Зорланған əйел тағдыры

Зорланған əйел тағдыры

Бибінұр таңның атқанына біраз болса да төсегінен тұрмай жатыр. Тұрғанда не істейді, шай берейін дейтін шалы, жүгіріп жүрген немерелері жоқ, даңғарадай үйде жападан жалғыз. Қыздарын əлдеқашан тұрмысқа берген, күйеуінің қайтыс болғанына да біраз жыл өтті. Алла ұлдан кенде қылыпты, əйтпесе келін жұмсап, немере бағып отырар ма еді. Ұл тумады емес, бақандай бесеуін туды. Бірақ барлығын берген Алла өзіне қайтып алды. Төсекте жатып өткен өміріне көз жүгіртті. Өткеніне үңілсе, керемет бақытты болмапты. Өздері бір анадан бес қыз еді. Бибінұр сол қыздардың ішіндегі екіншісі. Үйінде бар қыздың ішіндегі еркесі, тек өз дегенімен жүретін бірбеткей қыз болып өсті. Анасы əкелерінен жастай жесір қалып, бес қызын өсіремін деп күні-түні еңбек етті. Басқа қыздарын оқыта алмаса да осы Бибінұрын техникумға оқуға түсірді. Бибінұр өміріндегі бар бақытсыздықты осы техникумда оқып жүрген кезімен байланыстырады.

Оқуды жатақханада жатып оқыды. Өзі ерке болып өссе де жеңілтек қыз емес еді. Қасындағы құрбылары жігіттермен кездесуге кеткенде Бибінұр кітапханадан шықпай сабақ оқитын. Оларға «Жігіт, жігіт демей сабақтарыңды оқымайсыңдар ма» — деп ұрсып жүретін.

Бір күні жанындағы құрбысы туған күнін жатақхана бөлмесінде атап өтпек болды. Ол үшін вахтёр апайларының да аузын майлап, келісімін алып алды. Сырттан бір-екі жігіттің келетінін де ескертіп, кіргізуге рұқсат сұрады. Бибінұр у-шуды жақтырмаса да амал жоқ туған күнді бірге тойлауына тура келді. Қалада бара қоятын туыстарының да үйі жоқ. Оның үстіне басқа бөлмеге кетіп қалса, құрбысын ренжітіп алатыны анық.

Туған күн мерекесі де басталып кетті. Құрбысы айтқанындай басқа техникумда оқитын екі жігіт қолдарында гүл шоқтарымен келді. Оның бірі туған күн иесі Айшаның жігіті, екіншісі соның жақын досы екен. Есімін Байғали деп таныстырды. Байғали кеш бойы Бибінұрдан көз алмады. Музыка ойнағанда да тек Бибінұрды биге шақырумен болды. Бибінұр билегісі келмесе де құрбысы үшін сыпайылық танытты. Осы кештен кейін Байғали жатақханаға келуін жиілетті, вахтёр əйелдің де тілін тауып алған, келсе қиындықсыз жатақханаға кіре береді. Бибінұр Байғалиды мүлде ұнатпайтын, көрсе болды кірпідей жиырылатын. Қанша киноға, театрға шақырса да бармады. Амалы таусылған Байғали араға құрбысы Айшаны да сала бастады.

— Бибінұр, осы сен Байғалиды неге ұнатпайсың?

— Айша, сен менің жігіттерге деген көзқарасымды білесің ғой.

— Əйтеуір бір күні ол қағидаңды өзгертуге тура келеді. Осылай өмір бойы жалғыз өтпейтін шығарсың.

— Айша, осы əңгімені доғарайықшы!

— Жарайды, дегенің болсын. Бірақ Байғалидай өзіңді шын сүйетін жігітті табу қиын, соны ұмытпа. Байқа, жігіттің обалына қалып жүрме.

— Айша!

— Не Айша, тым болмаса оны жақынырақ тануға тырыссаң қайтеді? Сен оның қандай жақсы жігіт екенін де білмейсің ғой.

— Сенімен сөз таластырғым келмейді. Жақсы болса жақсы шығар, бірақ менің талғамымдағы жігіт емес.

— Сонда да бір рет болсын кездесіп көрші

-Оған менің уақытым жоқ, кездескім келмейді. Болды осымен сөз бітті. Саған ренжігенімді қаламасаң, бұл туралы енді əңгіме қозғамауыңды сұраймын.

Бибінұр да айтқанынан қайтпады, Байғали да келуін қоймады. Бір күні Бибінұр жоқ кезде қыздар өзара ақылдасты. Бұл екеуін бір нəрсе жасап, оңаша кездестірмесек болмайды деп шешті. Ақыры Байғали екеуін оңаша кездестіру үшін, ол келгенде бөлме есігін сыртынан құлыптап кететін болды. Байғалиға хабарласып өздерінің жоспарын айтты. Бұл жоспарға Байғали қуанбаса қарсы болмады. Келіскендеріндей жоспар бойынша Байғали келе салысымен қыздар зып беріп сыртқа шығып, бөлмені сыртынан құлыптап тастады. Бибінұрдың «Ашыңдар, бұларың не?» — деген айғайына «Байғалимен кездесуге уəде бермейінше біз есікті ашпаймыз » — деп күліп жауап күтпей кетіп қалды. Бибінұрдың бақытсыз күндері дәл осы сəттен басталды десе болады. Батылдық үшін сəл ішіп алған Байғали Бибінұрдың қарсылығына қарамай «сен бəрібір мендік боласың» – деп, оған төтеп берді. Содан кейін барып есін жинап, қыздан жалынып кешірім сұрай бастады. Абыройынан айырылған Бибінұрдың көнбеске амалы қалмады. Бір жағынан осыған себепкер құрбыларына ашуланса, екінші жағынан анасын ойлап Байғалидың ұсынысын қабыл алды. Байғали Бибінұрдың құрбыларына болған жайды айтпауға және жақын арада үйленуге уəде берді. Құрбылары болса Бибінұрды Байғалиға көндіріп бергендеріне мəз болды. Ал Бибінұрдың қолынан оларды өзінің бақытсыздығы үшін іштей кінəлау ғана келді.

Байғали сөзінде тұрып араға ай салмай Бибінұрға үйленді. Бірақ қанша өзін қинаса да Бибінұр Байғалиды жақсы көріп кете алмады. Сол себепті сəл нəрсе үшін ұрсысуға дайын тұратын. Бұрынғы тəртіпті мінез мүлде өзгерген. Өзін зорлағанын өмір бойы кешірмей өтетін шығар. Байғали қанша əрекеттенсе де Бибінұрдың тас жүрегі жібімеді. Оны сүйгендіктен еркіне де жібере алмады. Дүниеге балаларының келуі де жағдайды өзгертпеді. Үш қыздан кейін бес ұлды дүниеге əкелді. Бірақ Алла бес ұлды да бұйыртпады. Барлығы ауырмай-сырқамай шетінеп кете берді. Осының бəрі жүйкесіне əсер еткен Бибінұр бұрынғысынан да жаман ашуланшақ болды. Кезінде жасаған Байғалидың кінəсін қит етсе бетіне басты, бақытсызлығына кінəлаумен болды. Өкініштісі көбіне қыздарының көзінше айғайлап ұрсатын. Сондықтан мəселенің түбі неде екенін түсінбеген қыздары «Əкемізге жөнсіз ұрса бересіз» -деп аналарын кінəлайтын. Барлығы да анасынан гөрі əкесіне жақын болып өсті. Үнемі ашулы болып жүретін аналарына жақындамауға тырысатын. Ал Бибінұр үшін сүймеген адаммен өмір сүру азап болды. Сонда да қыздары үшін шыдауына тура келді. Реті келсе күйеуін түйреп, шымшып сөйлеуді əдетке айналдырған.

Осы ісінің бəрі қазір басына таяқ болып тиіп жатқан сияқты. Байғалидың мастықпен өзін зорлағаны болмаса өмірінің соңына дейін сол кінəсі үшін өзін алақанында ұстап өткен екен. Қанша ұрсып, жаман сөздер айтып қарғанса да өзіне деген көңілі өзгеріссіз болыпты. Өмір бойы өзін де, оны да, балаларын да қинап өткен екен-ау. Қазір міне, жалғыз қалған. Өкінгенмен еш пайда жоқ. Қыздарының барлығын Байғалидың көзі тірісінде аяқтандырған. Бір қызы да аналарының өздерімен бірге тұрғанын қаламайды. Қыздары анасын əкесінің өліміне кінəлі деп санайды, оны жазықсыз ұрсып, жүрек талмасына дейін жеткіздіңіз деп отырады. Оларға əкелері туралы шындықты қалай айтсын. Əкелері қыздары үшін идеал, олардың сол сезімдеріне қаяу түсіргісі келмейді. Анда-санда қыздарының үйіне екі-үш күнге қыдырып барып тұрғаны болмаса, қараша үйде жалғыз қалды. Төркініне барып тұрар еді, бірақ ол жақта да ешкім құшағын ашып күтіп отырған жоқ. Əпке-сіңлілерінің өз отбасы бар. Осылай жалғыздықпен сұрықсыз өмірі өтіп жатыр. Кейде осылай жатып өліп қалсам, мəйітімді тез таба қояр ма екен деп те ойлап қояды. Кезінде бəріне кешіріммен қарағанда бақытты ғұмыр кешер ме еді, кім білген.

П. С. Ата- аналарымыз қандай болса да жалғыз қалдырмайықшы. Əке-шешең жынды болса байлап бақ деген. Олар не істесе де Сізге мына жарық дүниені сыйлағанын ұмытпаңыз. Тіптен қасында қараушысы болса да хабар алып тұруды естен шығармаңыз. Ертең бəрі кеш болғанда қабірін құшақтап өкініп қалмаңыздар.

Ақтолқын ҚҰЛБЕКОВА

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста