Сəлеметсіздер ме?! Атым жасырын болсыншы... Сіздерден кеңес сұрайыншы дегенмін. Менің жігітім бар жəне де бірге тұрамыз. Ол мені қатты сүйеді. Жанынан бір елі жібермейді. Расын айтсам, менің оған деген сезімім мүлде жоқ. Көзіне талай шөп салдым. Бірақ маған дым ренжімейді. Кешіріммен қарайды. Менің көңілім денесі бар, бойы ұзын өзін ұстай алатын жігіттерде. Ал жігітім сүйкімді, əдемі бірақ бойы менімен қатар жəне менің айтқанымнан шықпайды (подкаблучник). Қазір өзімнен екі жас кіші жігітпен кездесіп жүрмін. Міне, сол жігітке шын ғашықпын. Нағыз жігітке тəн қасиеттерге ие. Қазір сол екі кеменің басын ұстап жүрмін. Мамама айтсам, жасы кішкентай деп жолатпай жатыр.
Өзіме келер болсам адамды тез тартам. Еркелігім мен қылығым жігіттерді тез тартады.
Жігітіме бəрін қояйық сені сүймеймін деп талай айттым. Сен кетсең, мен өлем дейді. Ол рас, өлу оның қолынан келеді. Бір жағынан кетсем өз өзіне қол жұмсай ма деп қорқам....
Ақыл беріңіздерші...
Жігітімнің көзіне талай рет шөп салдым
Последние статьи автора