Жыныстық қатынасқа жиі түсу ӘЙЕЛ денсаулығына ҚАУІПТІ
Жыныстық қатынастың денсаулыққа пайдасы жайлы көп айтылады емес пе? Бірақ оның зияны бар ма деген сияқты «арам ой» келмей ме?
«Табиғаттың жаратылысы», «ағза үшін аса қажет», «тұрақты қатынас болу керек» деген сияқты көптеген пайдасы бар жыныстық қатынастың да зияны болады екен. Әсіресе, әйелдерге...
«Қай кезде?» деген сұрақ туады мұндайда. Тым жиі қатынасқа түскен кезде... Неге?
Жиі жыныстық қатынастың қандай қауіптілігі бар?
Бұл әйелдердің ағза ерекшеліктеріне байланысты. Әйелдердің жыныстық мүшесі жарақат алуға бейім келеді. Жыныстық қатынас тым жиілеп кеткен жағдайда бұлшықет пен қынап сіңірлері, шырышты қабығына зақым келіп, асқынып кетуі мүмкін.
Тағы бір қауіптілігі – соңы қабынуға алып баратын қынаптың алдыңғы қабырға терісінің жыртылуы. Сирек болса да мұндай жағдайлар кездеседі. Мұнда медицина маманының көмегінсіз жағдай қиын болады.
Жүрек ақауы бар әйелдер үшін де жыныстық қатынасқа жиі түсу және тым белсенді болу қауіпті. Өмірдің «бір қызығынан» мүлде бас тартуға да болмайды, дәрігермен кеңесіп, жүрек жаттығуын жасау керек. Ал сау адам үшін төсек қатынасының өзі – жүрекке жаттығу.
Әр әйелдің өзінің «дозасы» бар
Төсек қатынасына жиі түсу адамның қуатын да көп жұмсайтынын естен шығармау керек. Демек, қуаты артығымен жұмсалған әйелдің шаршаңқы болуы да заңды. Шаршап тұрған әйел ештеңені жарата бермейді, кейде абдырап-абыржып қалуы да мүмкін. Абыржыған әйелдің ісінен береке қашады... Жалғастыра берсек, бір-бірімен байланыса кететін жайсыздықтар көп.
Мұндай жағдайда көк шай мен минералды су, табиғи шырындар қуатты қалпына келтіруге көмектеседі-ақ. Бірақ артық кетпеген де жөн.
«Жыныстық қатынасқа жиі түсу» дегенді әр некелі жұп өзі анықтай алады. Яғни, әрбір жұптың өзіндік мөлшері бар. Сол сияқты, әп әйелдің де өзіндік «дозасы» бар. Бір әйелді аптасына бір рет алған оргазм қанағаттандырса, енді бірінше ол екі рет болуы мүмкін. Рас, одан да жиі қатынасқа түссе де шаршамайтын қуатты әйелдер де жетерлік. Дегенмен, серігінің де қуаты мен «берері» таусылып қалмауы керек емес пе?!
Жыныстық қатынас – жиі немесе сирек, жылдам немесе ұзақ болуы мүмкін. Бастысы, одан әйел де, еркек те қанағат тапса болғаны.
Ж.Байтұрым,