Жыныстық қатынасқа қатысты дін не дейді?

Жыныстық қатынасқа қатысты дін не дейді?

Бүгінгі күні «Алаш айнасы» интернет-газетінен отбасылық қарым-қатынасқа қажетті көп мәселені оқитын болдық. Мен де бүгін аса көп ашық айтыла бермейтін жыныстық қатынас тақырыбының назар аударарлық бір тұсы – етеккір кезіндегі қатынас туралы сөз еткім келеді.

Негізі, мен бұрын ерлі-зайыптылардың төсек қатынасындағы көп жайттар дінге қарама-қайшы шығар деп ойлайтынмын. Тіпті олардың тыр жалаңаш жатуы да оғаш болатын шығар деп ойладым. Кейін діни кітаптарды парақтап қарасам, дініміз төсек қатынасында көп мәселені қолдайды екен.
«Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады. Мұсылман әйел түзде әдепті, үйде қылықты болу керек. Еркектің көңілін жай таптырар орны – шаңырағы. Сол шаңырақтың шаттығы үшін әйел осындай іс-әрекеттерге барса, бұл мақтауға тұрарлық нәрсе және ол сауапсыз да қалмайды. Өйткені Аллаһ Тағаланың Өзі жәннаттың әйелдерін «күйеулеріне сүйікті (ерлерінің аңсарын аудырып, құштарлығын шақырып тұрушы)» деп сипаттаған. («Уақиға» сүресі, 36-37 аяттар)» делінген діни әдебиетте. Әйел күйеуінің көңілін аулау үшін әдепті әйелге жараспайтын жұқа, қысқа киімдер киіп, түрлі сөздер айтып қылықтар көрсетсе, оның бәрі оң саналады. Шариғат ерлі-зайыптыларға бір-бірінің денесінің кез-келген бөлігіне қарауға рұқсат береді. Сондай-ақ, еркек пен әйелдің төсекте киімсіз, жалаңаш болулары жыныстық қатынасты нәтижелі ететін алғы шарттардың бірі. Егер ерлі-зайыптылар түгел шешінбей жеңіл киімде болғанды жөн санаса, бұл олардың өз еріктеріндегі нәрсе.
Кезінде «Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің жыныс мүшелерін ұстап, сипалауларына бола ма?» деген сұрақты имам Әбу Ханифадан оның шәкірті Әбу Юсуф сұраған екен. Сонда Имам Ағзам: «Онда тұрған ештеңе жоқ. Бәлкім, олардың алар сауаптары арта түсер деп үміттенемін», - деп жауап берген («Муғнил-мухтаж», Хатиб әш-Шарини, 3-том, 144-бет).
Ғұламаларымыз тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне және алдыңғы өткен ізгі кісілердің хабарларына сүйене отырып жыныстық қатынастың көптеген әдептерін көрсеткен. Солардан үзінді келтірейік:
1. Төсек қатынасының алдында «бисмилләһ» деп, сүннетте келген дұғаны айту. Хадис имамдары түгелге дерлік Абдуллаһ ибн Аббастан (р.а.) мына хадисті риуаят еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Сіздердің біріңіз әйеліне жақындаспақ болса; «Бисмилләһ, Аллаһумма жәннибнәш-шайтан, уә жәннибиш-шайтана мә разақтана» деп айтсын. Егер осы (төсек қатынасының нәтижесінде) араларында бала пайда болса, ол балаға шайтан ешқашан зарар жеткізе алмайды».
2. Әйелді төсек қатынасына дайындау. Еркектің күтпеген жерден бірден әйеліне бас салуы оның төсек қатынасындағы әдепсіздігі болып табылады. Әйел еркек сияқты жыныстық қатынасқа жылдам дайын бола алмайды. Сондықтан да шақуат талабы оянған еркек жұбайын төсекке еппен тартуы керек.
3. Еркектің дөрекілік көрсетпеуі және асығыс әрекетке бармауы. Төсек қатынасы еркек пен әйелден үйлесімділік талап етеді. Қатынас екеуіне бірдей жағымды болғанда ғана ләззат, тоят көрініс табады. Сондықтан да еркек дөрекі қимылдап ісін тез бітіре салмай, асықпай баптап, қашан әйел бойынан кеткенше күткені жөн. Өйткені, әйел кісі еркекке қарағанда бойын кешірек береді. Толық тоят таба алмай қалған әйелдің бойында мазасыздық пайда болып, төсек қатынасына салқын қарап, одан жеруі мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Қайсыбіреулерің әйелімен төсек қатынасын жасаса, оған адал болсын. Егер ол қажетін (әйелінен) бұрын өтеп қойса, оны қажетін өтеп болғанша асықтырмасын.
