Тәуелсіздік монументі
Биыл 20 жылдығы тойланатын қастерлі Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі екені ақиқат. Ол – республикамыздың тарихына арналып, Алматының Жаңа алаңынан 1996 жылы бой көтерген ескерткіш. Сәулет ансамблі биіктігі 28 метр болатын тас колоннадан және қаптал тастардан тұрады. Колоннаны қоршаған қаптал тастарда халқымыздың ұлы сақ дәуірінен Тәуелсіздік таңы атқанға дейінгі тарихы бейнеленеді. Ал стелланың ұшар басында қанатты барыс мінген Алтын жауынгердің асқақ мүсіні орналасқан. Тәуелсіздік туындысының авторы – белгілі мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.
Тәуелсіздік туындысы
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу