­рімізді ал­дың­­ғы талқылауда барынша ашық айтуға ты­рысамыз. Келіспейтін тұс­та­ры болса, да­уыс­­қа салынады. Қалай бол­ғанда да ха­лықтың қо­лайына жағатын жақ­тарын жақ­тауға ты­рысамыз. Халықтың аты­нан сөй­леп отыр­ғаннан кейін ха­лық­тың ама­натын да естен шы­ғармау керек деп ой­лаймын. Аманаттың жү­гі ауыр бо­ла­ды. Сон­дықтан да көп­ші­лік­тің көңілінен шы­ғу – па­рызымыз. Осы іс­са­па­рымда ау­дан­­дар­дың түкпір-түкпіріне де­йін аралап, шал­ғай­да жатқан ауылдарды да қамтуға ты­рыстым. Ондағы ағайынның арызын тың­дап, қолдан келгенше жоғары жаққа жет­кізуге уәде еткен жайым бар. Басты мін­детіміз халыққа қызмет ету бол­ған­дықтан, сол халықтың мұң-мұқтажы жер­де қал­ма­уы тиіс. Бұл бір адамның қо­лын­дағы шар­уа емес, Үкіметтен қаржы бө­­лініп ше­ші­летін шаруалар шаш-етектен. Сон­­дықтан да соған тамшыдай да болса үле­­сіміз тиіп жатса, парызымыздың орын­дал­­ғаны шы­ғар.
– Сұхбатыңызға рақмет.

Алашқа айтар датым...
Жастардың бәрі ақ көйлек киіп, таза жүріп, таза тұратын, креслода отыратын жұмыс істегісі келеді. Ал сонда ауылды кім көтереді, кім көркейтеді? Қара жұмысты кім істейді?.. Мектеп бітірген соң сол оқушылардың дені басқа «престижный» мамандықтың құлағынан ұстағысы келеді. Юрист болғысы келеді, балы жетпей қалса ғана мұғалімдікке тапсырады. Амал жоқтықтан. Жоғары оқу орнын бітіріп шығады. Тағы да амал жоқтықтан. Сосын дипломы бойынша жұмысқа тұрады. Амалсыздықтан. Содан кейін одан қайбір жөні түзу мұғалім шығады деп ойлайсыз? Жүрдім-бардым қарайды, сабағы өтсе болды. Жүрек қалауымен болмағаннан кейін осындай немқұрайдылық пайда болады. Осыдан кейін алдындағы оқушылар да мұғалімінің қателігін қайталауы мүмкін. Егер жүрек қалауымен жұмыс атқарса, оның жемісті болары сөзсіз. «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген мәтел бар. Негізі, дұрысы сол. Бізде бәрі керісінше. Егер бәрі өз орнында, нақты-нақты болса, онда жемісті де жеңісті нәтижелер көп болар еді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста