Кенесарының түбіне жеткен Ресей патшалығы емес, қазақтың өзі

Кенесарының түбіне жеткен Ресей патшалығы емес, қазақтың өзі

 Уәлихан ҚАЙСАРОВ, Кенесары қорының президенті:

– Уәлихан Әбішұлы, Алаш баласы үшін қанын төккен, кешегі хандарымыздың соңғы тұяғы – Кенесары ханның басын елге қайтару жолында шетелге барып, біраз еңбектеніп қайтыпсыз. Әңгімемізді осыдан бастасақ?

– Кенесары Қасымұлы – қазақ халқының сонау Ұлытау жерінде ақ киізге отырғызып сайлаған соңғы ханы. Ол – қазақ елін жеке, өз бетінше бөлек ел етсем деп армандаған, әрі осы ұлы арман жолында өз өмірін сарп еткен бірегей тұлға. Тарихи маңызы өте зор тұлға. Ең қымбат дүние адамның өмірі, халықтың намысы, бостандығы, азаттығы екені белгілі. Кенесары бабамыз осы арман жолында күресті.

Амал не халқының бостандығы мен болашағы үшін күрескен сол ұлы ханның бас сүйегі өзгенің қолында – Ресейде жатыр. Бірақ нақты қайда жатқаны белгісіз. Бабамыздың басын қайтару мақсатында арнайы Кенесары қорын құрдық. Осы мақсатпен жақында Лондонға, одан кейін Мәскеуге барып қайттым. Мәскеуде Дума депутаттарының біразына жолығып, осы мәселені қозғап көріп едік олар бұл әңгімені қозғаудан саналы түрде бас тартты. Бірақ мүлдем жолымыз болмады деп айта алмаймын. Билікте жүрген бірнеше адамға өтініш жасап едік, олар көмектесуге ниет білдірді. Олар қазір осы мәселемен айналысып, арнайы зерттеу жұмыстарын жасап жатыр. Амандық болса жақын күндері «Кенесары ханның басы дәл осы жерде (Мәскеуде – автор) немесе басқа жерде» деген ресми хат жауап алып беруі тиіс. Ресми түрде хат келсе, қазақ халқының атынан арнайы өкілдер дайындап, Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің атына еліміздің даңқты ұлы Кенесары Қасымұлы ханның басын қайтаруға көмектессеңіз деп хат жібереміз деп отырмыз. Бұған күллі ел болып бойында намысы бар кез келген азамат атсалысуы тиіс.

– Қазақ халқы жеке ел болып, егемендік алған соң тегін түгендеп, тарихты қайта парақтап келеді. Алайда қасық қаны қалғанша арпалысып жауына тізе бүкпеген Хан Кененің тарихи бейнесі әлі де өз деңгейінде айтылмай келеді деген пікір басым. Осыған қалай қарайсыз?

– Өкінішке қарай, елімізде әлі күнге дейін Кенесарының азаттық күресі өз деңгейінде айтылмай келеді. Хан Кененің азаматтық бейнесі дұрыс бағасын алды деп айта алмаймын. Ол өз заманында «алақандай болса да ата қоныс жер қымбат» деп ұран көтеріп, қазақтың тарихи жері үшін, намысы үшін Ресей патшалығы, ұлы Қытай империясына, Хиуа, Қоқан хандықтарына қарсы тұрды. Рас айтасыз, бүгінгі таңда тарихшыларымыз Кенесарыны ұлт азаттық жолында көтеріліс жасаған тұлға деп қана жырлаудан аса алмай жүр. Ол – шын мәнінде Қазақ мемлекетінің негізін құрған адамдардың бірі. Хан Кене қазақ қоғамына сол заманның өзінде-ақ кедендік қызметті пайдаланған. Мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырып, дипломатиялық мақсат ұстана білген. Салық жүйесін қалыптастырған. Бұны бүгінгі таңда ешкім білмейді, немесе айтқысы келмейді. Ол кісі – шын мәнінде қазақ мемлекетін құрушылардың бірі.

Империяның жасап отырған қысымына қарамастан қазақ халқының Тәуелсіздігін нығайтып, Ресей патшалығымен дипломатиялық тату жағдайда болуды мақсат тұтады. Осы мақсатта Ресейге өз елшілерін, арнайы грамоталарын жібереді. Әрине, бұл патшаға ұнамайды. Қазақтың рухын көтеріп отырған Кенесарының көзін құрту үшін 20 мың қол жұмсайды.

Меніңше, Кенесарының түбіне жеткен Ресей патшалығы емес, қазақтың өзі. Патшадан сый дәметкен сатқын сұлтандарымыз Қырғыз манаптарын пайдалана отырып, өз қолымен ұстап берген. Бұлар реті келгенде кедергі келтіріп, қиын-қыстау сәттерде көмек бермей, жаумен алысқан шешуші ұрыстарда Кенесарыны қолдамай майдан даласын қасақана тастап кетіп отырды. Расы керек, өз заманында Кенесары сыртқы күштермен қатар ішкі жаумен де күресуге мәжбүр болғаны белгілі. Қырғыз ағайындармен соғысы да осындай себептерге байланысты. Үш ай бойы қырғыздың тұтқынында отырып, ақыры мерт болды.

– Кенесарының денесі бір жарым ғасырдан соң қырғыз елінен табылғанын білеміз. Бабамыздың зираты қалай табылды?

– Кенесары бабамыз қырғыз елінде тұтқында отырғанда оны күзетіп, тамақ беріп отыратын арнайы сарбаз дейміз бе, адамдар болған. Бір күні бабамыз олардың біріне өз аманатын айтады. «Күндердің-күнінде мені қырғыздар мерт ететіні сөзсіз. Солардың ішінде сен де боласың. Сүйегімді қорлап, итке тастайтын түрі бар. Бірақ сен менің денемді қор қылмай, амалын тауып, бір жерге көм. Әр жұма күні құран оқытып отырасың. Олай етпеген күнде мен сенің жеті ұрпағыңа дейін қарғыс айтып кетемін», – дейді.

Ақыры жағдай солай болады. Манаптар есіл ердің басын шауып, денесін итке тастауға бұйрық береді. Бірақ тағдыр ғой, жаңағы сарбаз амалын тауып, Кенесарыны өз ауласына апарып жасырады. Бірнеше жыл өткен соң ханның денесін басқа жерге – бір таудың етегіне апарып көмеді. Ақыры өзі қартайған шағында ол бұл сырды өз ұлына аманат етеді. Бұл өткен ғасырдың 20-30 жылдары болса керек.

Сол бала әбден қартаяды. Сол уақытта еліміз жеке ел болып, бабамыздың жатқан жерін іздеуге арнайы экспедиция шығып, шайқас болған жерлерді аралап жүріп жаңағы қарияға тап болады. Ол экспедицияның Кенесары ханға қатысты екенін білген соң батырдың жатқан жерін көрсетеді. Мүрде жатқан жер қазылады. Бастың орнына үлкен көк тас қойылыпты. Осылайша бабамыздың денесі бір ғасырдан астам уақыттан соң өз топырағына қайтып, Алматыдағы жекеменшік қорымдардың біріне жерленген.

– Кенесарының бас сүйегі табылады деп ойлайсыз ба?

– Табылады! Оған 100 пайыз сенімдімін! Кенесары ханның бас сүйегі Ресейде жатқанын дәлелдейтін қолымда өте құнды құжат бар.

– Ол қандай құжат?

– Ол – 1957 жылғы шыққан Кеңес Үкіметі КГБ бастығы бұйрығының көшірмесі. Онда басты қай жерден алып, қай жерге сақтап қою туралы бұйрық жазылған. Бірақ оның қайда тұрғанын айта алмаймын. Әзірше құпия ұстап отырмын.

Бұл мәселе көп жылдан бері көтеріліп келе жатыр. Алайда ресми билік тарапы әлі үнсіз. Бұл неге мемлекеттік тұрғыдан қолға алынбайды?

– Себебі Кенесарының басының елге қайтпауына тілеулес адамдар да баршылық.

– Олар сонда кімдер?

– Биліктің әр бұтағында отырған тұлғалар. Олар Кенесарының басы қайтса, қазақтың рухы көтеріліп кете ме деп қорқады. Менің қолымдағы бұйрықтың көшірмесінде басты басқа жерге апарып қоюдың себебі жазылған: «В целях недопущения роста самосознания казахского народа. Голову вывести оттуда ... и поместить туда ... » деп көрсетілген. Бір бұрышында «совершенно секретно» деген гриф бар. Сондай-ақ қолымда бабамыздың басын өз қолымен ұстап, қабылдап алып, акті жасаған адамның жазған мемуарлары да бар. Сонда жазылған: «Қазақ халқының ханы Кенесарының бас сүйегін өзім қабылдадым. Акт жасадым... Алайда неге екені белгісіз, келесі күні мені зейнетке шығару туралы бұйрық шықты...» делінген.

Біз қалай болған күнде де бабамыздың басын қайтарып алуымыз қажет. Онсыз біз ел бола алмаймыз. Бас сүйек табылған жағдайда деп ханның ұрпақтарын іздеп тауып алдық. Бүгінде Кенесары ханның ұрпағымыз деп саналатын бірнеше адам бар екен. Бір Назипа Кенесарина деген профессор әйел кісі табылды. Сондай-ақ хан тұқымы Шота Уәлиханов ағамыз бар. Кеңес Одағының Батыры – ұшқыш бар екен. Астананың өзінде Кенесарина деген фамилиясы бар орыс әже бар екен. Осыларға қарап үміт артып отырмыз.

– Сараптама жасату қымбатқа түсетін шығар?

– Қан арқылы ДНК-лық сараптама жасау қымбат емес. Ақшаға шаққанда қан арқылы ДНК-лық сараптама жасау 700-800 доллар шамасында болады екен. Ең қиыны, бабамыздың сүйегіне сараптама жасау болып тұр. Неге десеңіз, 160 жылдан астам жер қойнауында жатқан сүйекке сараптама жасау оңайға түспейді екен. Қазір техникалық мүмкіндік жеткілікті. Сараптама жасау дәлдігі аса жоғары. Қателесу мүмкіндігі өте төмен 0,9999 пайыз деңгейінде ғана болады. 100 пайыздық дәлдікпен анықтап береді деп толық сеніммен айтуға болады. Бірақ бұл – қымбат. 100 мың еуро көлемінде болмақ. Жан-жақты сараптама жасату үшін кемінде 400 мың еуро қажет болады. Әрине, мәселе ақшада емес. Шешіледі!
Мәскеуде бір еврей 5 млн доллар берсеңдер «Кенесарының басын тауып беремін» деп отыр. Бұның да қаншалықты рас-өтірігін білмеймін. Мүмкін, алаяқтардың бірі шығар? Ресейде біз келіскен адамдар тауып бере алмаса, басқа амалдарға көшеміз. Бізде тағы бір жоспар бар. Жеткілікті көлемде қаржы жинай алсақ, бабамыздың басын тауып бергендерге жүлде жарияламақпыз. Кенесары ханның басының қай жерде жатқанын көрсетіп, дәлелдеп берген адамға 100 мың доллар көлемінде сыйақы берсек пе дейміз.

– Соңғы кездері жекелеген азаматтар тарапынан Кенесарының басын қайтару мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Тіптен бәсекеге айналып бара жатыр деуге де болады. Оларды бабамыздың басын қайтаруға итермелеп отырған қандай күш?

– Ұлт азаттығы жолында шейіт болған бабамыздың басын қайтарып, арулап көму ең алдымен қазаққа үлкен рух әкеледі. Екіншіден – бабамыздың басы өзге елде жатуы ұят нәрсе. Бұл шариғат заңына да қайшы, адамның басы мен денесі екі бөлек жатуға болмайды. Бабамыздың аруағы тыншымайды. Білген адамға, бұл – қазақ халқының атына өте үлкен сын.
Болгариялық атақты көріпкел Ванганың айтқан сөзі бар екен: «Кенесарының басы мен денесі бірікпей қазақтың басы қосылмайды, оның жаны тынышталып, жаназасы шығарылмай қазақтың рухы көтерілмейді. Халық рухсыз болып қала береді» деген. Осы мақсатта жанын салып жүрген азаматтар аз емес. Әзірше ешбір топ өз мақсатына жете қойған жоқ. Бас сүйекті қайтару тек Кенесары қорының ғана міндеті болмауы тиіс. Бұл, қайталап айтамын, күллі қазақ баласына міндет болуы тиіс.

– Сіздің Кенесары ханға тікелей қатысыңыз бар ма? Кенесары қорын қандай себеппен құрдыңыз?

– Жоқ, менің ханға ешқандай туыстық қатысым жоқ. Бұл кісі хан тұқымынан. Мені қор құруға итермелеген азаматтық пейілім ғана. Бабамыздың басы қайтып, денесімен қауышып жатса, халқымыздың рухы көтеріліп жатса, сол – бақыт.

– Бүгінгі таңда жасыратыны жоқ ханның басын іздеу бизнеске айналып бара жатыр деген сыбыс шығып жүр. Бұл қаншалықты рас? Оның үстіне соңғы жылдары Ресейдегі қылмыстық топтар да қызу атсалысып жатыр деген сыбыс бар.

– Мен өз басым ханның басын іздеу қып-қызыл бизнеске айналып кетті деген пікірмен мүлдем келісе алмаймын. Бұдан ешкім пайда көріп жатқан жоқ. Мен арнайы қор құрғаныммен, кетіп жатқан өз қаржым. Қордың құрылғанына міне жарты жылдан асты. Содан бері түскен қаржы бар болғаны – 2000 теңге. Бұдан бизнес жасауға болады деп айта алмаймын. Басқа топтарды да пайда көріп жатыр демес едім. Олар да сол мен секілді өз қаржыларын жұмсап, қалтасына сай іс қылып жатыр. Ал Ресейдегі қылмыстық топтардың әрекеті түсінікті де. Бұл мәселе елімізде мықтап қолға алынып жатқанын олар жақсы біліп отыр. Мүмкін, күндердің-күнінде солардың біреуі бабамыздың басын тауып, қыруар қаржыны бәске салуы әбден мүмкін.

Ел есіндегі ескі аңыз
– Кенесары бабамыз қырғыз елінде тұтқында отырғанда оны күзетіп, тамақ беріп отыратын арнайы сарбаз дейміз бе, адамдар болған. Бір күні бабамыз олардың біріне өз аманатын айтады. «Күндердің-күнінде мені қырғыздар мерт ететіні сөзсіз. Солардың ішінде сен де боласың. Сүйегімді қорлап, итке тастайтын түрі бар. Бірақ сен менің денемді қор қылмай, амалын тауып, бір жерге көм. Әр жұма күні құран оқытып отырасың. Олай етпеген күнде мен сенің жеті ұрпағыңа дейін қарғыс айтып кетемін», – дейді.
Ақыры жағдай солай болады. Манаптар есіл ердің басын шауып, денесін итке тастауға бұйрық береді. Бірақ тағдыр ғой, жаңағы сарбаз амалын тауып, Кенесарыны өз ауласына апарып көмеді. Бірнеше жыл өткен соң ханның денесін басқа жерге – бір таудың етегіне апарып көмеді. Ақыры өзі қартайған шағында ол бұл сырды өз ұлына аманат етеді. Бұл өткен ғасырдың 20-30 жылдары болса керек.

Қыжыл
Болгариялық атақты көріпкел Ванганың айтқан сөзі бар екен: «Кенесарының басы мен денесі бірікпей қазақтың басы қосылмайды, оның жаны тынышталып, жаназасы шығарылмай қазақтың рухы көтерілмейді. Халық рухсыз болып қала береді» деген. Осы мақсатта жанын салып жүрген азаматтар аз емес. Әзірше ешбір топ өз мақсатына жете қойған жоқ. Бас сүйекті қайтару тек Кенесары қорының ғана міндеті болмауы тиіс. Бұл, қайталап айтамын, күллі қазақ баласына міндет болуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста