Абай институты ашылса, қазақтың даналығын әлемге танытар орталық болар еді

Абай институты ашылса, қазақтың даналығын әлемге танытар орталық болар еді

Ерлан Сыдықов, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Білім мен ғылым жаңа заманда адам­­­заттың барлық салада дамып же­­­тілуінің негізгі факторы болып отыр ғой. Білім жүйесінің қазіргі қо­ғам­­ның да­муындағы орны мен ерек­­шелігіне тоқ­талып, ойыңызды ор­­таға сал­саңыз...
– Сіз осы сауалыңыз арқылы, шын­ды­­­ғында, ХХІ ғасырдың адамзат өр­ке­ние­­тінің ал­дына аса өзекті мәселе қой­ға­­нын көтеріп отырсыз. Бүгінгі таңда бі­лім мен ғылым жеке адамның, тұтас бір ел­дің, тіпті әлемнің жаңара да­муы­ның не­гізгі тірегіне айналып отыр. Жа­һан­дану дә­уірінде әрбір ел, әрбір этнос жақ­сы ма­ғынасында интел­лек­туал­дық жа­рысқа тү­сті. Алды-артын ой­ла­маған елдің шаң қауып, артта қалары сөз­сіз. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев Әл-Фа­раби атын­да­ғы қазақ ұлттық уни­­вер­ситетінде оқы­ған лекциясында «Алыс­тан ой­ламаған, жа­қыннан уайым таба­ды...» деген да­на­лық ой айтып, Ота­нымыздың өр­кендеуі жо­лындағы ғы­лым мен білімнің ор­ны­ның өл­шеу­сіз қажеттілік екеніне баса на­зар ау­дар­ған еді. Осы тарапта «Ғылым ту­­ра­лы» Заңның және «2011-2020 жыл­дар­­ға арналған білім беруді да­мы­ту­дың мем­­лекеттік бағдарламасының» жо­ба­­лары бо­лашаққа деген интеллек­туал­дық се­­кі­рістің алғышарттары ре­тін­де қа­был­да­­на­ты­ны анық. Бұл жо­ба­лар жа­л­пы­ха­лық­тық тал­қыға ұсы­ныл­ды, баспасөз бет­терінде ке­ңінен әңгіме өзегіне ай­нал­ды.Түйіп айт­сақ, Елбасының ғылым мен білім беру жү­йе­сінің алдына қойып отырған талабы аса биік, ал уақыт болса, қашан да шап­шаң, тоқтаусыз жылжымақ. Осындай мақ­сат­тар­дың үрдісінен шығу­ды ой­ла­ған Білім жә­не ғылым министр­л­ігінің жа­ңа бас­шы­лығы да осы саладағы іс­ті қар­қынды да­мыту мақсатында мә­се­лені турасынан қо­йып, жаңа методоло­гия­лық ізденістерімен бір­ден ой бөлісті. Бі­лім беру саласының бар­лық дең­ге­йін­дегі құрылымдармен тал­даулар жүр­гізіліп, мақсаттар нақты ай­қын­да­лып, қай бағытта жұмыс істеу қа­жеттігі де көрсетілді. Біріншіден, Елбасының Қа­­зақ­станның жаңарып, жандана да­муына сай жоғары мектептің де алдына қо­йып отырған басты талабы – әлемдік деңгейге ин­новациялық экономика қа­лыптас­ты­ра­тын қазақ­стан­дық маман даяр­­лау міндеті. Оған апа­­ратын кілт – тек қана сапалы білім. Әрі Отанымызды же­делдете ин­дус­трия­лық-ин­но­ва­ция­лық тұрғыдан дамы­туға үлес қоса ала­тын жа­ңа буынды қалы­п­тастыру міндеті ай­қын­далды. Осындай абыройы зор, ауырт­палығы мол мін­дет­ті орын­дау біз­дің үлесімізге тиесілі болып отыр. Бұл бағдарда атқарылатын жұмыс­тар­дың түпкі мақсаты – мамандар даяр­лауда ха­­лық­аралық деңгейге ұмтылу. Ол үшін мы­на мәселелерді жетілдіру – бүгінгі күн­­­нің талабы. Мы­са­лы, кредиттік тех­но­­ло­­гиямен оқытуды түпкілікті шешу күн тәр­­ті­бінде тұр. Білім порталы толық, жү­­йелі, са­палы қызмет етуі қажет. Бар­лық оқу-әдіс­темелік материалдарға сту­­дент­тер еш қиын­дық­сыз қол жет­кізуіне мүм­кін­шілік жа­салып, ол жоғары оқу орын­да­рын­дағы ең үздік жүйеге айналуы шарт. ҰБТ жаңа фор­маты қа­лып­тасты­ры­лып, та­лап­кер­лерді таң­дау­да әділет­ті­лікке, сапаға қол жет­кізілуі де – заман талабы. Бо­лон де­кла­ра­ция­сына қо­сылу – осы са­ла­дағы соны да жарқын ба­­ғыт. Бұл жо­ғары оқу орындарына ака­­­де­миялық ав­тономияға қол жет­кі­зуіне жол ашады. Осы еркіндік өрісі жұ­мыс бе­рушілердің де элективтік пәндер ка­та­логын қа­лып­тастыруға қаты­суы­на мүм­кіндік береді. Бі­лім беру қызметі са­пасын ин­сти­ту­цио­налдық және ха­лық­ара­лық ак­кре­ди­тация арқылы бағалау жү­йесі – бұл жетістік жолы. Нақтылап айт­сақ, уни­вер­ситет үшін интеллек­туал­дық мен­шік өні­мін нарыққа бейімдеуге ықпал ете­ді. Бұл – біздің университетте жүзеге асы­ры­лып жатқан ізгі қадам­дар­дың бір па­расы. Ұлт­тық білім беру мо­де­лінің жа­ңа үлгісі ре­тінде іргелі білім беру қыз­ме­тінің басты те­тік­тері – әлеу­меттік бе­йім­делу, еңбек на­ры­ғын қам­тамасыз ету, ин­новация өн­дірісін іске асыру да қо­сылады. Менің ойым­ша, Қазақстанда ғылым мен білім бе­рудегі қойылған жа­ңа міндеттер елімізде пост­ин­дус­триал­­ды ойлау қабілеті жоғары ин­тел­лек­туалды жаңа буынды әзірлеп, олар­ды тиімді пайдалану жолын нақты бел­гі­леуге мүм­кін­дік туғызады. Бұл – бар­лы­ғымыздың ал­­дымызда тұрған міндет, әрі үлкен жа­уап­кершілік.
– Білім мен ғылымның ота­­­­нымыз үшін ерекше ма­ңыз­ды­лығын те­рең айтып бердіңіз. Енді өзі­­ңіз бас­қарып отырған Шәкәрім атын­дағы Се­мей мемлекеттік уни­вер­­ситетінде ға­лым­дар қандай жа­ңа тех­нологиялық-ин­н­овациялық бағ­­дар­ламалар аясын­да еңбек ет­у­де?
– Нақтылап айтар болсақ, Шәкәрім атын­­дағы Семей мемлекеттік универ­си­те­тінің жанында бірнеше ғылыми-зерт­теу ор­талықтары жұмыс істейді. Олар: Шә­­кә­рім­тану ғылыми-зерттеу ор­та­лығы, Алаш­­тану ғылыми-зерттеу о­рталығы, Ра­­дио­эко­ло­гия­лық зерт­теу­лер ғылыми орта­лығы, Бол­жау және әлеуметтік мониторинг ор­талығы. Бұл орталықтар мен институттар Қа­зақстан Республикасы Ұлттық ғылым ака­де­мия­сы институтта­ры­мен бірлесе жұ­мыс іс­теу­де, халық­ара­лық грант не­гіз­де­­рінде ғылы­ми-зерт­теулер жүргізуде. Мә­се­лен, ветеринария са­ласында, ет және сүт өнім­дерінің қа­уіп­сіздігі, радиоло­гия­лық қа­уіпсіздік бо­йын­ша т.б. са­ла­лар­да фун­да­мен­тальді зерт­теулер жүр­гі­зілуде. Әсіресе, Ел­басы Нұр­сұлтан Назарбаевтың тікелей тап­сыр­масымен жасақталған инженерлік ла­­боратория университет ғылымының қа­­на­тын ке­ңей­тіп, Ұлттық ядролық ор­та­лық жә­не Радиациялық медицина орта­лық­­та­ры­мен бірлесе үлкен ғылыми нә­ти­желерге қол жеткізуге мүмкіндіктер ту­дырып отыр. Мен ғылыми-зерттеу ор­та­лық­та­ры­ның жұ­мысын жинақтап, бір ауыз сөзбен айтып отыр­мын. Қазіргі таңда Шәкәрім атындағы Се­мей мем­ле­кеттік университеті тек қана жо­ғары оқу ор­ны емес, еліміздің күн­шы­ғы­сындағы ірі ғылыми орталық дәрежесіне жет­кен­ді­гін мақтанышпен айта аламын.
– Қазақ даласының қай өңірін ал­­­ма­ңыз, көптеген даналардың шық­қа­нын тарихтан білеміз. Бас­қа­сын айт­­па­ғанда, әлемдегі екі­нші ұстаз атан­ған әл-Фарабидің атын атаудың өзі кімді де болса, асқақ күй­ге ша­қы­рары сөзсіз. Семейді мә­дени-рухани ор­талық деп жатамыз. Бар­лығын ті­зіп шығу мүмкін емес, әрі міндетті емес шығар, деген­мен хакім Абай, да­нышпан Шәкәрім, ғұ­лама Мұхтар шық­қан өлке. Осы хал­­қы­мыздың мақ­танышына ай­налған да­ра тұл­ға­ларды зерттейтін Шә­­кә­рім­та­ну ғы­лы­ми-зерттеу ор­та­лығы сіз бас­қа­рып отырған уни­верситет жа­нын­да зерттеу жұ­мыс­тарын атқарып жат­қа­нына он жыл­ға жуық болды. Осы ор­та­лық­тың жетістігіне, болаша­ғы­на тоқ­та­лып өт­сеңіз?
– Сіз дәл байқапсыз, Шәкәрімтану ғы­­­лыми-зерттеу орталығы бүгінде елі­мізге та­нымал, отандық ғылымда өз ор­­ны бар ба­сым бағытты ғылыми фе­но­мен ре­тінде қа­былданады. Осы жер­де сізге өзім­нің «құпия» жаңалығым ту­ра­лы айт­қым келіп отыр. ХХІ ғасыр ба­сын­да ака­демиялық инс­ти­туттардың қар­жылық жағдайы күр­делі болып тұр­ған кезеңде, дарынды ға­лым­дар эко­но­мика, бизнес, мәдениет және ақпарат са­ласына кетіп жатты. Сол кезде елден шық­қан, қолынан іс келетін, іргелі ғы­лыми жобаларға қа­тыс­қан, та­нымал бо­ла бастаған ға­лым­дарды елге ша­қыр­дым. Пәтер беріп, ғы­лыммен ай­на­лы­суға жағдай жасадым. Нә­тиже көп күт­­тірген жоқ. Дүниеге «Шә­кәрім» тұл­ға­лық энциклопедиясы келді. Елбасы өзі­нің жағымды бағасын берді. Шәкә­рім­нің 150 жылдық мерейтойына кел­ген ғалым­дар, атап айтсақ, академик Ше­риаздан Елеу­кенов бұл қазақ мә­ден­иетіндегі ерек­ше құбылыс екендігін атап көрсетті. Сон­дай-ақ «Шәкәрімтану мә­­селелері» се­рия­лық ғылыми жинағы дүниеге келді. Бүгінде оның алты томы жарық көрді. Бұл жинақ Шә­кәрімнің өмірі мен шығар­ма­шылығын зерт­теп жүрген, әдебиеттану, философия, та­рих, тіл білімі, өнертану тағы басқа ғы­лым саласының маман­да­рының бас қо­суы­на мүмкіншілік туды. Бұл – жеке тұлғаға ар­налған отандық ғылым­дағы тұңғыш се­риялық ғылыми жинақ. Биыл жетінші томы жа­рық көрмек. Сондай-ақ ор­та­лықтың ғылыми концеп­ция­сы­ның ая­сында «Шә­кәрім әлемі» сериясы дү­ниеге келді. Бұл серия бойынша Ғарифолла Есімнің «Наука совести», Балтабай Әб­ді­ға­зидың «Шәкәрім әле­мі», менің «Шә­кәрім және Алашорда», Арап Еспен­бе­товтің «Шәкәрім және Сұл­­тан­махмұт», Тұрдықұл Шаңбайдың «Ұғым мә­де­ниеті» еңбектері жарық көр­ді. Қазір ор­­та­лық Шәкәрім шы­ғар­маларының текс­то­логиясымен ай­на­лы­су­да. Бастапқы мә­тін­ді қалпына келтіріп, ака­демиялық толық жи­нағын шығару бағытында ор­талық қыз­мет­керлері ең­бек етуде. Мер­зімдік «Шә­кә­рім» жур­на­лы жарық көріп ке­леді. Айт­пақ­шы, таяу­да ғана белгілі ақын Бақытжан Қа­на­пьяновтың ред­ак­ция­сымен Шә­кә­рім­нің орыс тіліндегі өлең­дері мен ең­бек­терін ба­сып шы­ғар­дық. Алдағы уа­қытта «Тамаша тұлғалар өмірі» се­рия­сынан «Шәкәрім» жарық көрмекші.
– Осыдан екі жыл бұрын Алаш қоз­­ға­лысының 90 жылдығына орай Се­мей­­­де алқалы жиын өтті. Сол кез­де осы Шәкәрім атындағы Се­мей мем­ле­кет­­тік университеті жа­ны­нан Алаш­­та­ну ғылыми-зерттеу ор­та­лы­ғы ашыл­ған еді. Осы ор­та­лықтан шық­қан ең­бе­ктер туралы ақпарат көз­дері жиі мә­лімет бере бас­тады. Уни­верситет жа­нынан ғы­лыми-зерт­­теу орталықтарын ашу же­ңіл нәр­­се ме? Бірнеше орта­лық­тардың бо­луы көптік қылмай ма?
– Мен сізге айтайын, бұл тіптен де аз. Бү­­кіл әлем осы бағытта дамып отыр. Білім мен ғылым бейнелеп айтсақ, егіз нәрсе. Таяу­да ғылым мәселелері жө­нінде өткен үл­кен жиында сала басшысы Б.Жұмағұлов мыр­за жоғарғы мектеп пен ғылым ара­сындағы алшақтықты жою қажеттігін ба­сып айтты. Сондықтан олар қатар, әрі бірге жү­руі қажет. Сту­дент, ма­гистр, философия док­торы уни­­верситетте оқып, қызмет ат­қара жү­ріп ғылыммен ай­н­алысуға міндетті. Жоғарыда ай­тыл­ғандай, алыс­тан ойла­ма­сақ, уа­йым та­ба­рымыз сөзсіз. Ен­ді нақ­­ты са­уа­лы­ңызға жа­уап берейін. Осы­дан екі жыл бұрын, Алаш­тану ғы­лы­­ми-зерттеу орта­лы­ғын аш­қа­нымыз рас. Алаш қозға­лы­сын зерттеп жүр­ген бар­­лық ғалымдар бір­ауыздан «Семейде Алаш­тану ғылыми-зерт­теу орта­лы­ғы­ның ашыл­­ғаны дұрыс, әрі орынды» де­ген жақ­сы ниет білдірген еді. Орталық ғы­­лыми концепциясының он жылға жос­­парланған бағдарламасы бар. Оған елі­­міз­дегі осы салада зерттеу жасап жүр­ген ға­лымдар түгелге дерлік тар­тылған. Ат­қа­рылар ғылыми, мәдени жұ­мыс­тардың бір­не­шеуін атап өтейін. Жүз томдық «Алаш қа­ласының кітап­ха­насы» сериясы қол­ға алын­ды. Онда Алаш алыптарының шы­­ғар­ма­лары мен еңбектері жарық көр­мек. Бұл жұ­мыс қазір бел ортасына келді. Осы жер­де айта кететін мәселе, Семей қаласы Алаш­орданың орталығы ғана болған жоқ, рес­ми түрде қаланың сол жағалауы 1917-1927 жылдары Алаш қаласы атан­ды. Биыл менің «Алаш қаласының та­рихы» атты еңбегім жарық көрді. Ондағы мақсат Алаш қа­ласының та­ри­хын айта отырып, сол кез­дегі та­ри­хи-қоғамдық ахуалдың табиғатын ашу еді. Орталықтан «Күншығыс Алаш­ор­да», «Алаш қаласы», «Гонимые голодом», «Си­бирь и Казахстан» атты құжаттар жи­на­ғы мен зерттеулер жарық көрді. Ор­та­лық­тың екі жыл бұрын бастап кеткен іргелі ең­бегі – «Алаш» энци­кло­педиясы. Бұл ұлан-ғайыр еңбекті талап ететін ел­дік мәні бар жұмыс екенін атап өткім келеді. Жа­қын­да «Алаштану мә­селелері» сериялық ғы­лыми жинағының бі­рінші то­м­ы жарық көр­мек. Шәкәрім атындағы Семей мем­ле­ке­т­тік уни­вер­ситетінде 30 қарашада рес­пу­бликалық «Ке­шегі Алаш идеясы – бүгінгі Тә­уелсіз Қа­зақстан» де­ген конференция өт­кіз­бек­піз. Сол кез­де осы еңбектердің тұ­сау­­кесері бол­мақ, нақтылап айтсақ, ғы­лы­ми талқылаудан өтпек. Әрине, біз тек Шә­кә­рім шығар­ма­шылығына не­ме­се Алаш қоз­ға­лы­сына байланысты зерттеулермен шек­тел­мейміз. Күзде хакім Абайдың 165 жыл­дық мерей­то­йын да абыроймен өт­кіз­дік. Алты жыл­ғы еңбегіміздің нәтижесі «Семей» эн­ци­кло­педиясы келер жылдың ба­сында жарық көрмекші. Жалпы, біздің кре­домыз – той ғылым мен мәдениетті­кі бо­луы тиіс. Сіз «ғылыми-зерттеу орта­лы­ғы көп емес пе?» дейсіз. Ал біз Абай ин­с­титуты деген үлкен ғылыми жоба (проект) әзірлеп жатырмыз. «Ғылым ту­­­ра­лы» жаңа заң қабылданса, мұндай күр­­делі ғылыми жобалардың жолы ашы­лары сөзсіз.
– Абайдың 165 жылдық ме­рей­то­йы нағыз ғылымның, мәдениет­тің то­­йы бол­­ды деп естідік. Әлемнің көп­­теген ел­дерінен ғалымдар мен мә­­дениет қай­­раткерлері келіп, Абай­­­дың да­на­лы­ғын тамсанып айт­­қан екен. «Адам­зат­тың бәрін сүй ба­­уы­рым деп» деп тек қа­на үлкен жү­рек­ті тұлға ғана айтса ке­рек. Осы той­да Абай институтын құ­ру идеясы ортаға салынды. Үлкен жа­ңа­лық екен! Ойыңызды өрбітсеңіз бай­­қаймын, бұл жаңалыққа жақсы тың­­­дарман ке­рек. Сөз өзіңізде...
– Бұл мәселені, аталған ғылыми-зерт­­теу орталықтары мамандарымен, уни­­вер­си­теттегі профессор-ұс­таз­дар­мен, мә­де­ниет қайраткерлерімен бір­не­­ше рет тал­қы­ладық. Бұл – әрине үлкен жо­ба. Абайдың да­налығы туралы Елбасы Нұр­сұлтан На­зар­баев: «Абай сөзі – қа­зақ­тың бойтұмары. Абай­дың мұ­расы – қа­зақтың ең қасиетті қа­зын­а­сы», – деп ашып айтты ғой. Абай әлем­дік мә­де­ниетпен сұхбатқа түскенде жа­лау етіп ұс­тай­тын символ болуы қажет деп ой­лай­мыз. Біз ашқалы отырған Абай инс­титуты тек ғылыми-зерттеу инс­титуты емес. Бұл инс­титуттың алдына қой­ған ма­қ­саты – Абай арқылы хал­қы­мыздың саяси өмі­рін, тарихы мен мә­дениетін, әдебиеті мен салт-дәстүрін, ұлы тұлғалары мен ру­хани дүниета­ны­мын әлем жұрт­шы­лы­ғына таныту. Абай­ды тану қазақ халқын та­нумен бірдей. Өйт­кені қазақ халқын дәл Абайдай танып, Абайдай түсіндірген ешкім жоқ. Сондықтан да Абай – қазақ халқының рухани көшбасшысы, жол сіл­тер бағ­дары. Ұлы ақынның жасампаз­дық­қа, па­ра­сат­тылық пен ынтымаққа үн­деуші идея­лары – Қа­зақстанды ме­кен­деуші бар­лық ұлт­тардың өкілдеріне бір­дей құнды, ортақ қа­зына. Енді осы қа­зы­наны әлем халқына жет­кізуіміз, со­лар­мен орт­ақтасуымыз қа­жет. Міне, осы аталған б­а­ғыттардың бар­лығы Абай инс­титу­тының ғылыми ба­ғыт­тары бол­мақ. Гер­ма­ниядағы «Гете ин­сти­ту­ты­мен», Ре­сей­дегі «Пушкин үйімен» тағы бас­­қа көп­те­ген халықаралық деңгейде жұ­мыс істеп жат­қан орталықтармен те­ре­зесі тең тұрса дей­міз. Бұл ізденісімізде бір­неше шетел ғалым­дарын бірлесе, ынтымақтаса жұ­мыс жасауға иланд­ыр­ған сыңайымыз да бар. Бұл – жаңа жо­ба­ның деңгейі биік бо­латындығын бел­гілейтін фак­тор­лардың бірі.
– Рақмет. Алға қойған мақ­­­са­тыңызға жетіп жүрсіз. Осы жо­­лы да жолыңыз ашық болсын деп ті­лей­мін.

Датым бар...
Қазіргі таңда Қазақстанды әлемге танытудың
ең бір тиімді жолы – Абай мұрасын, баға жетпес
мол қазынасын өзгелерге бүгінгі күн
тұрғысынан таныту. Сол арқылы шетелдердің
қазақ халқына, оның рухани құндылықтарына
деген оң көзқарасын қалыптастыруымыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста