Жігітімнің ондай қылығын күйеуге шыққан соң ғана білдім...

Жігітімнің ондай қылығын күйеуге шыққан соң ғана білдім...

Құрметті «Алаш айнасы» интернет порталы бүгін мен сіздердің сайттарыңыздағы «Отбасы ошақ қасы» айдары арқылы оқырманмен ой бөліссем деймін. Бұл айдар арқылы көптеген жандардың өмір тарихымен таныс болдым. Енді сіздердің оқырмандарыңызға өзімнің өмірім жайлы жан сырымды ақтарсам деп отырмын.

 

Мен Кеген жақтың қызымын. Орта мектепті бітіргеннен кейін ел тәрізді жоғары білім алғым келіп Алматыны бетке алдым. Обалы не керек, әке-шешем қолындағы барын ұстатып, тілеуімді тілеп қала берді. Қанша еңбектің, таңды-таңға ұрып дайындалғанымның арқасында қалаған оқуыма түстім. Сол күнгі қуанышымда шек болмады. «Болашақта білікті инженер-технолог боламын» деген арманыма бір сәт жақындаған сәтімді еске алсам әлі күнге дейін бойымды мақтаныш кернейді. Осылайша қалаған оқуыма түсіп, алаңсыз бар зейінімді білім алуға бұрдым. Қасымдағы қыздардың ойын-сауыққа араластырып, түрлі сауық кештерге тартқысы келгені мүлдем алаңдатпайтын. Екі жыл бойы жатақхана мен оқу корпусының арасына ғана жол салғанымды қайсыбір құрбыларым кекесінмен айтатын да болған. Тіпті олар тек қана үздік оқып келе жатқан маған кейде қызығып, кейде қызғанып қарайтындарын да жасырмайтын.

 

Сонымен не керек, үшінші курсқа аяқ басқан кезімде жоғары оқу орнының аурасына бейімделе бастадым ба, әйтеуір мен де ел қатарлы анда-мында шығып, көңіл көтеруді, кештерге баруды әдетке айналдыра бастадым. Сондай бір сәттерде құрбыларым мені кәсібін дөңгелетіп, қаржы табудың ой-шұқырын меңгерген кәсіпкер, ақшалы жігітпен таныстырды. Өзімнен жеті жас үлкендігіне қарамастан ол жігітпен біздің ойымыз бір жерден шығып, ол да менің салмақты ақыл тоқтатқан қыз екенімді аңғарып, маған отбасын құруға сөз сала бастады. Менің мұндайда бірден қоятын шартым «оқуымды тәмамдамай, отбасылы бола алмаймын» дегенге саятын. Тіпті кейбір сәтте ішімнен «оқуымды аяқтағанша сенен де жақсы азаматты кезіктірермін» деп те ойлап қоятынмын. Дегенмен оның маған көрсеткен сый-құрметінен бас тартпадым. Осылай жүргенімде оқуымды бітіретін мезет те таяды. Уағдаласқандай қасымда жүрген жігітім де «отбасын құралық» деп мазалап болмады. Тіптен қарсылық білдіруге де шамамды келтірмеді. Мен қайда барсам, ол да сонда. Қысқасы, ол менің соңымнан қалмай жүріп өзінің жары болуға көндірді. Тек мен оған отбасы болмай тұрып Неке шартын жасайтынымызды айттым. «Соншалықты алып-ұшып сүймесем де кәсіпкер, ақшалы жігіт. Несі бар, Неке шартына отырсам, ертең ажырасқанда байлығының бір бөлігі менікі болады» деген ой мені осындайға жетеледі. Не керек, Неке шарты жасалды, жігітім кәсіп иесі болғаннан кейін үйлену тойында көп адам болғанын қаламады. Үйленгенімізді тек ағайын-туыстың арасында қарапайым ғана атап өтуді ұйғардық. Сөйтіп, менің келіндік өмірім басталды дерсіз.

 

Нақ осы сәттен бастап мен өзімнің бармақ тістеуден басқа айла-шарғым жоқ екенін аңғардым. Әншейінде ақшалы адам болып көрінетін жігітім нағыз тақыр кедейдің өзі болып шықты. Үйлену тойында неге санаулы ғана адам болғанын, ақшасы бола тұра неге неке жүзігін сатып ала алмағынымызды, неліктен тойға қатысты көптеген шектеулер болғанын мен осы тұста ұғындым. Әке-шешеме «Ауқатты адам, жеке бизнесі бар. Сұрайтын дүниелеріңді кейін сұрайсыңдар. Әзірге мені ұятқа қалмай ұзатыңыздар» дегенімді ойласам әлі күнге дейін жер шұқимын.

 

Біздің тойдан кейін ауылда уақытша тұратынымызды естігенде тіптен таң қалғанмын. Ауылға барғанда оның отбасылық жағдайын көріп тіпті ұнжырғам түсті. Ата-енем мен ойлағандай кең сарайда тұрмайды екен. Олардың баспанасы тым жұпыны, өздері жетпейтін тірліктен әбден шаршаған жандар екені бірден көзге ұрады. Ең сорақысы, менің күйеуім бүкіл ауылға танымал кәнігі ұры болып шықты. Ол көрші ауылдардың қорасындағы «ең сенімді жерде байлаулы тұр» деген елдің малын ұрлап алып шығып, оны саудаға салып ақша табады екен. Міне, менің «бизнесімен» деп жүрген жігітім ел-жұртқа танымал және сонысын өзінше мақтан көретін «барымташы» болып шықты. Онысымен қоймай «мен өз ауылымның малына тиіспеймін, алсам өзге ауылдан аламын» дейтінін қайтерсің.

 

Бірде өзім куә болған мына бір оқиға тіптен есімнен тандырды. «Жас келін ғой қазақтың жөнімен үйден келіп дәм татсын» деп күйеуімнің көрші ауылдағы үлкен жеңгесі үйіне шақырған. Күйеуім ас үстінде сыртқа шығып кетті. Ұзақ бөгелген соң артынан іздеп шықсам, екі бөлесі бар, өзі бар сол ауылдың бір малын түн қараңғылығына қарамай сойып жатыр. Мына жайттан кейін ертесінде мен ажырасуға бел будым. АХАЖ бөліміне барып «ажырасу туралы арыз жазамын» десем, Неке шартындағы көрсетілген пункттер алдымнан кесе-көлденең шықты. Сол шарттың бір бөлігінде «ажырасуға бірінші болып арыз берген тарап, екінші тарапқа моралдық шығын төлейді және өзінде бар мұраның 40 пайызын зайыбына қалдыруы тиіс» делінген болатын. Енді күйеуім маған осыны кесе-көлденең тартып отыр. Неке шарты заңдастырылып, барлығы заң жүзінде жасалғаннан кейін сот өкілдері де «шарттың орындалуы тиіс» дейді. Осылайша «ақшалы жігітпен ажырассам, осы Неке шартының арқасында оның жарты байлығы қолымда қалады» деген өз ойым өзіме таяқ болып тиіп отыр. Неке шартын жасарда күйеуімнің барлығына келісім беріп, бас шұлғи бергенін «мені сүйгендігі» деп ұққан ақымақтығымды да осы жерде аңғардым. Ол мен иеленетін ештеңесі жоқ болғаннан кейін барлығына келіскен екен ғой.

 

Міне, осылайша, есеппен тигенім атағы жайылған ұры болып шықты. Кәнігі ұрының әйелі атану тіптен сүйекке таңба болды. Күйеуім қазір тым еркінсіп, маған жиі-жиі қол көтеретінді шығарды. Ол ұрлыққа кеткенде апталап, айлап кетеді. Табысын осы ұрлықтан тауып отырғаннан кейін әкесі де, шешесі де оған «қой» деп айта алмайды. Менің әке-шешем күйеуімнің мұнысын білген соң біз жаққа ат ізін салуды да қойды. Бауырларым да теріс айналды. Көршілеріме мұң шақсам, «бір алып үйренген адам қоймайды, мұны қойдырамын деп ойлама, біз мұны бала кезінен білеміз ғой» дейді. Құқық қорғау органдарының өзі ауылда бір мал жоғалса күйеуімнен келіп сұрап, «оны кім алды, соны сұрастыр» деп кетеді. Тіптен кезекті ұрлықтан келген күйеуімнің «қызыл жағалыларға сыяпатын жасадым» деп отырғанын да өз құлағыммен естідім.

 

Қазір мен не істерімді білмей жүрмін? Бұл қапастан қайтсем құтыламын? Аяғым ауырлағалы бері күйеуім тіптен еркінсіп кетті. Ал ата-анам «кіммен қарайсаң сонымен ағар» дейді. Айтыңыздаршы, біреудің адал асын тартып жеп, ұрлық-қарлықпен өмір сүріп жүрген адаммен қалайша бірге өмір сүре аламын? Ертең дүниеге әкелетін балама қандай тәрбие беремін? Не істеуім керек? Құрметті оқырман, ақыл қосыңыздаршы маған?!

 

 

Әсем Айтуғанова, Алматы облысы.

alashainasy.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста