Жігітімнің қырық сылтауынан жалықтым
Сәлеметсіздер ме, қыз-келіншектер! Сіздерден ақыл-кеңес сұрайын дегенмін. Басынан бастайын. Осыдан 1,5 жыл бұрын бір жігітпен танысқан едім. Жаз мезгілі болатын, түнгі 12 шамасында бөтен номерден ватсаппен қоңырау келді, мен көтермедім. Ертесіне күндіз телефоныма қоңырау шалды, танысуға болама деді бір жігіт. Мен номерді қайдан алдыңыз дегенге жақын достарымнан алдым деп жауап қатты. Мен таныстым, сол күні кешкке саябақта кездестік. Бірақ ол кешігіп келді. Жұмыстан кеш босадым деді.
Шынымды айтсам, бір көргеннен ұнамады, дөрекілеу көрінді, қызды сыйлау білмейді (кейін көзім жетті). Алғашқы кездесуге гүл әкеле ме деп ойлағанмын, бірақ дым да жоқ, құр өзі келіп тұр. Онын үстіне кешігіп келгені бар. Жарайды, сөйтіп саябақты айналып, үйге қайтатын болдым. Өзім қайтам деген едім, апарып тастаймын деп, уйге жеткізіп тастады. Ертесіне жұмысқа келсем, бірге істейтін ұжымдасым: «Кеше бір жігіт хабарласқан жоқ па», деп сұрады. Сөйтсем сол берген екен номерімді.
Жақсы жігіт деген соң араластым. Бірақ кездесулер аз болды, екі-үш айда бір кездесу. Достарымен таныстырды. Сөйтіп жүріп 1,5 жыл қалай өткенін байқамадым. Жақында үй-ішімен таныстым. Жақсы адамдар сияқты. Танысудан кейін уйге әкеліп тастады. Жолда болашақ жайлы әнгіме қозғады. Үйленіп отбасы болсақ дегендей айтты. Бірақ, тек алып қашам, үйдегілер солай деп жатыр деді. Кішігірім беташар жасап, тойды кейін жасаймыз, немесе жасамай-ақ қойсақ қалай болады дейді. Мен қарсы екенімді айттым, үйдің жалғыз қызымын, оның үстіне жасым келген қызбын.Тек қолдан аласың, құда түсіп дедім. Негізі 5 ай бұрын әкесі ауырып қайтыс болған еді, онда асықпай, жылын өткізгеннен кейін үйленейік дедім. Содан арамыз бұзылды, хабарсыз қалды. Өзі аз хабарласулар одан сайын азайып кетті. Содан мен хабарлама жазып жібердім, маған бұндай қарым-қатынастын қажеті жоқ,осы жерден тоқтатайық деп. Ол кешірші қолым тимей жүр, уақыт мүлде жоқ дегендей әртүрлі себептер жазып жиберіпті. Тіпті хабарласпады да. Осы кезге дейін көп ренжіткен, кездесеміз деп жоқ болып кететін, тіпті хабарлмама да жазып жібермейтін кездесе алмаймыз деп, тек ертесіне ғана қол тимей қалды деп хабарсаласатын. Мен ақымақ күтіп жүрем. Жарайды деп талай кешіргенмін. Бірақ шыдамның да шегі бар. Содан бүкіл номерін, интернеттегі парақшаларын, бәрін-бәрін "қара тізімге" қойдым. Әрине, мәселе сыйлық бермегенде емес, көңіл бөлмеуде. Тек құр смс-тер. Қол тимейді деп ақталады. Отбасы жақсы тұрады, кішігірім бизнестері бар. Міне, 1 айдан асты хабарсыз қалғанымызға. Маған ой қоссаңыздар. Ұзақ болсы алдын-ала кшірім сұраймын.
Аноним