Жігіттер жаныңа үңілмейді, түріңе, тәніңе қарайды
Аты жөнімді құпиялап беріңіздерші.Ешкімге айтпаған сырымды сіздермен бөліскім келеді. Жақында бір жігітпен танысқан болатынмын. Вертуальді.Тұрмысқа шығу мақсатым болатын. Жасым 26-да.Тұрмыста болмағам, есік көрмегем.Біраз сөйлесіп жүрген соң, фото сұрады. Мен реалда көресіз ғой дедім. Кездесейік деп қоймады. Кездестік. Басымнан аяғыма дейін қарады.Кафеге барып отырдық. Онша сөйлемейді,ұнатпағанын білдім.
Көп отыру ыңғайсыз болып кетті де, қоштасып кетіп қалдым. Соңымнан келмек тұрмақ орнынан тұрып қоштаспады да.Жол бойы жылап келдім.
Қыздың мінезіне қараймын деп ер адамдар өздеріңді -өздерің алдамай -ақ қойыңдар. Түрге,фигураға міндетті түрде қарайсыздар ғой. Қатты көңілім қалды .Жылап отырмын.
Ендігі ешкіммен сөйлеспеймін. Кездесуден соң қоңырау шалған да, СМС жазған да жоқ. Ешкімге айта алмадым.Ішіме сыймай шер шығарғым келді.Сосын осында жазып отырмын, айып етпеңіздер.