Жігітімнің ата-анасы мені алуына қарсы болып отыр
Сəлеметсіздер ме, құрметті оқрыман. Әңгімені созбай бастайын, жігітім оңтүстіктікі, өзім орталықтан. Бір-бірімізді жақсы көреміз.
Екеуміз қосылып қойдық. Келесі жылы үйленеміз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ оның ата-анасы маған қарсы болыпты. Жігітім екі оттың ортасында қалғандай күйде. Оның ата- анасы "Ол біз жаққа үйренісе алмайды, ол жақтың менталитеті мен біз жақтыкы жер мен көктей. ертең түсініспеушілік болады, қыздың ата--анасын да танымаймыз депті. Енді олар балаларының менімен кездеспегенін қалап отыр. Ал жігітім екеуміз не істерімізді білмей отырмыз. Жігітім ата-анасымен тағы да жөндеп сөйлесем деп отыр. Болмаса, жүкті етіп алам деп отыр. Мен бір жағынан оның əке-шешесіне қарсы шыққанын қаламаймын. Жігітім мені бұзып қойғанына қиналып, жауапкершілікті сезініп отырғанына ризамын. Оны жақсы көремін. Бәрі жақсы болатынына сенемін. Маған кеңестеріңізді айтсаңыздар екен.