4. Еркек пен әйелдің сырт көзден оңаша болуы. Бұл дегеніміз есік-терезелерді жабу, пердені түсіру, мысық сияқты үй жануарларын жатын бөлмеден шығару, мүмкіндігі болса, емізулі баланы да басқа бөлмеге уақытша ауыстыру.
5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы.
Ал енді «Дінде төсек қатынасын түрлі қалыпта (шалқалап, етпеттеп, жантайып, т.с.с.) жасауға рұқсат етіле ме?» деген сұраққа келсек, бұл мәселе сахабалардың кезінде де көтеріліпті. «Өйткені мединелік ансарлар әйелдерімен жантайған қалыпта ғана төсек қатынасына түсетін. Ал құрайыштықтар төсек қатынасынан түрлі қалыпта: алдыға қарап та, арт қарап та, шалқалап та ләззат алушы еді. Бірақ олар әйелдің артқы тесігінен істемейтін. Меккелік мұсылмандар Мединеге қоныс аударып келген соң олар жергілікті әйелдерге үйленді. Осы некелердің нәтижесінде кейбір мұсылман отбасында төсек қатынасындағы келіспеушілік пайда болды. Меккеліктер жыныстық қатынасты өздеріне үйреншікті қалыпта жүргізгісі келетін, ал Мединелік әйелдер бұған қарсы болды. Сол кезде Аллаһ Тағаладан:
«Әйелдерің сендердің егіс алқаптарың; ендеше алқаптарыңа қалаған тұстарыңнан келіңдер» (Бақара, 223) деген аят түсті» деген жауап беріледі діни әдебиетте бұған қатысты. Демек, мұсылман әйелімен қалаған қалпында жыныстық қатынасқа түсе алады, тек артқы тесіктен сақтанса болғаны. Жоғарыда біз атағандай, медицинада ғана емес, ислам дінінде де етеккір кезіндегі жыныстық қатынасқа қатаң тыйым салынып, ол күнә болып есептеледі. Етеккір жағдайындағы әйел намаз оқу, ораза тұту, мешітке бару сияқты бірқатар ғибадаттарын тоқтатады. Солардың қатарында оның күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуіне де рұқсат етілмейді. Өйткені ғұламалардың бірауызды пікірлері бойынша етеккір мерзімінде ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынас жасаулары харам және мұндай әрекет, екі тараптық келісіммен болған жағдайда екеуін де бірдей күнәға батырады. «Аллаһ Тағала айтады: «Сенен етеккір жайлы сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір уақытында әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар» де. Расында Аллаһ тәубе қылушыларды ұнатады әрі таза болушыларды ұнатады» (Бақара: 222) дейді дінде бұл туралы.
Ал етеккір кезінде төсек қатынасын жасап, күнәға барғандар не істеуі керек? Оған мынадай жауап бар: " Ғұламалардың барлығы мұндай кездерде әйелімен төсек қатынасына түскен ер кісінің ауыр күнәға бататыны жөнінде бірдей пікірге келген. Және бұл нәрсеге әйел өз ырқымен келіссе, күнәға ол да серік болады. Күнәнің бұл түрін жасаған мұсылманға шынайы тәубеге келу қажет. Бұған қосымша жағдайы көтерген сомада садақа шығарса, бұл оның күнәсінің жуылуына септігін тигізеді».
Орыс басылымдарында, әсіресе, түрлі-түсті журналдарда ешбір ұялмастан айтыла беретін «анальді секс» мәселесіне де біздің дін қалай қарайды? Ол туралы көптеген хадистерден оқуға болады. Мәселен, Ибн Мәжә мен Насаи, Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Аллаһ Қиямет күні әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркекке назар салмайды». Сондай-ақ, Аллаһ елшісі (с.а.с.) тағы бір сөзінде: «Әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркек лағнетке ұшыраған» дейді.

Бибіхан НҰРТАЕВА, Астана

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста