Жігіттің көз жасы жолымды байлады...

Жігіттің көз жасы жолымды байлады...

«Алаш айнасы» порталының отбасына арналған осы айдарындағы әр мақаланы қызыға оқимын. Өз басынан өткен, не болмаса өзгенің тағдырын әңгіме арқауына айналдырған әңгімелердің әрқайсы өзінше бір тарих. Мен де басымнан өткен махаббат хикаясын сыр қып шертсем деп едім...
Ауылдағы ең дәулетті отбасының тұңғышы едім. Әкем басымнан құс ұшырмай, айтқанымды екі еткізбей өсірді. Ақылыма көркім сай, әрі ауқатты отбасыдан болған соң ба ауылдағы жігіт біткен менің соңымда-тын. Бірі сезімін өлеңмен өріп, бірі досы арқылы сәлемдеме жіберіп, батылдаулары қарсы жолығып қалса ойын ашық айтып салуға асығатын. Тым өр едім. Жастық желігім де бар. Паңдығымның арқасында бір жігітті өзіме тең көрмедім. Ерекше есте қалған есті жігіттің бірі Ермахан менің соңымнан көп жүгірді. Өлердегі сөзін айтып, соңымнан қалмайтын. Бірақ тым қарапайым, көріксіз жігітті онша ұната қоймадым. Дұрысы менсінбедім. Оны ашық өзіне де айттым. Бірақ ол оған да тоқтамады. Мені сүйетінін, менсіз өмір сүре алмайтынын айтып жазған ғазалдары үйде том-том кітапқа жүк болардай еді. Кейбіреулерін алған сәтте-ақ оқымай-ақ жыртып тастайтынмын. Мен қаншама қарсылық білдірген сайын ол одан сайын өршелене түсетін. Онымен «мысық тышқан» ойнаған маған басында қызық көрінген. Оны келеке, мазақ етсем де ол бәрін көтерді...
Ешкімді менсінбей жүрген қайран басым ауылға қаладан көшіп келген Самат есімді жігітке құлай ғашық болдым. Орысша оқыған, өте сымбатты-тын. Бір адамға жауап қатпай, маңыма жолатпай жүрген басым Саматқа келгенде жүрегімнің жібі қалай босап кеткенін де байқамадым. Ол да ауылдағы мен деген сұлу қызды қалай байқамасын. Бірден көзі түсті. Бірінші кездесуден-ақ екеуміз жүре бастадық. Мұны көрген Ермахан тіптен есінен адасты. Маған жалынып жүрек сөзін төгілткен хаттары күн сайын ағылып жатты. Бірақ ақбоз атты ханзадамды жолықтырған мен оны енді қайдан көзге ілейін. Махаббаттың да киесі болатынын кейін ұқтым ғой, маңдайым тасқа тигенде ғана...
Саматқа деген ессіз сезімім мені орға жықты. Аспандағы жұлдыздарды тамашалап жүрген кештердің бірінде ол мені пәктігімнен айырды. Өзім де бір сол деп өзеуреп жүрген басым қолын қаға алмадым...
Бір-екі айдан кейін аяғым ауырлап қалғанын сездім. Бірақ менде қорқыныш болған жоқ. Қуанғаным болмаса. Өстіп алаңсыз жүрген күндердің бірінде ойламаған жерден Ермахан мені алып қашты. Үш-төрт жігіт келіп жабылып көлікке мінгізгенде қайсысына әлім келсін. Үйіне алып келген соң жеңгелері қаумалап тіптен есімді шығарды. Кетемін де, кетемінге басқан мен сол жерде қызды қыздымен Саматтан аяғым ауыр екенін де айтып салдым. Тосылып қалған жеңгелері «өзің шеш» деп Ермахан екеумізді оңаша қалдырды. Көкбеттігіме салып, долданып отырған мен бәрі шындық екенін айттым. Жүні жығылып, еңсесі түсіп кетті оның. Алғаш рет оған шын жаным ашыды. Бар қайратын жиып алған ол «Бәрін де кешірем, аяғың ауыр болса да аламын сені...» деді. Одан мұндайды күтпеген мен тосылып қалдым. Бірақ бәрібір жүрегім қаламаған адаммен бірге тұра алмаспын деп артымнан келген қуғыншылармен қайтып оралдым отаныма. Ермаханның мені мазақ қылғандай мына тірлігіне қатты ашуым келді. Ертесіне барып полиция бөліміне арыз тастадым. Бір ауылда отырған соң ұят болар деп әкем қойдырмақ болып еді, алған бетімнен қайтпадым. Сонымен Ермаханды да, қасында көмек қолын созған жігіттерді де апарып қамап тастады. Бір айдан кейін соты болып ол бірнеше жылды арқалап кете барды. Алдыма келіп кешу сұраған ата-анасын да аямадым. Ал бұдан кейін Самат маған үйленуден бас тартты. Тағдырдың тосын сыйын қарасаңызшы. Бұдан кейін көшеге шықпай бүк түсіп жатып алдым. Мен Ермаханды жылатсам, тағдырым мені жылатты ғой. Жылай жылай көзімде кұрғауға айналған. Басымның жеткені қалай да Саматтың етегінен ұстау. Оны шақыртып алып, жеңгемді араға салып, егер маған үйленбесе соттататынымды айтып жүріп күштеп күйеуге тидім. Қайынжұртым мені жұт келгендей қарсы алды. Бірақ оған мойымадым. Арада уақытым жетіп шекесі торсықтай ұл таптым. Баяғы өкпе басылғандай. Бірақ Саматтың маған көңілі суып кеткендей көрінді. Бұрынғы сезім жоқ, амалсыз жүргендей. Көнбеске амалым да жоқ-ты. Араға біраз жыл салып тағы да екі баланы дүниеге әкелдім. Бұл кезде Ермахан жазасын өтеп ауылға оралды. Бірақ оған деген титімдей де сезімім жоқ мен селт етпедім. Үйленгенін, қалаға көшіп кеткенін естідім. Тағдырымның маған деген тосын сыйы мұнымен де шектелмепті.
Мал қораның төбесіндегі қарды тазалаймын деп жүріп Саматтың үстіне ауыр қар құлап бел омыртқасы сынды. Айлап аурухана есігін күзеттім. Осының бәрі де менің кесірімнен шығар деп екі көзіме ерік беремін. Ақыры Самат ауруханадан мүгедектер арбасына таңылып шықты. Дәрігерлер бірден жүріп кетуіне кепілдік жоқ екенін кесіп айтты. Мүгедек күйеуім енді тіптен қазымыр боп кетті. Азаннан кешке дейін төсекке таңылып жататын ол менің миымды шағады. Боқтап, бұралақтап, қарғыстың неше атасын қарша боратқанда төбе құйқаң шымырлайды. Бәріне көндім, төздім. Басқа амалым да жоқ-тын. Балаларымды жетілдіру үшін істемеген жұмысым қалмады. Баяғы беттен әр тайған. Майда әжім торлаған жүзім қатарластарымнан әлдеқайда кәрі қып көрсететін. Бәрі де өзімнің кесірлігімнен болды деп мен өзімді әлдеқашан тұсаулап қойғам. Күйеуім қарғап жатса да отырған орнында балғамен де, балтамен де жіберіп ұрса да қыңқ етпеймін. Үнсіз егілуді үйренгем. Бір жолы егістіктегі шөпті сатпақ болып загонға бардым. Балаларым жас, әлі келмейді. Орылған шөпті шомалайлап жүргенмін. Қайным шөп сатып алатын адам өзі келіп саудаласады деген. Сәйгүліктей сұлу көлік келіп тоқтады. Ішінен шыққан зиялы жігіт ағасын көргенде қаққан қазықтай қаттым да қалдым. Бұл баяғы мені сүйген Ермахан еді. Тіл қатуға дәрмен жоқ. Мен өзімді жерлеп тұр едім... бұл сәтте... Көзімнен аққан жасты сүртуге де шамам жоқ-ты. Өлердегі сөзін айтып жүгірген жігіттің көз жасына қалғанымды сол сәтте ғана сезгендей болдым... Жолымды байлаған да Ермаханның көз жасы, қапаста өткізген тағдыры ма екен...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста