Қалай айналдырсаң да төсек қатынасына келген әйел мен еркектің түсінігі де, қабылдауы да екі түрлі болады. Егер әйеліңіз (күйеуіңіз) болса және неке құрғандарыңызға біршама уақыт болса, екінші жартыңызға қарап-ақ түйін жасайсыз.
Осы түсініктің екі түрлі болуынан да әйел мен еркектің арасында келіспеушілік көп болады. Ол жыныстық қатынасқа келгенде де солай. «Төсек үшін» ұрысқандар жетіп артылады. Тіпті, ажырасып кетіп, шаңырақ құрғалы тұрғанда уәденің орындалмай екеудің екі жаққа кеткен жағдайы көп.
Мұндай қателіктен айналып өтуге болады. Бүгін әйелдер жағына кеңес жазып көрелік.
ӘЙЕЛ БІЛУІ ТИІС 5 ҚАҒИДА
Жасырын емес, әйелдер төсек қатынасын еркекке көбіне қару ретінде қолданып жатады. Ал бұл еркекке ұнаушы ма еді? Әлбетте, жоқ! Демек, әйел мына қағидаларды ұмытпауы тиіс.
Жыныстық қатынастан соң ЕРКЕК ӘЙЕЛДІҢ бар айтқанын орындауға МІНДЕТТІ ЕМЕС!
Себебі, жыныстық қатынас ешкімді ештеңеге мәжбүрлемейді. Төсек ләззатынан екеу бірдей ләззат алады (ал бірінің ала алмауы ол бөлек әңгіме). Сондықтан «керегін алды» деп еркекті әлдебір нәрсеге «қарыз» етіп қоюға болмайды. Жалпы, тән қалауы екеуге ортақ, екеудің бірдей қажеті. Ол әйелдің «жұмысы» емес. Оған «ақы төленбейді». Егер еркекті ол үшін міндеттейтін болса, оны ол теріс түсінуі мүмкін.
Төсекте ФОТОҒА ТҮСУ &ndash жөнсіз!
Бұрынғы әйелі немесе күйеуін төсектегі әрекеттері түскен фото немесе видеомен бопсалау &ndash өмірде кездесіп жататын жайттар. Әлбетте, тым жеке мәселе. Дегенмен, екеудің қатынасы тек есте ғана сақталып, таспаланбағы дұрыс болады.
Махаббат пен төсек қатынасы БІР ЕМЕС!
Осы екеуін шатастырған жұптардың да арасында түсініспеушілік жиі болады. Төсекке жатпас бұрын сізге тән қалауын орындау керек пе әлде сүйіктіңіздің құшағында ұйықтауды қалайсыз ба, арасын ажыратып алыңыз. Сүйген жанмен өткен түннен оргазм ала алмауыңыз да мүмкін екенін естен шығармаңыз. Әрқашан бәрі керемет бол бермейді.
Қаламасаңыз, «ЖОҚ!» деуге үйреніңіз
Иә, сүйгеніңіздің әйелі болу &ndash еріңіз қалаған кездің бәрінде, яғни, өзіңіз қаламаған кезде де төсекке жатуыңыз керек деген сөз емес. Жағдайыңыз келіспей тұр ма, мазаңыз жоқ па, қаламайсыз ба, ашық айтыңыз. Жыныстық қатынастың да қаламаған кездегісі адамға кері әсері болатынын ұмытпағаныңыз жөн.
Тәніңізбен ТАНЫССЫЗ ба?
Жыныстық қатынастан бұрын алдымен өз тәніңізді танып-білгеніңіз жөн. Мүсініңіз, сымбатыңыз, омаруыңыздың өлшемі, т.б. бәрін де білуіңіз керек. Тіпті, өз тәніңізге өзгеден бұрын сүйсіне қарап үйренсеңіз, төсек қатынасында «тәтті» сәттердің көбәрек болатынына сеніңіз.
Түрлі дереккөзден жинақтаған: Ж.БАЙТҰРЫМ,