Балық питомниктерінің құрылысын қайта жандандыру қажет

Балық питомниктерінің құрылысын қайта жандандыру қажет

Қадырбек ИСҚАЛИЕВ, Балық шаруашылығы комитеті акваөсіруді дамыту басқармасының бастығы:

– Қадырбек Нағимұлы, бүгінде дәс­түр­лі балық өсіру кәсібін ұстап тұру қиын­­ға соғады деген пікір бар. Ал БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйы­­мының мәліметінше, әлемдік тә­жі­ри­беде балық өнімдері өндірісін тек қа­на акваөсірудің есебінен арт­ты­руға бо­лады екен. Білуімізше, біздің елі­міз­де де балық қорын жасанды түрде кө­бей­ту қолға алынған. Мұндай қадамға ба­рудың басты себебі неде?
– Расында да, мұның өзіндік себебі бар. Елі­міздің кейбір аудандарында балық шар­уа­шылығына арналған су айдындарында ба­лықтың құнды түрлерін табиғи жағдайда өсіруге көп мәселе кедергі келтірді. Бұл –гидроэлектрстансылар құрылысын дамыту, өнеркәсіпке қажетті су бөгетін қарқынды тұр­ғызу, коммуналдық шаруашылық пен суар­малы егін шаруашылығы.
Осындай жағдай қалыптасқанда, ба­лықтың құнды түрлерінің жасанды ұдайы өн­дірісіне ауысу оларды сақтап қалудың ең тиімді жолы деп табылды.
Сондықтан балық өнімділігін арттыру және Балық шаруашылығы комитеті өн­ді­рістік кәсіпорындары су айдын­дарының их­тиофаунасын қалыптастыру үшін жыл са­йын балық қорының жасанды өндірісін жү­зеге асыру қолға алынған болатын.
Жалпы өзгелердей, біздің елімізде де ак­ваөсіруді өркендету – бүгінгі күннің та­лабы. Бұл бәсекеге қабілетті өнім алуға ға­н­а мүмкіндік беріп қана қоймай, со­нымен қатар балық түрлерін жасанды жол­мен өсіру табиғи популяцияны аулау кө­ле­мін азайтады. Бұл өз кезегінде био­­­әртүр­лілікті сақтап қалуға септігін ти­гізеді.
– Жасанды өндіріспен қандай кә­сіп­орындар шұғылданады?
– 2007 жылдың желтоқсанына дейін Ба­лық шаруашылығы комитетінің құ­ра­мында өндірістік бағыттағы 12 кәсіпорын жұ­мыс істеген еді. Атап айтқанда, екі уыл­дырық шашу-өсіру шаруашылығы, жеті ба­лық питомнигі, екі бекіре өсіру зауыты жә­не өндірістік-акклиматизациялық стан­сы­сы жұ­мыс істеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудағы кейбір мәселелер туралы» қаулысымен Балық шаруашылығы комитетіне қарасты бес мекеме (Жоғарғы Тобыл, Шардара, Қарағанды, Кашыр балық питомниктері, Бұқтырма) Әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­по­ра­циялардың сенімді басқаруына берілді.
Бүгінгі танда Балық шаруашылығы ко­ми­тетінің қарамағында жеті республикалық мем­лекеттік-қазынашылық кәсіпорын жұ­мыс істейді. Олар: Атырау облысындағы Еркін­қала ауылындағы «Атырау бекіре өсі­ру за­уыты», Зарослый кентіндегі «Жайық-Аты­­рау бекіре балық зауыты», Алматы об­лысы Шалқар поселкесіндегі «Қапшағай уыл­­­дырық шашу-өсіру шаруашылығы», Қы­­зылорда облысындағы Қосжар ауылын­да «Қа­мыстыбас балық питомнигі», Пе­тро­павл қаласында «Петропавл балық пи­том­нигі», Ақмола облысында «Майбалық ба­­лық питомнигі» және Алматыдағы «Қа­зақ өндірістік-акклиматизациялық стан­сы­сы».
Бұл кәсіпорындар жыл сайын еліміздің балық шаруашылық су айдындарын бе­кіре, албырт, тұқы және өсімдік қоректі ба­лықтың құнды түрлерімен балықтан­ды­ра­ды. 2012 жылы балық өсірушілер табиғи ор­­таға 160 млн дана құнды балық түр­лерінің шабағын жіберді.
Сонымен қатар биылғы жылы байқау негізінде жекеменшік кәсіпорындармен қордағы су айдындарында 6,3 млн дана балықтың құнды түрлерін (сібір бекіресі, сүйрік, тұқы, сазан, дөңмаңдай, ақ амур) өсіру жөнінде келісімдер жасалды.
– Балықтандыру жұмыстары қалай жүзеге асырылады?
 – Ең әуелі ауыл шаруашылығы ми­нистрінің 2012 жылғы 30 тамыздағы бұй­ры­ғымен республикамыздағы су ай­дын­дарында балық басын көбейту және ба­лықтың жаңа түрлерін жерсіндіру жұ­мыс­тарының жаңа Ережесі қабылдан­ғанын айта кетейік.
Өткен жылдардың тәжірибесімен са­лыстырғанда, бұл Ережеде балық шаруа­шы­лығы су айдындарында балық басын көбейту жұмысы Балық шаруа­шы­лығы комитетінің аймақтағы бөлім­ше­ле­рінің өкілдерінен құралған комиссияның, жер­гілікті атқарушы органда және қо­ғам­дық ұйымдардың қатысуымен жүргізіледі. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құрал­дарында алдын ала ақпарат жарияланады.
Су айдындарын балықтандыру жұ­мыстарына қоғамдастық пен жергілікті ат­қарушы органдар сияқты бұл салаға ті­ке­лей қатысы жоқ, яғни мүдделі емес орын­­дардың өкілдерін қатыстыру осы шар­уаның қаншалықты ашық түрде өте­ті­нін дәлелдесе керек. Әрі балық инс­пек­ция­сы тарапынан болатын түрлі қи­тұр­қы­лық­тардың болмауын қадағалап, жал­­пы, орынсыз күдіктің алдын алу үшін қажет.
Сонымен бірге балық шаруашылығы кәсіпорындары үнемі су айдындарында шабақтарды жіберген кезде телевизия мен баспасөз өкілдерін шақыруды әдетке айналдырған. Осылайша су айдындарын балықтандыру жасанды көбейту жұмысы жария түрде жүргізіледі. Айталық, биылғы қазан айында Астанада журналистердің қатысуымен Есіл өзенінде су-құтқару стан­сысы ауданында тұқы балық түрінің ша­бақ­тары суға жіберілді. Бұл шара спорт-әуес­қойлық балық аулау аймағын құруға арналды.
– Сөзіңіз аузыңызда, сонда елор­да­дағы су айдындарын балықтандыру қан­дай мақсатта жүргізіліп жатыр?
– Астананың Есіл өзенінің жағасында орналасқаны бас қалаға өзгеше бір әр беретіні кімге болса да белгілі. Соңғы жылдары осы өзендегі балықты көбейту үшін бірқатар шара қолға алынды. Өйткені астанамыз үшін бұл өзенде спорттың балық аулау түрін дамытудың қаншалықты маңызды екенін тәптіштеудің өзі артық.
Қала шегінде тұқы балық түрлерімен жа­санды көбейту 2009 жылы төрт еседен асып түсті. Одан басқа, Есіл өзеніне майбалық питомнигінде өсірілген 2 млн дана тұқы балығының шабағы жіберіледі.
Спорт-әуесқойлық балық аулауды да­мытумен қатар, солтүстік астананың ірге­сін­дегі суқоймаларда мелиоративтік мақ­сат­та балық өсіру жағы да жоспарланған.
Есіл арнасында жұмсақ және қатты су өсімдіктері – балдыр, мүйізжапырақ, қоға мен қамыстың қаулап өскені байқалады. Бұл құбылыс ең әуелі өзендегі су ағысының бәсеңдеуімен байланысты. Себебі Есілдің астаналық бөлігі арна типтес суқойма болып саналады. Сондықтан өсімдік қо­рек­ті балық өсіру арқылы өзеннің био­ло­гия­лық мелиорациясын енгізу осы тығырықтан шығаратын жол деп табылды.
Осыған орай, өзеннің астаналық бө­лі­гінде жыл сайын ақ амур, дөңмаңдай сияқ­ты балық түрлерін Вячеславское және Қоян­ды суқоймаларына жіберу керек. Осы өсім­дік қоректі балық түрлерін таңдау се­бебі олардың өзендегі гидрогеологиялық ре­жимге жағымды әсерімен түсіндіріледі. Өйт­кені амур мен дөңмаңдайды био­ло­гиялық мелиоратор десек артық айт­қандық емес.
Айталық, ақ амур құрақ және қа­мыс­пен, жұмсақ су өсімдігімен қоректенеді. Бұл кеме жүзетін арнаның және Есіл жа­ғалауы акваториясының тазалығына жа­ғымды әсерін тигізуі тиіс.
Ал фитопланктонмен азықтанатын дөңмаңдай көк-жасыл балдырды азайтуға сеп. Қазір көк-жасыл балдыр Вячеславское суқоймасындағы ауызсудың ластануына себеп болып отыр.
Балықтың бұл түрлері сондай-ақ спорт-әуесқой балық аулаушылардың қы­зы­ғу­шылығын тудыратынын айта кетейік. Сондықтан қай жағынан алып қарасақ та, таңдаудың дұрыс болғаны айдан анық.
– Дұрыс екен. Ал енді сөз басында ай­тып өткен акваөсіруге қайта оралсақ. Жалпы, еліміздегі тауарлы балық өсіру ісіне кеңірек тоқтала кетсеңіз.
– Елімізде бірқатар альтернативті жеке ба­лық шаруашылық өнеркәсіп нысандары санының қысқартылуына байланысты тығырықтан шығатын бірден-бір жол та­уарлы балық өндірісін дамыту болып та­былады.
Балық аулаудан балық өсіруге бағыт алу табиғи су айдындарында балық қо­ры­на түсетін ауыртпалықты азайтуға сеп бо­лады. Өз кезегінде тауарлы балық шаруа­шылығы мультипликативті әлеу­­­меттік-экономикалық жемісін береді.
Айталық, тауарлы балық ша­руа­шы­лығын дамыту бойынша іскерлік белсен­ді­ліктің артуы әсіресе ауылды жерде қо­сымша жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.
Тауарлы балық өсіруді қарқынды да­мытуға және балық қорын ұлғайтуға уыл­дырық инкубациясы мен құнды балық ша­бақ­тарының өндірістік базасы негіз бола алады.
– Еліміздегі балық қорын осылайша жасанды жолмен көбейтудің келешегі бар деп ойлайсыз ба?
– Қазіргі өндірістік мақсатта жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар кезінде суқоймалардағы балық қорын көбейту үшін, сондай-ақ балық қорына шаруа­шы­лық қызметтен келген нұқсанның орнын тол­тыру үшін (Ресей Федерациясында Орынбор гелий зауытының салынуы, бірқатар ГЭС-тің құрылысы, ірі өзендерді өнеркәсіптік және коммуналдық сумен жабдықтау мақсатында ықшамдау, ауыл шаруашылығын суландыру жұмысы және т.б.) қалпына келтіруге арналған нысандар ретінде құрылған болатын.
Бүгінгі таңда тәжірибе жүзінде өзін ақ­та­ған балық питомниктерінің құрылысын қай­та жандандыру қажет. Бұл балық шаруашылығына көмірсутегі шикізаты өн­дірісінде, жылу және гидроэнергетика са­ла­сында қызмет ететін шаруашылық су­бъек­­тілері келтіретін зардаптың алдын алу үшін керек.
Бұл үшін құқықтық негіз де бар. Биылғы жылдың қаңтарында «Жануарлар әлемін қорғау, қайта өндіру және пайдалану туралы» Заңға қосымшалар енгізілді. Ол бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыратын субъектілер балық қорына келтірген зардабы үшін өтемақы (компенсация) төлеуге міндеттеледі.
Осыған орай Үкіметтің 2012 жылғы 21 мау­сымдағы отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесе отырып, балық қорына және басқа да су жануарларына зиянын тигізетін шаруашылық орын­да­рының тізімін жасау тапсырылған болатын.
Міне, қолға алынған осы секілді көп шараны жүзеге асыру арқылы біз еліміздегі балық қорын сақтап қана қоймай, сонымен бірге көбейте де аламыз. Әсіресе жасанды жолмен.
– Жойылып кету қаупі бар балық түр­лерін сақтауға комитет тарапынан қан­дай шаралар қолға алынған?
– Ұдайы өндірістегі маңызды басымдық алдағы ұрпаққа арнап сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құнды балық түрлерін сақтауға беріледі. Бұл шаруа Биологиялық әртүрлілік конвенциясының қағидаларына сәйкес әр балықтың тегін сақтау арқылы жүзеге асырылады.
Бұл бағытта балық шаруашылығы ғы­лымы тарапынан әзірленіп және Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жоспар бойынша, Балқаш бассейнінде арал шипін өсіру, Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруа­шылығында ұдайы өндірісті қолға алып, әрмен қарай шабақтарды Кіші Арал те­ңізіне және Балқаш көліне жіберу көз­делген.
Осындай биологиялық зерттеу арал қаязына да қатысты жүргізілді. Келешекте Қызылорда облысындағы Қамыстыбас балық питомнигінде арал қаязын көбейтуге ар­налған бастапқы жұмыстар қолға алы­нады.
Сондай-ақ еліміздің «Жануарлар әле­мін қорғау, қайта өндіру және пайдалану ту­ралы» Заңына балық шаруашылығы су ай­дындарында шаруашылық қызметті рет­теу режимін орнату нормасы да енгізілген. Бұл балық шаруашылығы үшін маңызы зор (қоңдандыру, қыстау және уылдырық шашу орындары) су айдындарында балық қорын табиғи өсімін молайтуға жағдай жасау арқылы жүзеге асады.
– Соңғы кезде ауызға көп алынатын «Жасыл экономиканы» дамытуда ба­лық шаруашылығына қандай орын бе­рілген?
– Балықтың, балық өнімдерінің жұрт­тың дастарқанында қандай маңызды рөл ат­қаратыны белгілі жайт. Толыққанды ақуызға, дәрумендерге, минералды тұз­дарға бай балық адамның жүрек-қан та­мыр жүйесіне жағымды әсер етіп, ин­фарк­тіге, онкологиялық ауруларға шалдығу қау­пін азайтады. Жалпы, адамның им­мун­дық жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне ық­палы зор. Балықтың тағамдық құн­ды­лығының жоғарылығы адамның үйлесімді та­мақтануы мен бірқатар аурулардың ал­дын алуына себеп болады.
Сондықтан балық шаруашылығы «Жа­сыл экономиканың» маңызды факторы есе­бінде экологиялық таза, толық үй­лестірілген ақуыз азығымен қамтамасыз ету ісінде, сонымен бірге ауылды жерде табыс көзіне айналып, жұмыспен қамту мәселесін шешуде маңызы зор.
Жалпы, еліміздің түрлі аймақтарында тауарлы балық өндірісін өркендету әлеуеті күшті. Мәселен, 2010 жылы бізде 200 тонна тауарлы балық өсірілсе, 2020 жылға қарай тауарлы балықтың өндіріс көлемін 10 000 тоннаға жеткізу көзделіп отыр.
Осыған орай табиғи су айдындарында ресурстарын сақтау және тауарлы балық шаруашылығын өркендетуге жағдай жасау арқылы осы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – алдыңғы қатарлы міндеттің бірі.
Сонымен қатар балық өнімдері экс­портын арттыру, өндірілетін өнімнің сапасын Еуроодақ елдері талаптарына сай ету үшін барлық жағдай жасалуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста